Түсіндірме жазба 01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



бет1/2
Дата12.12.2023
өлшемі49.41 Kb.
#486183
  1   2
Үрдіс МД 2 ж. 10 ай 2022-2023


Түсіндірме жазба


01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, 4S01120102 –«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» бойынша модульдік оқу жоспары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңына, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының талаптарына, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына (өзгерістерімен, 2021 жылғы 23 шілдедегі №362 бұйрығы), 2016 жылғы 16 наурыздағы хаттамамен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссиямен, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №500 бұйрығымен бекітілген «Педагог» кәсіби стандартымен, ТжКББ мамандықтары мен біліктіліктерінің сараптауыштарымен (өзгерістермен, 2021 жылғы 8 сәуірдегі №157 бұйрықпен), «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша» үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығымен (2021 жылғы 15 қыркүйектегі №469 бұйрыққа өзгерістер енгізілді), «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152, 2021-2022 оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдары негізінде әзірленді.
Оқу жұмыс жоспары кредиттік линейка жүйесі негізінде іске асырылады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.
ҚР МЖМБС-ға сәйкес орта буын мамандарын даярлау мынадай түрде жүзеге асырылады: жалпы гуманитарлық пәндер, жалпы кәсіптік пәндер,әлеуметтік экономикалық пәндер, арнайы пәндер,білім беру ұйымын айқындайтын пәндер, аралық және қорытынды аттестаттауды тапсыру, бұл ретте Оқу уақытының 40% - ы теориялық оқытуға және 60% - ы оқу практика, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға бөлінеді.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Үлгерімнің ағымдық бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау жұмыстары, сынақтар пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты есебінен жүргізіледі. Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру кезінде жалпы гуманитарлық пәндер,жалпы кәсәптік пәндер, әлеуметтік экономикалық пәндер және арнайы пәндері бойынша емтихандар және сынақ бақылау жұмыстарын өткізу көзделеді.

0112- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиешісін даярлау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет