Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет22/63
Дата09.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#124254
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63

«Әуезов автор ретінде «Абай» романының екінші кітабінің бірінші тарауында Құнанбай бейнесін жан-жақты марапаттай суреттеуі оқырмандардың ренішін туғызады. Романның бірінші кітабында жағымсыз кейіпкер ретінде бейнеленген аса ірі феодал Құнанбайды Мекеге барар сапары алдында Әуезов оны Ұлжанның, Мәкіштің, тіпті Абайдың өзінің де ықыласын аударатындай қайырымды етіп көрсетпеуі тиіс еді»,– деп «төрелік» айтты.

Партияның оқшантайы әдебиеттегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді саяси сахнаға шығарып, олардан идеологиялық дұшпан, яғни, тап жауын жасағысы келді. БК(б)П Орталық комитетінің осы жылдары Украина мен Қазақстанның идеология саласына қатты шұқшия қарағаны байқалады. Оның басты себебі «Қазақстан тарихы» мен Кенесары Қасымовтың қозғалысына қатысты СССР Ғылым Академиясының деңгейінде туындап жатқан пікір таласы болатын. Әрине, партия мен оның оқшантайы араласқан жер әшкерелеусіз қалмайтыны анық. Сол жағдайды білуге келген идеологиялық барлаушы, Қазақстанды шулатып, Бекмахановтан бастап Мұхамедхановқа дейінгілерді соттатып, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, А.Жұбановтарды қуғынға ұшырату науқанының алғашқы сатысын ұйымдастырған Н.Н.Поспеловтің бұл сөзін кейін БК(б)П Орталық комитетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісінің орынбасары П.Поликарпов:



«Егерде бәрі де «Абай» романында суреттелгендей болса, онда қазақтар коммунизмнен баяғыда өтіп кетіпті, оларға кеңес өкіметін орнатып керегі жоқ көрінеді»,– деп өзінше жаңғыртты.

Сөзінің соңын драматургиялық шығармаларға бағыттап, С.Мұқановтың: «М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің пьесалары қазақ театрының репертуарлық алтын қорына қосылды»,– деген пікірін мысқылдай сынай келіп:



«Менің ойымша жағайымсып (угодническими комплиментами) айтылған мақтауларға Әуезов жолдас та, Мүсірепов жолдас та тоғайымсымауы керек, кеңес тақырыбына жазылған «алтын қорды» толықтыру барлық жазушылардың да, оның ішінде Әуезовтің де, Мүсіреповтің де міндеті»,– деп «әлеуметтік тапсырма» берді.

Екінші боп сөз алған Ә.Тәжібаев өзінің қателігін:



«Менің қателіктерімнің себебі туралы қысқаша тоқтала кетейін. Ақын-драматург ретінде өзімше бір жаңалық табамын деп кітаптардың арасында адасып кетіппін. Классиктер мен атақты жазушылардың шығармаларын оқыдым... Солардың әсеріне шыға алмаппын»,– деп мойындай келіп, бишігін бірден Ғ.Мұстафинге үйіріп, «Шығынақты» авторымен қоса шықпыртыпты.

Ә.Тәжібаев: «Мұстафин жолдас сөзінің басында өзінің кінәсін екі сөзбен мойындағандай болды да, соңынан оның бәрін журналдар мен алқа мүшесіне үслестіріп беріп, өзі қазақ тілінде өте үрейлі пікірлер айтты. Ол: Тәжібаев әлдебір жиналыста: «Мұстафинді халық жауы»,– деп Зощенкомен теңестіріпті», – деді де маған ызақорлана тиісті. Оның ойынша, менің кінәм – қатерлі мерезбен тең екен де, өзінің кінәсі – жай ғана шаншу екен. Ол: тарихи тақырыпқа арналған символикалық туынды жазғанша, қазіргі тақырыпқа арнап жаман шығарма жазған әлдеқайда жақсы – деген «қисынсымақ» ойлап тауыпты. Мәселе, осы туралы ма еді, Мұстафин жолдас? Ол: қазіргі тақырыпты жазып келе жатқан мені емес, Тәжібаевті Зощенкомен теңестіріңдер – деп үнемі қиғылық салады. Мен оны ешқашанда Зощенкоға теңеген емеспін, қазір де теңестірмеймін. Оның скетчі туралы төралқада талданғанда орыс жолдастар оның мазмұнын сұрады. Мен оларға: Зощкенконың «Маймылдың саяхаты» сияқты,– деп түсіндірдім.



Өзіңіз айтыңызшы, Мұстафин жолдас, сіздің кеңес адамдарына жала жауып, мазақ еткеніңіз өтірік пе? Қане, сіз өзіңіздің соңғы романыңызда орыстарды, партия қызметкерлерін, колхоз құрылысын қасақана мазақ етпегеніңізді дәлелдеңізші. Осыдан бес жыл бұрын кеңес адамдарын қорлаған «Қара мылтық» деген комедия жаздыңыз, оны қабылдамай тастады. Сол жылы сол күлдібадамыңызды (чепуху) «Ағаш мылтық» деген атпен қайта өткізіп, қаламақысын алдыңыз.

Ал Мұстафин жолдас болса өзін қазіргі тақырыпқа жазамын деп әспеттейді. Жолдас Мұстафин, Зощкенко кеңес тақырыбына 25 жылдан бері жазып келеді. «Сатира» дегенді желеу етіп 25 жыл бойы кеңес адамдарын қорлап келеді. Әңгіме сол туралы болып отыр ма, Мұстафин жолдас? Осы сарында енді қанша жыл жазбақсыз? Егер сіздің азаматтық арыңыз болса, егер сіз ЦК мен жұртшылықтың сынының мәнін түсінсеңіз. Онда неге жасырынбақ ойнап, екіжүзділік көрсетіп, осындай жауапты жиналыста зиянды бағыт ұстанасыз? Бұл кімге керек? Мұндай саяси қуыршақпен кімді алдағыңыз келеді? Сіз сиқыршы емес, жазушысыз. «Қаламмен жазғанды қолмен өшіре алмайсың» – деген сөз бар. Бұл шындық, ал шындықты ұғыну керек!», – деп барып демін алыпты.

Стенограмманың соңында: «О Сабите. Бракодел. Ошибок забракованных произведений. Почему молчит о себе. О Мустафине»,– деген ескертпелер жазылыпты. Біз С.Мұқановпен оның өзге бір «пікіралысын» кейіндеу пайдаланатын болғандықтан да, бұл арада қалыс қалдырамыз.

Бұдан кейін сөз алған Ғ.Мүсірепов те Ғабиден құрдасын тұқырта тықсырып, бұрын байқалмаған мінез танытып, саяси айып таға сөйлеп, «әдебиеттегі тамыр-таныстықты» әшкерелей келіп:

«Тамырластығы тереңге кеткен «тамырлардың» қылығы езу тартқызарлықтай көрініске көшті. Мысалы, Әуезов жолдас мәжілісте Мұстафиннің «Шығанақ» романын асыра сілтей мақтады. Мұны Мұстафин өзінше түсініп, оның сыбағасын еселей қайтару үшін тағы да редколлегия мүшелеріне айтпастан аса ірі аға сұлтан Құнанбайды мадақтаған «Абай» романының екінші кітабін жариялап жіберді»,– деп салды.

Сонда «тамыр» болмауы үшін екі қабырғалы қаламгердің арасы араз болуы керек пе еді, әлде, «Абай» романын жарияламауға тиісті ме еді? Егер М.Әуезовтің шығармасын баспаса, онда қандай туынды журналдың бетін толтыруға тиісті еді? Содан үш жыл бұрын айтқан, бүгінге дейін маңызын жоймаған Құнанбай бейнесі туралы парасатты пікірінен бас тартқаны ма? Бұл арадағы мәселе, тарышы Шығанақ пен аға сұлтан Құнанбайда емес, екі туындының да «Қазақ батырымен» кеуделесе сталиндік сыйлыққа ұсынылуында жатқан жоқ па екен? Сондай-ақ, тура сол кезде Ғ.Мүсіреповтің партиялығын қайтару туралы мәселе көтеріліп жатқан. Ал ол дегеніңіз «бақ құсының» басына қайта қонуы болатын. Ол үшін партияның діттеген жерінен шығатын бір тақыстық жасау керектігі түсінікті еді. Сол мақсатпен «Абай» романының алдағы уақыттағы барар жолын кесетін кесірлі пікір білдірген сияқты.

Бұл пікір «Абай» романын, сол арқылы М.Әуезовті шырғалаңға түсірді. Осыдан бастап роман туралы пікірлер ушыға асқынып, оның беті теріс қаратылды. Бұл айтыс сегіз жылғы сергелдеңге ұласты. Әуелгі көркем жүйе мүлдем қарама-қарсы желіге арқау құрды. Н.Н.Поспеловтің төрелігінен кейін Құнанбай Мекеге алғыспен емес, Дәркембайдың қарғысымен аттанды. Орыс тіліндегі тәржімәсына кейінге дейін қосылмай келген Дәркембай – Дәрмен – Қиясбай желісі кеп бір бүйірден қосылды. Ал 26-қыркүйектегі жазушылар мен өнер қайраткерлерінің кеңесінде С.Мұқановқа Е.Исмаиыловты қосақтап, біріншісін «Казправдадағы» қазақ эпосының кейіпкерлері мен Едіге туралы мақаласы үшін, екіншісіне «зар заман» ақындарын дәріптегені үшін запыран шектірді. Сәрсенов бұл жолы С.Мұқанов пен М.Әуезовтің арасындағындағы жікке ашық тоқталды. М.Әуезов өзінің сөзінде саясаттың ауанына ықтаңқырай қырындап:

М.Әуезов (жалғасы): «Кеңес әдебиетінің рухына зиянды, жаулық көзқарастағы Зощенко мен Ахматованың туындыларын әдебиеттен аластата отырып, сонымен қоса БК(б)П ОК-нің қаулысына орай бүгінгі күнгі әдеби өмірімізді сыни көзқараспен сүзіп шығып, оның әр сөресін саралауымыз керек. Осы шешімге байланысты өзімізге де және барлық қаламдас әріптестерімізге де әділ әрі қатаң талап қойып, қатал сыннан өтуге тиіспіз. Бұл орайда біздің жазушылар ұйымына Мәскеу мен Ленинградта және туысқан республикаларда өткен қаламгерлердің жиналысы мен кешегі мәжілісте сөйлеген жолдас Н.Н.Поспеловтің баяндамасындағы сыны мен обьективті талдауы үлгі бола алады. Тіпті өзгесін былай қойғанда, өзіміздің Жазушылар одағында өткен президиумның кеңейтілген отырысында сөйлеген өз әріптестеріміздің бір-бірінен байқаған қателіктерін сақтандыра (тревожно) көрсетіп, әділ әрі қатаң талап қоя сөйлегенін де үлгі етуге болады. Бет-жүзіне, өзара жеке достығымызға, біздің арамыздағы болар болмас өзімшілдігімізге қарамастан бір-бірімізге ащы шындықты айттық, алайда баяндамада талқылауға қатысып отырған менің, Мұқановтың немесе Мүсіреповтің қатыспауына болмайтындай мәселелер көтеріліп отыр ма?»,– деген риторикалық сауалды қоя сөйледі.

Өзінің шығармашылығына, оның ішінде «Абай» романына он жыл бойы «басты айып болып» табылған Н.Н.Поспеловтің қай пікірін үлгі тұтуға болар еді және үш бірдей көрнекті жазушы қатыспаса да болатын бұл қандай идеолоиялық жиналыс? Әлде сөз арасында кеткен пафос па, жоқ, стенографистканың жаңсақтығы ма? Көркем шығармадағы идеясыздықты әшкерелеген қаулыға орай ашылып отырған бұл мәжілістегі сөзінде М.Әуезов басты мәселені саясат пен идеологияға емес, көркемдік ізденіске салмақ бере сөйлегені аңғарылады. Өйткені осы бір идеология дегеннің астарында арандатушы, әшкерелеуші әрекеттің жатқанын зәрезеп болған жүрегі сезетін. Сондықтан да «өзара жеке достығына, өз араларындағы болар болмас өзімшілдікке қарамастан бір-біріне айтылған ащы шындықтың үлгісі ретінде Әбділда Тәжібаевты қырына алды. Оның «идеологиялық қателігін» саясаттан емес, көркемдік ізденісті бойын сіңіре алмаудан іздеді.

М.Әуезов (жалғасы): «... Сонымен қатар драматургия, көркем проза саласына алсақ, қазақ әдебиетінің қуаң, ғасырлары бізге ешқандай соқпақ, ешқандай көркемдік дәстүр қалыптастырмағанын да ұмытпауымыз керек. Сондықтан да өзгеден үйрену – біздің басты міндеміз болып табылады. Кімнен үйренеміз, қалай үйренеміз, нені үйренеміз? Үйренудің де түр-түрі бар. Көркемдікті сіңіру арқылы үйрену – жетістік, еліктеуге ұрыну – ұрыншақтық, бірақ оған да төзуге болады, ең қиыны – кеңес жазушысына тән идеялық-саяси бағытыңа зиян келтіріп, өзіңнің жасампаздық нәріңнен айырылып, өзіңнің жолыңнан адасып, өз қолтаңбаңды жоғалту.



Бұған, қалай үйренбеу керек екеніне мысал ретінде БК(б)П ОК-нің қаулысында сыналған жолдас Тәжібаевтің «Біз қазақпыз» пьесасын алуға болады. Өзінің сөзінде Тәжібаев жолдас өзінің қателігін мойындағанын айта кеткен жөн. Менің ойымша ол өзінің адасу жолындағы қателіктерінің тамырын, бастауын толық түсінген сияқты. Оның өзіне өзі сын көзбен қарауы – Мұстафин жолдастың өзін өзі мінегенсіген көлгір сынына мүлдем ұқсамайды. Бұл шешен, яғни, соңы аталған адам (Мұстафин – Т.Ж.) Н.Н.Поспелов жолдастың баяндамасында атап өтілген жайларды сезініп отырған жоқ, өйткені оның шығармашылығында арамызалық (пошлость) пен әдеби бұзықтық (литературное хулиганство) бар... Жолдас Мұстафиннің сөзімен салыстырғанда жолдас Тәжібаев шынайы суреткер ретінде өзінің қателігін мойындай сөйледі, біздің міндетіміз – оған көмектесу».

Бұдан кейін Ибсенге Әбділдәнің қалай еліктегені талданады. Ал Ғ.Мұстафиннге неге соншама шүйілгені анықталмады. Зады ол – «Шығанақтағы» ашаршылық туралы көрініс болса керек. Әрі «Абай» романының екінші кітабына берілген немкетті «бірдеме» де (С.Мұқанов) өз ықпалын жасаса керек. Стенограммада ауыз екі сөзге тән қайталаулар орын алғандықтан да келесі мәтіндерді қысқаша мазмұндап береміз.

М.Әуезов (жалғасы): «Оның қателігінің тамыры неде? Осыған дейін ол Шевченко мен Гейнеге еліктеген, ондағы қателіктері байқалмаған еді, енді Ибсенге ауысыпты. Ол Ибсеннің ерекшелігі мен табиғатын түсінбестен еліктеген. «Біз қазақпыз» дастаны сондай соқыр еліктеуден туған. Бұл пьесаның басталуы мен соңын алсаңыз Тәжібаев Ибсенмен бәсекеге түскені байқалады. Ибсен сияқты бастап, Ибсен сияқты аяқтайды. Екеуі де белгісіз адамдармен жауласады, мысалы, Ибсеннің кейіпкері бет-бейнесі белгісіз кісілермен өшіксе, Тәжібаевтің кейіпкері күнді құшақтайды.

С.И.Кругловтың қыстырмасы: Тәжібаевтің дастанын «Біз қазақпыз» деп емес, «Мен және Ибсен» деп атау керек.

М.Әуезов (жалғасы): «Пьеса жарым-жартылай мистикамен аяқталады. Дүние тарихын нақты түсінбегендіктен де екеуі де жалған үндеуге құрылған. Ибсен өзінің ортасын шарықтата биікке шақырумен болды, сонда қайда шақырып отыр? Оны Ибсеннің өзі де білмейтін. Энгельс пен Плеханов Ибсенді мещан жазушы деп атап, оның дүлейлік рухын біздің заманымызда жеккөрінішке айналып отырған қияпатты қияли, жалған рух деп сынаған. Әсіре еркіндік ағымы қылаң берген тұста Ибсен пайғамбарға айналып шыға келеді, оның беймәлім күйзелісі – түңіліс жайлаған, тәуелсіздігін жоғалтқан, өткен күннің қайтып оралуынан күдерін үзген, ертеңгі жарқын болашағы күңгірт әр елдегі әр түрлі топқа оңтайлы болып шыға келеді. Ол (Тәжібаев) кімге сөзін арнап отыр? «Біз – қазақпыз» пьесасында не айтқысы келді, бұл пьеса да қандай толымды да жарқын тебіреніс бар? Оның бұл пьесадағы басты идеялық-саяси қателігі – біздің дүниетанымыздан баяғыда сызылып қалған, жат болып кеткен сиволикалық бейнелеуге ден қойып, социалистік реализмнің әдісінен алшақтап кеткендігінде. Бұл қателікті оның өзі ғана емес, кезінде оқып, бұл қателіктің өрескелдігін сезінбей, жақсы баға берген осында отырған біздің де қателігіміз. Мұндай жағымсыз мысалдар үйренуді мүлдем жоққа шығармайды, керісінше, біздің ұйымымыздың алдына үйрене білуді үйрету міндетін жүктейді.

Үйренудің қандай қажеттіліктен туатындығына, әдеби мәдениеттің қарапайым да күрделі талаптарын меңгермей салмақты көркем шығарма тумайтынына тағы бір мысал – С.Мұқанов жолдастың «Біздің заманның қаһармандары» («Өмір мектебінің» алғашқы атауы – Т.Ж.) романы. Біз бұл туындының жарияланған үзінділеріне пікір білдіруге құқылымыз, ол тұтастай шығарманы жоққа шығару емес, әрине. Мен ісспардан келгеннен кейін С.Мұқанов жолдаспен әңгімелескеннен кейін ғана жарияланғанын білдім, ал редакциялық алқа мүшесі ретінде романмен одан бұрын танысып шығуым керек болса да, маған ешқандай хабар бермеді. Әрине, С.Мұқанов жолдастың мақсаты дұрыс, алайда Орталық комитет пен Төралқадағы талқыда айтылған пікірлер басқаша ойға қалдырады. Уақыттың аздығынан бұрынғы пікірлерімді қайталап жатпаймын. Тоқ етері мынау: шығарманы сыни көзбен талдай алатын әрбір адам бұл романның композициялық құрылымының солбыр, шығармашылық тәсілдері қарабайыр, романның идеялық-көркемдік илеуі шала қарпылған роман екенін бірден аңғарады. Көркемдігі нашар (антихудожественная), тарихиққа жанаспайтын (антиисторическая), романда баяндалған кейбір бейсаяси оқиғалар мен көріністер ерікті, еріксіз өрескел саяси қателерге алып келген, сондықтан да бұл кітаптың аталған бөлімдері жариялауға татымайды (не заслуживает). Редколлегия мүшелері алдын-ала оқымаған, олармен кеңеспеген шығарманы жариялау арқылы Мұстафин жолдас үлкен қателік жіберген, сөйтіп, ол Мұқановқа «мысық тілеу» (медвежью услугу) көрсеткен (қол шапалақтау)».

Иә, анау-мынаудың емес, Сәбит Мұқановтың сәтсіздігі үшін қуанғандардың да тілеуі – мысық тілеу демеске амал бар ма. Әрине, бұған С.Мұқановтың да жауабы дайын болатын. Өзінің айтуынан қарағанда, ол бұл мәжіліске орай жасауға тиісті баяндамасына екі рет өзгеріс енгізіпті. Алайда ондағы пікірлердің барлығын алғашқы сөйлеушілер қозғап кеткендіктен де ауыз екі еркін баяндамаға көшіп, бірден Тәжібаевтің «мүйізінен» ұстап, қамшының үшін Әуезовке тигізеді. Қалған өмірлеріне ұласқан ырғасудың басы, қайта табысудың тізгінін үзген бәсекенің ұйытқысы болғандықтан да, С.Мұқановтың сөзін барынша дәл мағынада мазмұндап береміз.

С.Мұқанов: «Мен өзімнің сөзімді екі рет қайтадан жаздым. Алғашында Жазушылар Одағының төрағасы ретінде барлығын қамтып едім, ондағы мәселелер Н.Н.Поспелов жолдастың баяндамасында айтылып кетті. Мәжілістің алдында ғана аяқталған баяндамада (Поспеловтің – Т.Ж.) не айтылатынын мен білгемін жоқ. Екінші сөзімдегі мәселелерді бүгінгі сөйлеушілер айтып кетті.

С.И.Круглов (қыстырма): Онда сіз сөйлемей-ақ, баяндамаңызды стенограмма күйінде өткізерсіз (күлкі).

С.Мұқанов: Қосып айтарым бар. Бүгін мүлдем аз айтылған, не мүлдем айтылмаған пікірлерім бар.

С.И.Круглов (қыстырма): Тек қылжақсыз айтыңыз. Сіз жазушылардың төрағасысыз. Сөзіңізді комедияға айналдырмаңыз, әйтпесе, трагокомедия болып кетуі де мүмкін.

С.Мұқанов:: Мен сын және өзара сынға, жазушыларға бөгет жасап келген, әдебиетіміздегі кездейсоқ емес, тамыры тереңде жатқан қателерге тоқталмақпын. Кездейсоқ емес кездейсоқ қателер мен кемшіліктерді неге аз сынайтынымызды да айтпақпын. Соның ішінде тура Тәжібаев жолдастың да кемшілігін көрсетпекшімін. Қазақта: «Өзі мисыз қатын сау басқа сақина тілейді» (Паршивоголовая баба здоровоголовому бабу называет паршивоголовой) деген мәтел бар. Алайда Тәжібаев мен туралы соншама жағымсыз пікір білдіргендіктен де, есе қайтару үшін емес, Тәжібевтің принципті қателерден тұратын көзқарастар жүйесін ашу үшін сөйлемекпін.

Тәжібаев жолдас өзін бұл арада аңқау бала сияқты тектен текке мәймөңкелеп көрсетеді. Оның 1944 жылға дейін Еуропа символистерінің ықпалында болып, Ибсеннің әсерінен шыға алмадым дегеніне кім сенеді? Сен Ленинді оқыдың емес пе, жолдас коммунист Тәжібаев, сонда сен Лениннің комсомолдардың жиналысында айтқан: әр коммунист өткеннің мұраларын маркстік көзқарастан өткізіп барып игеру керек – деген сөзі есіңнен шығып кеттіме? 37 жастағы адамға осы да түсініксіз бе? Сенің жиырма жылдық әдеби тәжірибең бар, сен кеңес мектебінде тәрбиелендің емес пе?

Ал, Сіз, қымбатты Әуезов жолдас, оны қашанғы қолдай бермекшісіз? Сіздің Тәжібаевті қолдауыңыздың теріс ықпалына алда тоқталамын. Сен ғой, Тәжібаев жолдас, Мұқанов шалдығып қалды дейсің, егер Мұқановты керең, ақсақ дегің келсе, онда дәлелде. Мәселе онда емес. Мен жазғандарымның барлығын мына жұрттың көзінше жайып салып, есептесіп көрейікші.

С.И.Круглов (қыстырма): сіз одақтың төрағасы ретінде байыппен сөйлеңіз.

Ә.Тәжібаев: Мен сіздің еңбегіңізді жоққа шығарғамын жоқ, қателігіңіз туралы айттым.

С.Мұқанов: Сенің қандай шығармаң бар өзі, соның қайсысы кеңестік өмірді бейнелейді? Қайдағы-жайдағыны жазасың (абсолютную ерунду пищешь), жиырма жыл бойы түкке тұрмайтын күлдібадам бірдемені жазып келесің, сөйтіп жүріп өңешіңді созасың. Сен оған қоса: мені қоғамның алдында қара бет қып көрсеткің келетін шығар.

Ә.Тәжібаев: Мен олай деп айта алмаймын, бірақ мен сізден нашар жазбаймын, кеңес әдебиетіне үлес қосып келемін, сізден дөрекі кетпеуді (не хулиганить) өтінемін. Мұқанов жолдасты тәртіпке шақыруды сұраймын.

С.С.Жүсіпбеков (қалалық партия комитетінің хатшысы): Сіз қатардағы жазушы емес, Жазушылар Одағының төрағасы ретінде Одақтың кемшілігіне тоқталыңыз, жас жазушыларды қалай тәрбиелеп жатырсыздар?

С.И.С.И.Круглов (қыстырма): Жиналғандарды сыйлау керек, тәртіпсіздік жасамаңыз, айқайдан, қолыңды сермеуден ештеңе шықпайды. «Юпитер сен ашуландың ғой, ендеше сенікі дұрыс емес» – деген мәтел бар емес пе? Сынды байыпты қабылдап, сенімді дәлелмен сын айтыңыз, шатақ шығармаңыз.

С.Мұқанов: Дұрыс. Мойындаймын. Ал Тәжібаев жолдас! Мәселе кімді кім жазалайтында емес, істің пайда беруінде. Сіз өмірден алшақ кеттіңіз. Сіз кеңес тақырыбына адам қызығып оқырлықтай шығарма жазған жоқсыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын, 1937 жылы Жазушылар Одағының пленумында мен сіздің интимдік лирикамен әуестеніп кеткеніңізді, мұндай индивидуализмның жақсылыққа әкелмейтінін айтқамын, бірақ сіз құлақ аспадыңыз. Осыдан бір жыл бұрын біз сіздің «Біз – қазақпыз» атты пьесаңызды сынағанда да бізді емес, сіздің пьесаңыздан ешқандай жағымсыздық таппаған өзіңіздің сыбайласыңыз Әуезовті тыңдадыңыз. Ол 1945 жылы өзінің «Литературная газетаға» берген сұхбатында: Тәжібаевтің бұл дастаны қазақ драматургиясының үлгісі – деп бағалады. Тек Тәжібаевтің бұл пьесасы БК(б)П ОК-нің сынына ұшыраған соң ғана Әуезов жолдас өзінің қатесін мойындады. Міне, Әуезов жолдас Тәжібаевқа қандай қызмет көрсеткен! Оның есесіне Тәжібаев жолдас та сыйға сый көрсеттті. Осыдан үш жыл бұрын біз «Абай» романының бірінші бөлімін талқыладық. Біз романның жетістіктерімен қоса жағымсыз жақтарын да көрсеттік, сонда Тәжібаев және басқа жолдастар романды ауыздарынан сілекейі шашырап тұрып мақтап, әлемдік әдебиеттің үлгісі десті.



«Новый мир» журналының №6 санында Климович жолдастың мақаласы шықты. Ондағы айтылған ескертулердің көпшілігін қостаймын. Ол ескертуге сенетін болсақ, сіздің романыңыз, жолдас Әуезов, қазақ әдебиетінің тарихы сияқты әсер қалдырады екен. Климович жолдас сіздің романыңызда ең алдымен ХІХ ғасырдағы қазақ ауылындағы тап күресі қамтылмапты. Екіншіден, феодализмді, феодалдық-патриархалдық құрылымды әспеттеу бар екені атап көрсетіліпті. Үшіншіден, орыстар тек жағымсыз тип ретінде суреттелген, орыстардың жағымды бейнелері жоқ. Төртіншіден, романда орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне ықпалы көрсетілмеген. Бесіншіден, Абай бейнесі сентиментальді әрі аяқталмаған бейне делінген, алтыншы, Құнанбай басты кейіпкердің деңгейіне шығарылған – деп көрсетілген.

Осы айтылған жайлардың көпшілігі дұрыс. Климовичтің мақаласында көрсетілгеніндей, Әуезов жолдас өзінің романында тап күресін көзге ілмеуі, тек феодалдық құбылыстарды суреттеуі, орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне ықпалын да ескермеуі романның екінші бөліміндегі қарама-қарсы екі күштің қақтығысының нәтижесінде Құнанбай нағыз әулиеге айналған. Ал, Мүсірепов жолдас, Құнанбай бейнесі «құлдырауға бет алған бейне» дейді. Бұл дұрыс емес, бұл «құлдырауға бет алған» бейне емес, бұл – феодализмді дәріптеу, бұл – феодаль адамның алдында тағзым ету!

Жолдас Әуезов! Бұл туралы біз сізге үнемі айтып келеміз, бірақ та мұның барлығына жолдас Тәжібаев және басқалары біздің сынауымызға жол бермеді, бұл сіз үшін жақсылық емес. Менің ойымша, сіз енді бұл қателігіңізді қайталамайтын шығарсыз деп ойлаймын, әйтпесе, жаман болады.

Мен өзімнің бір қателігімді мойындаймын. Жазушылар одағын басқару барысында үлкен қателік жіберіппін. Мен одаққа төраға болып келгенде баспадан шығаратын қазіргі тақырыпқа арналған ешқандай шығарма жоқ еді. Біз әр қайсысына барып, жазыңызшы деп жалындық, жалбарындық. Менің Әуезов жолдаспен өткен 1944 жылғы әңгімем әлі есімде. Әбішев пен Мұстафин жолдастар қатысып отырды. Біз Сізге: Сіздің қазіргі тақырыпқа арналған шығармаларыңыз неге сәтсіз? Неге сіз үнемі тарихи тақырыпты жазасыз?,– деп сұрақ қойдық. Сонда Әуезов жолдас бізге: менің ескі тақырыпты жазып жүргенімде кімнің қандай жұмысы бар?, – деп барынша нығыздана жауап берді. Әуезов жолдас, өзге бір жайды есіңізге салайын. Сізді 1943 жылы Жоғары Кеңестің мәжіліс залында республика басшылары қабылдап, әңгімелескенде олар сізге: не туралы жазасыз, тағы да ескі өмірді ме, жоқ, жаңа заманды ма?,– деп сұрақ қойғанда, сіз, Әуезов жолдас, ұзақ уақыт бойы кеңес өкіметіне оппозицияда жүрген сіз, өзіңіздің қателігіңізді мойындаудың орынына: «Абай романының ІІ және ІІІ бөлімін жазамын, содан кейін «Алашорда» туралы роман жазамын»,– деп жауап бергеніңіз есіңізде шығар. Ол (Алашорда) туралы біз жазамыз, Әуезов жолдас, ал сіз социалистік құрылысты жазыңыз.

Соған қарамастан сізді орденмен марапаттады, академик атағын берді, қызметіңіз үшін өте жақсы жалақы төлейді, бірақ та сіз бүгінгі күнге шүйіріліп қарауды жалғастырып келесіз. Ауыз толтырып атарлықтай кеңестік тақырыпқа арналған бір туындыңызды айтыңызшы, түк те жоқ, бәрі де күлдібадам (барахло).

Егерде, Тәжібаев жолдас, сіздің күлдібадам (брак) туралы айтқыңыз келіп бара жатса, онда Әуезов жолдастың күлдібадамдары туралы неге айтпайсыз, тек Мұқановты ғана қаралағыңыз келе ме. Мұқановты кемшілігі үшін қаттырақ соғыңдар, ол сынды көтере біледі, алайда «Мұқанов шалдығып қалды» (выдохся) деп босқа даурықпаңдар. Журналда басылған менің «Өсу жолдарымыз» («Восхождения) атты романымның тарауларына қаратыла байланысты орынды айтылған сынға қарамастан, ол көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Оған куәні осы залдан да таба аламын. Сол тараулардың аудармасы бір ай бойы радиодан оқылып келеді, тыңдаушылар да жақсы қабылдады. Романды әлі жазу үстіндемін. Ол – трилогия болмақ, 25 жылдың ішінде өзім көрген кеңестік шындықты есебі болмақ. Айтылған ескертпелердің ішіндегі өзім дұрыс деп санаған тұстарға өзгеріс енгіземін. Жақсы роман беруге тырысамын».

Сөздің ыңғайына қарағанда М.Әуезов пен С.Мұқановтың ара жігінің барынша кең ашылғаны осы тұс болса керек. Қысылған тұста С.Мұқанов өзінің істеген жақсылығын, яғни, одан «сотталған» деген айыпты алып тастауға көмектескенін, ретін тауып М.Әуезовтің бетіне басып алды. Аса мәртебелі БК(б)П Орталық комитетінің жауапты қызметкері Н.Н.Поспелов жолдас екі күнге созылған мәжілістің қорытынды сөзінде М.Әуезовті тілге тиек ете сөйлеп:



«Әуезов жолдас бүгінгі өзінің мағыналы сөзінде өзінің шығармашылық жұмысы туралы ештеңе айтпағаны өкінішті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет