Түсінік хат «Абайтану»


Курсты оқытудың міндеттері



бет2/6
Дата22.09.2022
өлшемі34.1 Kb.
#461140
1   2   3   4   5   6
Абайтану

Курсты оқытудың міндеттері:

  • қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану;

  • ақын шығармашылығындағы тұлға концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау;

  • ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын үлгі ету;

  • ақынның қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;

  • ақынның туындыларын оқыту арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу;

  • Абайдың ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы айтқандарын оқыту арқылы жастарды өмірден өз орнын табуға шақыру.

Курс жүктемесінің көлемі:
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан жүргізілмейді.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық. 
Бағдарламада:

  1. Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;

  2. Ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;

  3. Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

  4. Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді;

Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:

  • қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:

  • ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;

  • шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;

  • Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;

  • Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын таныту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет