Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!



бет21/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.51 Mb.
#20400
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

«1920 жылы 23 июннен 7 авгуске дейін Коминтерннің ІІ конгресінің мәжілістері еткен еді. РКП (б) делегациясының құрамына Владимир Ильич Лениннің басқаруымен партия мен үкімет басшылары кірді. Сондай-ақ бұған автономиялық республикалардан да делегаттар келді. Қазақ автономиясын Тұрар Рысқұлов пен Ахмет Байтұрсынов бастап барды.

Конгресте Владимир Ильичтің:«Егер де алдыңғы қатарлы елдердің пролетариаты көмек берсе, әлеуметтік-экономиялық жағынан артта калған елдер капитализмді орағытып социализмге өте алады» – деген сөзі маңызды теориялық мәнге ие болды. Ең алдымен В. И. Лениннің осы конгресте неміс тілінде сөйлегені мені таң қалдырды. Мұнда Үндістан Коммунистік партиясының лидері Ройдың өз Отанында ұлттық буржуазиялық-демократтық қозғалысты қолдауға қарсы сөйлегені көп пікірталас туғызды. Владимир Ильич Ройдың бұл істерін қате деп тауып, империализммен күреске бағытталған ұлт-азаттық қозғалысқа пролетариаттың шұғыл түрде көмек көрсетуі туралы батыра айтты. Осындай күйде ағылшын коммунистік партиясының делегаты Квеч те сөйледі.

Иә, осы бір қысқа естелігімді аяқтай келе, мен жас, албырт шағымда Владимир Ильич Ленинмен кездескеніме өзімді бақытты санаймын. Оның шабытты да дана, аса адамгершілікті кейпі жүрегімде мәңгі сақталады...», - деп (К.Мәкенбаев, Қ.Сәдуақасов, «Әлімхан Ермеков») еске алды.

Әрине, бұл көрсетінді де Заки Валидовтің астыртын жұмысы және конгрессте Ресейден дербес Ұлттық Түркістан партиясын құру мәселесі айтылмағаны өзінен-өзі түсінікті. Қанша батыл редактор болса да Талап Сұлтанбекұлы мырза бұл есімді баспасөзде ашық жариялай алмайтын, оған цензура да рұқсат етпейтін.

Алайда осы үш айдың ішіндегі оқиғалар араға жылдар салып барып «Алашорда» қайраткерлерінің алдынан шықты. Бұл кездесулер олардың тергеу ісіндегі басты мәселеге айналды. Бұған сәл кейінірек қайтып ораламыз.

3.

Сонымен, Коминтерннің конгресі өтісімен Әлихан Бөкейхановтың тікелей кеңесімен Әлімхан Ермеков автономия территориясы туралы баяндамаға дайындалып, әр сөз бен сөз тіркесіне саяси, тарихи, ұлттық, экономикалық, мемлекеттік мағына мен астар берді. Әсіресе, қоныстанушылар қордалана орналасқан, қара топырақты солтүстік облыстардың шекарасын анықтауға және оларды қазақ жерінің құрамында қалдыруға жанкешті дәлелдер іздестірілді. Ал сол кездегі кеңес өкіметі ғалымдарының ішінде жер жөнінде, соның ішінде солтүстік облыстардың жер, экономика, шаруашылық, этникалық құрамы мен мәдени шоғырлануына баға беруде Әлиханмен теңдесетін маман да, ғалым да, саясаткер де жоқтың қасы болатын. Кейін одақтас республикалардың ғалымдары мен саясаткерлері Жер туралы заң мен қаулы-қарар қабылдар алдына Ә.Бөкейхановтың пікіріне жүгініп барып талқыға ұсынып отырғанын тергеу деректері де растайды.



Әр түрлі мүдделер мен ұсыныстарды жинақтап, талапкер жақтардың дәлелдері мен сараптамаларын саралап, жан-жақты дайындалған комиссия мәжілісі 9-10 тамызда Ұлттар жөніндегі халық комиссариатының коллегия мүшесі А.З.Каменскийдің төрағалығымен өтті. Қазақ мемлекетінің тағдыры шешілген, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі территориясын түбегейлі анықтап берген қасиетті мәжіліс болғандықтан да, оның аса маңызды құжат екенін ескеріп, «Алашорда» тарихын алғаш құжаттық тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттеген тарих ғылымының докторы, профессор Дина Ахметжанқызы Аманжолованың пайымдауын негіізге ала отырып, комиссия мүшелерінің тізімі мен лауазымын, пікірлерін қоса ұсынамыз. Мәжіліске: Ұлттар жөніндегі халық комиссариатынан – М.Сұлтанғалиев, Жер жөніндегі комиссариатттан – А.Д.Цюрупа, баяндамашы ретінде Семей облысы атынан – Ә.Ермеков, қазревкомнан – С.Пестковский, М.Мырзағалиев, Г.Кулаков, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов, Г.Әлібеков, Мәскеудегі қазақ өкілдігінен – П.Петровский, Орынбор губаткомынан – И.Мартынов, Түрккомиссиядан – Г.Сафаров, Сібірревкомынан – В.Соколов, Омбы ревкомынан – И.Полюдов, Челябі губкомынан – Поляков, Бөкей ордасынан – С.П.Милютин мен Д.Темірәлиев, Ақмола облысынан – Итбаев пен Оразаев, Астраханнан – А.Каримов қатысты.

Баяндамашы Әлімхан Ермеков Қазақ ревкомы мен Ұлттар жөніндегі халық комиссариатының ұсынысына жүгіне отырып: Астрахань, Урал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана облысы мен губернияларын қамтитын жалпы көлемі 3 467 922 шаршы шақырым жерді Қазақ республикасының құрамына беруді ұсынды. Көрсетілген жердің 81 % жан саны 5,5 миллион қазақтар пайдаланады, бұл бүкіл тұрғындардың 54% – екенін атап өтіп ол:



«Қазақстанның шекарасын анықтау барысында мұқым өлкенің этникалық, экономикалық және мәдени ерекшеліктерін ерекше ескеру керек. Егерде қазақтардың дені осы уақытқа дейін көшпелі өмір салты мен мал шаруашылығын басты кәсіп ретінде сақтап қалғанынын назарға ілсек, … онда бұл облыстардың өзара тығыз экономикалық байланыста екені көзге анық көрініп тұр. Сондықтан да Қазақ автономиялы республикасын құру тек солтүстік және оңтүстік облыстардың арасындағы шекаралық тұтастықты сақтаған жағдайда ғана мүмкін әрі нақты өмірлік сыпат алады, бұл мәселе керісінше шешілген жағдайда Автономия тіршілік көзінен айырылады. Сонымен қатар, мәдени және экономикалық орталықтар да аралас облыстық құрылымдар (Сібір ревкомы және т.б.) талап етіп отырған территориялардың құрамында қалып қояды. Бұл орталықтарсыз оңтүстік облыстар экономикалық, шаруашылық және экономикалық-мәдени ашаршылыққа ұшырап, тірі өлікке айналады. Осы пайымдауларды ескере отырып Қазақ автономиясының құрамын көрсетілген шекара бойынша бекіту қажет. Орынбор қаласы уақытша орталық ретінде қаралып отыр», – деп (сонда, 361 бет) мәселені тікесінен және шешімді түрде қойды.

Бұл аса тағдырлы да тауанды талап еді. Ол талаптан бас тарту – қазақ жерін телімдеумен пара-пар болатын. Осы тұста өзгелердің назарын өзіне қаратып, көзқарасын қазақ автономиясының мүддесіне бейімдеп, дәлеліне сендіріп, бауырына тарта баурау тұрғысынан алғанда Әлімхан Ермековтің туа біткен шешен де өжет мінезі, мысы басым дегдарлығы, қисынды ұстанымы қазақ мемлекеттігінң негізін қалап, территориясын анықтауда шешуші қызмет атқарды. Ол өзіні аса жүйелі және батыл қисындары арқылы оппоненттерінің пікірлерін шарасыз жансыздандырды, олардың талаптарын кеңес өкіметінің шешімімен, «байырғы халықтар еркіндікті қабылдап, Ұлы Октябрь революциясының жемістерін жинауы» үшін құрылып отырған автоноияға қарсылық боп көрінуі мүмкін екендігін тегеуірінді емеуірінмен жеткізді. Жанын үшкіріп Әлімханның жанына қосқандай болып оытрған, мысы мен де, демімен де демеп отырған Әлихан Бөкейханов;



«Мен сен сөйлеп отырғанда көиеріліп-басылған жанартаудың үстінде отырғандай болдым. Сөйлегендегі жалының бетімді шарпыды», деп баға берді.

Бұл пікірді Сібір ревкомының өкілі В.Соколов та өзінің алпысыншы жылдары жарияланған естелігінде:



«Қайратты қара шашы артына қайырылған, келбеті қазақтардан оқшаулау жас қазақ жігіті жалындай шарпып, аса қызу сөйлеп, ораторлық қисынды қабілетімен комиссияның ықпалын өзіне қаратып алды», – деп (Мәдениет және тұрмыс, 1964, № 11) жазды.

Шындығында да, мүлдем басқа талап қойып, солтүстік облыстарды Ресейдің құрамында қалдыруға өкім дайындап келген В.Соколов қарар үшін дайындаға сөзін жұмсартып:



«Баяндамашының пікіріне негізінен қосыламын. Алайда Солтүстік облыстардың Сібірден бөлінуі шоғырланғаны орыс тұрғындарының Қазақстанға мәжбүрлі түрде қосылуының салдарынан, ұлтаралық алауыздықты туғызуы, өзара қақтығысқа алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, Орынбор әкімшілік орталық ретінде казактар мен қазақтардың арасындағы қырғиқабақ қатынасыты өршітуі мүмкін, сөйтіп, қазақтар көтерілістің отына шарпылатын қауіпті жағдайға тәуекел етіп отыр. Ресей тарихы қазақтарға Қазақстанның аса ауқымды территориясын басқара алатын мемлекеттік аппарат құратындай мардымды білім мен ұйымдастыру тәжірибесін игеруге мүмкіндік берген жоқ, Ал мұндай басқару аппаратынсыз Қазақ автономисы таяу арада өз-өзінен шашырап тынады. Жерді бірте-бірте өз үлесіне қаратып, басқару аппаратын құрғанша бірталай уақыт керек, сондықтан да бұл міндетті қазір Қазақ ревкомымен тығыз байланыста басқарып отырған Сібірревкомы мен Түрккомиссиясының ның құрамында қалдыру қажет», –.деп (сонда, 361-бет) ұсыныс айтты.

Қазір, бұл пікір ашық қарсылы есебінде бағалануы мүмкін және Сібір ревкомы бұл ұсынысты 1922 жылға дейін ұстынып, солтүстік облыстарды қарамағынан шығармады. Алайда сол кездегі, сол күнгі психологиялық ырғасу тұрғысынан алғанда, бұл «жұмсақ пікір» еді. Әйтпесе, мәселе, Қазақ автономиясына солтүстік облыстарды беру – Ресейді бөлшектеу, қазақ еңбекшілерін социалистік қоғамнын шеттету, пролетариаттық интернационалдық парыздан бас тарту, қызыл армияның төгілген қанын қорлап, кеңес өкіметінің орнығуынан бас тарту, – ретінде мәлімдеме жасалса, бұл мәселенің дәл сол кезде шешілуі және шешіле қалған жағдайда да солтүстік облыстардың Қазақстан құрамында қалуы неғайбыл еді. Ал, жаңағыдай «автономияны мойындай отырып келтірілген «бірақтар», сөз арасындағы саяси «брак» сылтау ғана еді. Түркістанның білгірі, «Түрккомиссияның» өкілі Г.Сафаров та:



«Түркістандағы қазақ облыстарында кеңес өкіметі әлі орныға қойған жоқ, бұл бағытта өз бетінше жұмыс істей алатын күш те жоқ, сондықтан да әуелі негізгі құрылымды нығайтып барып, содан кейін ғана бірте-бірте іске кіріскеніміз жөн», деп солқылдақтық танытты.

Түркістан республикасын «әсірекеңестендіріп, бір күнде социализм орнатыпақ болып, мемлекетті анархиялық жағдайға әкелгені үшін» Кремльге шақыртылып алынып, «Түрккомиссиясының» жетекшілігі міндетін атқарған Г.Сафаровтың «қазақ автономиясының» құрылуына мүдделі емес, керісінше, Т.Рысқұлов, Н.Хожаев сияқты жергілікті қайраткерлерді Сталиннің ырқымен биліктен ысырған «аралық қайраткер» еді. Автономияның құрылуына тікелей мүдделі Қазақ ревкомының төрағасы С.Пестковскийдің өзі:



«Қазақстанда өзгелер сияқты ұлттық автономия құруға болмайды. Тек территориялық принципті ұстану ғана ақылға сияды», – деп түпкі пиғылын танытты.

Ал «кеңестік жер иесі» мекемесінің өкілі А.Д.Цюрупа:



«Егерде шөлейтті далаға құнарлы жер қосылмаса онда бұл өлке өмір сүре алмайды. Қазақ өлкесінің барлық басқару құрылымы Қазақ ревкомына бағындыра шоғырлануы тиіс, әйтпесе, осыған дейінгі қалыптасқан жағдай өзгермейді», – деп орынды пікір білдірді.

«Түрккомиссяның» тізгіні қолынан шығып бара жатқан Г.Сафаров тағы да өзеуреп:



«Орынборда отырып Жетісу мен Сырдарияны басқарамын деу – мазақ қана емес, арандату. Мұндай саясат ұлттық утопия», – деді.

Ал Ахмет Байтұрсынов үшін бұл қиял емес, нақты тарихи мүмкіндік еді. Ол осы автономия үшін «Алашорданың» мүддесін кеңес өкіметімен байланыстырған және оған кепіл ретінде өз басын тәуекелге тіккен тағдырлы тұлға болатын. Сондықтан да өзеуреген «Түрккомиссиясының» алдын-ала Сталинмен келісіп тұжырымдаған пікірінің бетін бірден қайырып:



«Әңгіменің басын бірден ашып алу керек. Егерде Қазақ өлкесі өзін-өзі билей алмаса, онда республика құру мәселесінің пісіп-жетілмегені, оны құруға тиісті жағдайдың жасалмағаны ғой, онда бос сөзді доғару қажет. Демек, бәрінен бұрын басты мәселені – бұл республиканы құрудың қажеттігі бар ма, жоқ па, соны шешіп алу қажет. Егерде бұл мәселе оңды шешілсе ғана, содан кейін барып сол республиканы басқара алатын күштерді құруды қолға алу қажет, ал ондай күш бар», – деп сеніммен айтты.

Ал Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың беділінің алдында Г.Сафаровтың сүреңі оңып сала беретін. Сол кезге дейін әсіресолшыл, бір жылдан кейін әсіреұлтшыл бағытты ұстаған Сталиннің орынбасары М.Сұлтанғалиев үш жақты пікірдің «алтын өзегін» ұстап:



«Егерде Түркістан мен Сібірдегі билік әлсіз болса, ал мұның шындық екенін ешкім жоққа шығара алмайды, онда олардың іс-әрекеттері Қазақ ревкомының, орталықтың өкімімен үйлесетіндігіне ешкімде кепілдік бере алмайды. Сондықтан да бұл облыстардың ревкомының жұмысы орталықтың өкілетті қарарларымен реттеліп отыруға тиісті. Басқару билігі Қазақ ревкомында болуға тиісті, ал қалған орталықтар соның ұлттық, әлеуметтік-экономикалық шешімдері бойынша жұмыс істеп, Қазақ ревкомының шешімдерін жетекшілікке алуы тиіс», деген пікір білдірді.

Міне, осы арада бас баяндамашы Әлімхан Ермеков өзінің ұстанымы мен дәлелін түбегейлі орнықтыру мақсатында қайыра жарыссөзге шығып:



«Автономия беру мәселесін принципті түрде бір ауыздан қолдай отырып, автономияның құруға келгенде сөз бен істің арасынан алауыздықтың туып отырғаны түсініксіз. Анығында, мәселе: республиканы құрудың қажеті бар ма, жоқ па – дегенге тіреліп тұр. Егер мен дұрыс түсінсем: тек насихат үшін ғана емес, нақты іс жүзіндегі жұмыс істейтін автономия туралы сөз болып отыр, ендеше, соған сай басқару аппараты құрылуы тиіс, онсыз: қазақтар өзін-өзі басқара ала ма дегенді былай қойғанда, республика жөнінде сөз қозғаудың өзі мағынасыз бос мылжың ғана. Ал Қазақ ревкомын қызметкерлермен қамтамасыз етуді орталық мойнына алсын», – деп басты назарды автономияның жариялануына аударды.

Сөйтіп, 10 тамыз күні комиссия төрағасы А.З.Каменский барлық ескертулер мен ұсыныстарды қорыта келе:



«Қазақ республикасын құру – шешілген мәселе, қорытындысы дайындалып, тиісті мекемелер өкімет билігін республиканың басқауына берудің жолдары қарастырылсын», – деп жариялады.

Бұл үлкен жеңіс еді. Алайда бұл жеңісті тиянақты ету үшін автономияның территориясы мен тұрғындары туралы ұсыныстарды Лениннің алдында қорғап шығуы тиіс еді. 12 тамыз күні Лениннің төрағалығымен өткен мәжілісте Ә.Ермеков тағы да баяндама жасады.



Ә.Ермеков (Естеліктен): «Баяндамаға кіріспей тұрып, Ұлы Октябрь революциясы көсемінің алдында қатты толқыдым. Бірақ оның қарапайымдылығы, мейрімділігі, кіші халықтарға деген ерекше қамқорлығы маған жаймашуақ әсер етті. Баяндама кезінде мені оның ширақтығы, ойының өткірлігі, баяндамашыны әділ де батыл қолдауы бей-жай қалдырмады.

Айтылған мәселелерді талдауы мен мәселеге бойлай енуі таңқаларлық еді. Ол менің баяндамама катты қызығушылық пиғыл көрсетті: мүмкін болатын қателіктерден сақтандырып, мұқият тыңдады, ал әділ шешімді талап ететін қажетті шараларды батылқолдады. Владимир Ильич тек тыңдап, талдап қана қоймай, әрі пікір айтып, бүкіл баяндаманың басынан бастап аяғына дейін белсене қатысып отырды. Сөйтіп, адамзаттың ұлы данышпаны маған ұмытылмас әсер қалдырды.

Енді Владимир Ильичтің шиеленіскен мәселелерді дұрыс шешуге катысып, берген көмегі туралы жеке-жеке эпизодтарға тоқталайын.

Мен өзімнің баяндамамда, негізінен, Қазақстанның шекарасын анықтауда үлкен маңызы бар күрделі де шиеленіскен жер мәселесіне тоқталдым. Бұл мәселелер Лениннің көзі тірісінде шешілген болатұғын, сондықтан да қазір тарихи-анықтамалық сипат алады.

Патшалық Россия кезінде қазақ жұртының иелігінен өзен, көл жағалауында, орман алқабында орналасқан қара топырақты жерлер тартып алынған болатын. Мұндай әпербақандық помещиктердің құлқын жоқтайтын столыпиндік реформадан кейін тіпті өрістеп кетті. Ол Мемлекеттік Дума мінбесінен: «Қырғыз даласын игеру керек», – деп ұран тастап, патшалық саясаттың тірегіне айналды. Сөйтіп жергілікті тұрғындарды ойламай, Қазақстан мен Түркстанда қулактардың иелігіндегі шаруашылықтың қанат жаюына бар күшін салған еді. Онда (мәжілісте – Т.Ж.) Каспий жағалауы туралы мәселелер өткір пікірталас тудырды. Ал жергілікті тұрғындардың жер туралы мәселесі, тіпті, қаралған да жоқ болатын. Ертістің он шақырым сол жақ беті 1904 жылғы орыс-жапон соғысы алдында сенат үкіметінің қаулысымен Сібір казактарының иелігіне берілген. Ал қазақ елі бұл жерден айырылып қана қоймай, оның үстіне осы жайылымдыққа малын бағу үшін орыс кулактарына орасан зор қаржы төлеп, тез арада кедейлікке ұшырады. Сөйтіп олар әрбір казак семьясына қызмет ететін үй шаруасындағы жұмысшы ретінде батырақтарға айналды. Қазақ өлген кісісін жерлеу үшін зират орынын 18-20 сом алтын төлегені туралы деректер архив құжаттарынан белгілі.

Мен баяндамамда осы он шақырымдық жерді қазақ халқы ежелден иеленіп келгендіктен де, өздеріне қайтарып беру туралы ұсыныс жасадым.

Ал Каспий теңізінің солтүстік жағалауы – салық жинайтын жер болып жарияланғанымен, патша үкіметі қазақ тұрғындарын иеленген жерлерінен көшіре алмады. Себебі, Каспийдің солтүстік жағына карай «Рың құмдары» деп аталатын құм бұйраттары созылып жатыр. Экономиканың қатал заңы тұрғындарды Каспий теңізі жағалауына қуды. Онда олар балық аулаумен шұғылданып, кемеде жұмысшы болып істеп, күн көріс мүмкіндігіне ие болды.

Баяндамамның соңында: қазақтардың бұрын иеленіп келген жерлері өздеріне қайтарылсын және жергілікті қазақ пен отырықшылданған орыс тұрғындары қашан орнығып біткенше Россиядан қоныс аударуды тоқтатқан жөн – деген ұсыныс жасадым. Осы жерде Владимир Ильич менің сөзімді бөліп: «Қызық екен, орталықтағы жолдас, біздің ЦК-ның мүшесі Сафаров: Түркістаннан барлық кулак шаруашылығын көшіріп жіберу керек – десе, сіз: тек жергілікті қазақтар мен отырықшылданған орыстар орын тепкенше қоныс аударуды тоқтату керек – дейсіз. Бұл қалай Мен мұндай пікірді күтпеп едім?», –деп бір сәт күмілжи қарады. Мен: Сафаровтың Түркістанның жағдайын жақсы білетінін, ол сол жерде ұзақ уақыт қызмет істегенін айта келіп, ал Қазақстанның жағдайында ондай ұсыныстан бас тарту керек – дедім. Және де өз ұсынысыма негіз ретінде солтүстік аймақтардағы қазақ пен орыс тұрғындарының сан жағынан ара қатынасы жайлы статистикалык мәліметтерді келтірдім. «Орыс тұрғындарын көшіріп жібереміз деген шешімнің орындалу мүмкіндігіне сенбеймін, себебі ұлттар арасында алауыздық туу қаупі бар», – дедім. Сонда Владимир Ильич: «Ендеше ойлану керек» – деді.

Бұдан кейін «он шақырымдық кесімді жер» туралы тағы да біраз мәселелерді қамтып айттым. Сонда да Владимир Ильич: «Тағы да қосымша айтарыңыз бар ма?» – деп сұрады. Сонда мен жастардың атынан (ол кезде 29 жаста едім): жерді өңдеуге және шөп шабуға арналған ауыл шаруашылығы машиналарымен қамтамасыз етсе, сөйтіп ауыл шаруашылығы коммуналарын ұйымдастырсақ – деген тілек айттым. Владимир Ильич қолын сермеп: «Керегі жоқ, керегі жоқ. Біз ауыл шаруашылығы коммуналары жайлы, тіпті, Орталық Россияда да әлі ойластырғамыз жоқ» – деді.

Коммиссияның мәжілісінде, жасаған баяндамамның біздің республиканың территориясын анықтау туралы тұсында: Каспий теңізінің солтүстік жағалауы – Астрахань губерниясынан Қазақстанға кайтарылғаны тиімді екендігі жөнінде айттым. Бұған көптеген адамдар қарсы болды. Әсіресе Астрахань губерниялық атқару комитетінің председателі (фамилиясы есімде жоқ), Лежава, Брюханов секілді басшылар: Каспийдің балығымен Москва жұртшылығын асырап отырмыз, еліміз азық-түлік қиындығын бастан кешіп отыр, – деген сылтауды алдыға тартты. Сөйлеушілердің бұл мәселеге теріс көзқарасын байқаған Владимир Ильич маған бұрылып:

«Біздің экономистер жан-жақты талдап, батыл айтқан секілді, ұялмаңыз, өзіңіздің ойыңызды еркін айта беріңіз, енді сөз сізге беріледі», – деді.

«Мен, кеше ғана институтты бітіргенмін, жақсы тәжірибені үйренуге дайынмын. Бірақ кейбір жолдастардың менің ойыма қарсы болғанына таңым бар. Өйткені, Қазақстанның өзінің ұлттық-тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты алатын автономиялық басқару құрылымы – РСФСР-дің қарамағына кіреді. Соған қарамастан, біздің, Каспий жағалауының республика шекарасына кіргізілуін мақұлдағанымыз дұрыс сияқты. Себебі, ол жерде негізінен балық шаруашылығымен айналысатын қазақтар мекендейді және де бұл жағалау Қазақстан территориясының ішіне кіріп тұр. Ал егер осы жағалауды тұрғындарымен бірге біздің республиканың шекарасына кіргізсе, біз оларды ұйымдастырып, Астрахань губерниясына қарағанда Орталыққа әлдеқайда көп балық жібереретінімізге сенімдімін» – дедім.

Владимир Ильич Астрахань губерниялық атқару комитетінің председателіне бұрылып, одан: жағалаудағы қазақ пен орыс тұрғындарының сан жағынан ара қатынасы қандай? деген сұрақ қойды. Председатель статистикалық мәліметтер жоқ дегенге келтіріп, сұрақтан бұлтарғысы келіп еді, Владимир Ильич: «Жағалауда қанша қазақ, қанша орыс бар деп отырғаным жоқ, осы өңірдегі тұрғындардың қайсысы басым?» деді. Сонда председатель амалсыздан: «Қазақтар басым секілді» дегенге сайды. Владимир Ильич: «Мәселе түсінікті болды», деп дауысқа салды, сөйтіп менің ұсынысым көпшілік дауыспен қолдау тапты», – деп (К.Мәкенбаев, Қ.Сәдуақасов, «Әлімхан Ермеков») еске алды.

Иә, Ленин мен Әлімхан Ермековтің көзбе көз тілдессуінің нәтижесінде бүгінгі Атырау өңірі Қазақстанның құрамына мәңгілік қосылды. Автономия мен территория мәселесі 14, 16-17 тамызда талқыланып, 24 тамызда тағы да Лениннің қатысуымен өткен ең соңғы шешуші мәжілісте түбегейлі бекітілді:

Бұл туралы аталған естелікте Ә.Ермеков: «1920 жылдың 24 авгусінде Халық Қомиссарлар Советінің Қырғыз (қазақ) Автономиялық республикасы туралы декрет жобасының мәселесі жөніндегі мәжіліске баяндамашының бірі ретінде мен де қатыстым. Мәжілістегі атмосфера аса іскерлік жағдайда болды, әрқайсысы өздерінің жауапкершілігін сезініп, қатал тәртіп пен саналылық орнағандай еді. Бұл мәжіліске Владимир Ильичтің өзі қатысып отырды. Мәселе туралы Ұлттар жөніндегі наркомат председателінің орынбасары Каменский баяндама жасады. Ол өзінің жауапкершілігін қатты сезініп, баяндама барысында көп қиналды. Сөйтіп Декреттің жобасы тұтас оқылып, РСФСР Халкомсовының мәжілісінде бекітілді. Тиісті қосымшалар мен өзгерістерімен қоса декрет 1920 жылғы 26 августа бүкіл елге жарияланды», деп еске алды.

«Алашорда» үкіметі арқылы Қазақ республикасына ұласқан Алаш идеясы осылай орындалды. Оның басында сол жолда жанын құрбандыққа атаған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков және ... автономия туралы пікрталаста:



«Егерде сеніммен қолға алсақ бұл мәселені толық шеше аламыз. Тек... біз әлі таптық жігімізді ажыратып үлгергеміз жоқ. Сондықтан да біз қазақ халқының ұлтшылдық ырқына да көндік, онсыз ештеңені жүзеге асыра алмайтын едік», – деп салмақты өзіне аудара сөйлеген Әліби Жанкелдин тұрды.

Оған алаш азаматтары М.Мырзағалиев пен Ғ.Әлібеков дауыстарын қосты.

Ал, бұл – Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтың, Әлімхан Ермековтің қазақ мемлекеті алдындағы тарихи миссиясы болатын. Сөйтіп, «Алашорда» көсемі өкімет билігін ресми түрде Ленинге табыстап, ал алаштың рухани туын жаңа Қазақ автономиялық өлкесі үкіметінің қазақ істері жөніндегі орынбасары Ахмет Байтұрсыновқа ұстатты. Декларация жарияланысымен Әлихан Бөкейхановтың Ленинмен оңаша он бес минут сөйлесуі толық дәлел. Өзі: «Не ойы, не білімі көлемді емес», – деп есептейтін Сталинмен кездесуден бас тартқан.

Ол туралы Әлімхан Ермеков:



«В.И.Ленин өзі төрағалық еткен алғашқы мәжілістің аяғында: «Автономияны кұру жөнінде қазір Сталинге барып пікірлесіңдер, оның дайындаған жобасы бар, сонымен танысып, бар ойларыңызды түйістіріңіздер», – деп кеңес берді.

Мәжіліске қатысушылар үзілісте түгелдей дәлізге шықтық. Қазақстандық делегацияның құрамы 15-тей адам болатын. Бәріміз Әлихан Бөкейхановты тостық. Әлекең Ленинмен оңаша пікірлесіп, әңгімелесіп қалған болатын. 15-20 минуттен кейін ол кісі де шықты. Біз: «Сізді Сталинге бірге кіру үшін тосып тұрмыз», – дедік. Әлихан бәрімізге салқындау қарап:

«Сталин не шешер дейсің, оның не ойы, не білімі көлемді емес, қанша бір жетіскен жоба бар дейсің. Онанда өзіміз жеке шешкен дұрыс», – деп жүріп кетті.

Біз бәріміз де аңтарылып қалдық та Әлекеңе ілесіп Кремльден шығып кеттік. Осы күні: «Бәлкім кіріп пікірлескеніміз дұрыс болар ма еді? Кейбір мәселелер мүмкін басқаша шешілер ме еді?», –деген ой келеді.

Осы мәжілістен кейін бір жеті өткен соң В. И. Ленин Қазақ АССР-ін құру жөніндегі декретке қол қойды», – деп еске алған.

Сәбит Мұқановтың:

«Біз социализмді Ермековтердің қолымен құрамыз!», – деп («Есею жылдары») кекетсінген Қужаққа қосылып ұрандатып жүрген кезі де осы жылдары болатын.

Бұдан кейін Әлімхан Ермеков саясат сақанасынан Әлихан Бөкейхановпен бірге мүлдем шеттетілді. Бірақ елі үшін ең маңызды міндетті атқарып кетті.

Ә.Ермеков( 1931 жылға 28 қазан күнгі жауабынан): «Ал 20-жылы мен Мәскеу қаласындағы Байтұрсынов пен Валидовтың арасындағы келіссөзге кездейсоқ қатыстым. Ол маған Байтұрсынов арқылы белгілі болды. Байтұрсынов ол кезде Қазақстан үкіметінің өкілі болғандықтан да кездесуден бас тарта алмайтынмын. Ешқандай ұйым туралы сөз қозғалған емес. Оның мән-жайы алдыңғы жауаптарда айтылды. 20-жылы қазан айында оқуымды тәмамдау үшін Томскіге бардым. 21-жылы педагогикалық тәжірибеден өттім. Сол жылдың күзінен бастап мектеп меңгерушісі болдым».

Міне, енді тергеудегі жауаптың ретіне қарай тағы да Заки Валидовке қайтып ораламыз. 1921 жылғы түрік тектес халықтардың тағдырына арналған «Революциялық қозғалыстың дамуы және біздің Шығысқа көзқарасымыз» атты біріккен мәжілісте Заки Валидов:

«Қазан төңкерісі шығысқа еш нәрсе берген жоқ. Орыстар өкімет билігін қолына алды, сонымен бәрі де бітті, әлде бір губернатордың орынын жұмысшы алмастырды, бар өзгеріс сол ғана... Осы уақытқа дейін шығыс халқы партиялық жұмысқа белсенді түрде тартылған жоқ. Егерде шаруашылықты басқару республиканыңы қолына берілмесе, осы күнге дейін ЧК (төтенше комиссия, қазіргіше алғанда, қауіпсіздік комитеті – Т.Ж.) жергілікті емес тұрғындардың қолында болса, онда қандай революция туралы айтуға болады. 15 қарашадағы және 7 желтоқсан күндері тергеушілер Ташкенттегі астыртын ұйым мен оған Біз шығыстың билік тізгінін өз қолымызға алып, барынша төңкеріске жұмылдыруға тиіспіз», – деп сес көрсетті.

Сес көрсетіп қана қойған жоқ, үкімет қызметінен бас тартып, Орта Азияда астыртын ұйым құрып, әскер жасақтап, большевиктерге қарсы күресу үшін мақсатымен Бұқара мен Самарқанға жасырын кетті. Міне, тергеушілердің қазақ зиялылары мен Валидовтің арақатынасы, байланысы қақында қайталай қазымырлап сұрақ қоюының себебі осында. Ә.Ермеков бұл сұраққа пәлендей қысылып-қымтырылмай тұрмыстық етекбасты көрініс ретінде баға береді:

Ә.Ермеков (жалғасы): «...1926 немесе 1927 кеште Халел Досмұхамедовтің үйінде қонақта отырғанымызда ол маған және Елдес Омаровқа ертегіге айналып кеткен ежелгі әңгіме ретінде: Түркістандағы қозғалыс туралы, оған өзінің қатысқанын, мұның өзі Валидовпен жолығуы тиіс болғанын, бірақ та Валидовтің әйелі қайтып келген соң (Уфадан Ташкентке Т.Ж.) мұның бармай қалғанын айтып берді. Кетіп бара жатқанда өзара: оның қай-қайдағыны бекер еске алғанына өкінісіп тарастық. Ашығын айта кетейін: тарихтың еншісіне айналып кеткен мұндай тылсым, жартылай күңгірт жайлар туралы шолақ сөздерді жиі тыңдауға болады және ол туралы жалпы қауесетті (нақтылы емес) партияда барлар да, жоқтар да білетін».
СССР деп аталатын болашақ құрама мемлекеттің құрылымы сол жылдары жоспарланып жатқан. Орта Азия мен Қазақстандағы түркі жұртына ортақ 1) Түркістан республикасын құру (Т.Рысқұлов т.б.), 2) Түркістан-Қазақ автономиялы республикасын құру (С.Қожанов), 3) Россия құрамындағы Түркістан автономиясын құру (еуропалықтар) – туралы күрес жүріп жатты. Ал Қоқан, Бұқара республикалары Тәуелсіз мұсылман мемлекетін құру мақсатында «мұхаррамдық» (революциялық, орыс басылымдарында – басмашылар қозғалысы) майдан ашты.

Ә.Ермеков (жалғасы): «Ол кезде жауапты қызметкерлердің арасында, партия мекемелерінде: Қазақстанды Орталық Азия федерациясының құрамына қосады екен-мыс. Сөйтіп Қазақстан одақтас республиканың дәрежесіне көшеді екен-мыс деген қауесеттер шығып жүрді. Бұл үшін Қазақстанның солтүстігіндегі орыстар қоныстанған аудандарда межелеу жұмыстары жүргізілуі тиіс екен. Осы мәселе жөнінде құрамында: Москвадан келген Ежов, Өлкелік комитеттен Сәдуақасов, Мемлекеттік жоспарлау мекемесінен мен бар арнайы комиссия құрылды. Мен өз пікірімді Ежов жолдасқа ашық түрде: Орта Азия федерациясына Қазақстанды қосып, солтүстік аймақтық шекараны межелеу шаруашылық мүддесі тұрғысынан да, мәдени байланыс тұрғысынан да пайда әкелмейтінін айттым...».


Иә, бұл үлкен даулы және шетін мәселе. Қандай да құрамда болмасын қазақ жұртының ділі мүслими шығыспен сіңісіп кете алмайтыны анық еді. Егер бұл жоспар жүзеге асса, онда орыстардың ежелгі арманы орындалып: солтүстік шығыстағы Шығыс Қазақстан, Семей, Ақмола, Қызылжар, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе облыстары – Ресейдің құрамында; ал Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда облыстары – Өзбекстанның, Маңғыстау түбегі – Түркменстанның құрамында қалған болар еді. Ежов Семей губерниясын басқарып тұрғанда С.Сәдуақасов барып оны таратып жіберіп, зорлықпен Қазақстанның құрамына қосқан еді. Енді тағы да Н.И.Ежовпен жолдары жолығысты. Тарихшы Д.Аманжолова айналымға жіберген құжаттарға сүйенсек, 1924 жылы Қазақ өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1925 жылы 3-хатшы міндетін атқарған ол өзінің 1925 жылы В.М.Молотовқа жазған хатында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет