Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет1/7
Дата07.11.2019
өлшемі1.47 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
1.Пән аты: Абайтану

2.Сыныбы: 10
3.Күні, айы:жылы:  01. 09.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру;

Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

Сабақтың түрі:Жаңа кіріспе сабақ

Сабақтың көрнекілігі. «Абайтану » курсының бағдарламасы

Сабақтың барысы: І. 1.Кіріспе

Сәлемдесу.

Кезекші мәлімдемесі
Журнал бойынша түгелдеу.

II. Мағынаны тану

Курстың мақсаты:

ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Оқушы міндеті: қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану, ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын ұғу,

ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын тану;

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. 

Оқушыларға Абайдың мәңгі өлмес асыл мұрасы-оның шығармаларының адам өміріндегі алар орны, маңызы туралы әңгімелеу

-Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын поэзиясы арқылы танимыз. Асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін, сөздерін оқушы бойына сіңіру-біздің басты мақсатымыз. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған зерттеу еңбектерді, монографияларды, диссертацияларды түгелдей алғанда Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтитын, көп салалы ғылым болып қалыптасты.

Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» — деп Абайды аса жоғары бағалады.

Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алына бастайды. 1909 жылы  Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі мен «Ескендір», «Масғұт» поэмалары, яғни ,осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды.

Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Ал кейінгі жинақтарды айтқанда, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдері 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітап та жарияланды. 1922 ж. Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар бұрын жарияланған шығармаларды қамтиды. Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде Ілияс Жансүгіров 1923 ж. «Тілші» газетінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды дәлелдеді.

Ақынның көзі тірісінде 1903 ж. Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А. Сидельников жазған мақалада: «Абай — қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі» деген баға берілгенін көреміз. Абай шығармалары жеке кітап болып басылғанға дейін-ақ халық арасына қолжазба түрінде және ауызша тараған. Байтұрсынов ақын өлеңдерімен 1903 ж. қолжазба арқылы танысқанын айтады.

Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 ж. жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Бөкейханов, Байтұрсыновтардан кейін Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н. Рамазанов, Ғ. Сағди, Ы. Мұстамбайұлы және Н. Н. Белослюдов, т.б. атсалысты.

ХХ ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді

1970 ж. Абайдың туғанына 125 жыл толуына орай шығармаларының жинағын шет тілдерде кітап етіп бастыру ісі жандана түсті. Орыс тілінде Абай шығармалары 1940 жылдан бастап он бес рет жеке кітап болып басылды. 1945–60 жылдардың басында Абай шығармалары жеке жинақ болып өзбек (Ташкент), татар (Қазан), түрікмен (Ашғабад), қырғыз (Бішкек), моңғол (Ұланбатыр), қытай (Пекин), чех(Прага) тілдерінде басылып шықты.

1970ж. украин (Киев), армян (Ереван), беларусь (Минск), молдаван (Кишинев) және латыш (Рига) тілінде жарық көрді. Сол жылы Мәскеуде «Прогресс» баспасында араб, ағылшын тілдерінде шығармаларының жинағы басылды.

Қолдану .Абай шығармаларының зерттелу тарихынан конспект жаздыру

Сабақты қорытындылау

1.Пән аты: Абайтану

2.Сыныбы: 10
3.Күні, айы:жылы:  08.09.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла»

Сабақтың мақсаты: Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі; Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері,қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігі туралы айту

2.Сыныбы: 10
3.Күні, айы:жылы: 13.09.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі

Сабақтың мақсаты: 1.Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері туралы түсінік беру

 2.оқушыларға эстетикалық, этнопедагогикалық, экологиялық тәрбие беру, олардың поэзия, саз, бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.
3. дамытушылық: шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау, сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, таным көкжиегін кеңейту.

Сабақтың барысы: І. 1.Кіріспе

Сәлемдесу.

Кезекші мәлімдемесі
Журнал бойынша түгелдеу.
ІІ. Сабақ барысы:

Үйге берілген тапсырманы тексеру –Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы реферат дайындау

Жаңа сабақты түсіндіру

Мағынаны тану Оқушыларға рефераттарын оқыту, талдау

Мұғалімнің қосымша түсінік толықтыруы

Абай әкесі Құнанбайдың 41 жасында туған. Ақынның өз шешесі - Ұлжан. Тегі Құнанбай көп қатынды болған. Үлкен қатыны қыздай алған — Күңке. Бұдан туған баласы Құдайберді. Екінші әйелі Ұлжан — ол Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалындық екен. Інісі өлген соң келінін алған. Бұдан туған балалары: Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ, Оспан. Үшінші әйелі — Айғыз. Одан Қалиолла, Ысмағұл деген балалары болған. "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтін Абай өлеңінің мәнісі осы. Төртінші әйелі — Нұрғаным. Бұдан бала болмаған.

 Күнкенің жасы Құнанбайдан үлкен екен. Берірек келгенде жасы ұлғайып, күйеуін күте алмайтын болған соң, Құнанбай Ұлжанның қолына шыққан. Бірақ Ұлжаннан туған балаларының бәрі бірдей өз шешесінің қолында тәрбиеленбеген. Үлкен баласы Тәңірбердіні жас күнінде Өскембай қолына алып өсіріпті. Ысқақты Құдайбердімен бірге Күнкенің қолында өсірген. Күнке ерте уақыттан бөлек ауыл болып кеткен.

 

Ұлжан мен Айғыз бір ауыл болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта, екі шешесінің ортасындағы тел баласы кішкене Ыбырай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Оспан, Ысмағұл деген екі бала туған. Бірақ бұлардың жасы Абайдан едәуір кіші. Айғыздың үлкен баласы Қалиолла болса, оқуда жүрген. Сондықтан Абай алғашқы балалық шағын екі шешесінің ортасындағы жалғыз баланың қалпында өткізген. Екі шешеге бірдей бала болып жүргендіктен, сол кездегі үлкендері Абайға "Телқара" деп ат қойыпты. Кейін Абай ер жеткен уақытта бірталай жеңгелері ертеден қойылған атпен "Телқара" дейді екен.

Баласы Тұрағұлдың әңгімесінен

 Мен бала шағымда әкемді танығанда: жүзі жарқын, ажары сыртында, көзі өткір; ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты. Ойын, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір істі қызықтап отырғанды іздейді. Жай шаруасын ғана істеп отырмайды. Маған десе бала болсын, я үйіндегі қызметкер қатынның да болсын бір тәуір мінезін тауып отырар еді. Сүймеген адамымен ешуақытта жылы ұштаса алмайды. Ондай адамдармен бас қоспақ уақыт еріксіз кез келсе, сол мезгілін абақтыдай көруші еді. Сыпайылық, сыйлық қылып, әдептіленіп, аяғының басынан, аузынан шыққан сөзін санап отыратын адамды жақсы көрмейді. Жарқын жүзбен, ашық көңілмен қытықсыз келетін адамды аңсап, сағынып, ондай адамды көргенде не баласы, немесе туысқаны, бауыры келген кісідей қуанып қалар еді.

 

Менің бала кезімде әкем қандайлық жылы шыраймен ойнап, қалжыңдап отырса да қытығына тисе, ашуы тез келгіш болатын. Сондай мінезінен ауылдағылар да, бәйбішелері де айғырмен ойнаған ат секілденіп, қорғаныштары кеуделерінен кетпей, қымсынып жүруші еді.

 

Өзім білген мезгілден бастап үйде отырғанда бірталай уақыттарын тоғыз құмалақ, дойбы сияқты ойындар алатын. Сонда таңертеңгі шайды ішкен соң бауырына жастығын алып, алдына құмалағын құрғызып, ойынға кіріп кетеді. Күндізгі келген ел арасының бас адамдары да ойынға кіріп кетеді. Құмалақтан кезек тимеген, я құмалақтың ойынына жаттықпаған іні, балалары секілділері өз алдына дойбы, карта сықылды ойынның дүкенін құрады. Сонымен бір шет елдің қабілетті адамы келіп қалмаса, я бір үлкен жұмыс кездесіп қалмаса, ертелі-кешкі тамақтарынан басқаға бұрылмай, ойнап жатысады.

 

Бері келіп кітапты көп оқитын болған соң, уақытының көбін кітап алатын болды. Бірақ кейбір күндерде я кітапқа, құмарлыққа түсіп кетпесе, біреуге ертек айтқызып, я өзі айтып отыратын еді. Біреуге айтқызғанда: есітпеген ертегісіндей ынтасын сала тыңдап, бір сөзін қақпай, әбден айтып болған соң, айтушының адасқан жері болса қайтадан өзі айтып, түзеп беруші еді. Қазақтың ертегілерінде есітпеген, білмеген ертегісі кем шығар. Сонда: "қазақтың ескі ертегісінен, бұрын қай жерлерде жүргені; көршілес, күндес елдері қай жұрттар екені; діні, білімі қандайлық кезде шығарғаны, елдің ескі салты, арманы, кәсіп-қаракеті не екені көрінеді" деуші еді.

Үйге тапсырма.Абайдың ел ісіне араласу кезі туралы деректер жинау

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 22.09.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Өзіңнен өзің есеп ал» он бесінші қарасөзі

Сабақтың мақсаты: Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін салыстыра отырып,қара сөздерінің мәнін аша білуге үйрету,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.Есту қабілетін,тілін дамыту,ұлттық ойлау заңдылықтарын танып меңгерту,жан-жақты дамыған тұлға ретінде танылуға жетелеу.

Сабақтың құралы мен көрнекілігі:слайд-презентация,коллаж,аудио үн таспа,Абайдың қара сөздері

Сабақтың түрі,типі:дәстүрлі сабақ

Әдісі:дамыта оқыту (сұрақ,жауап,талдау-тарату,жинақтау)

Пәнаралық байланыс: тарих,философия

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а)Психологиялық тренин

(оқушылар жасыл,сары,көк түсті қағаздарды өздері таңдап алады.Сабақтың соңында әр түстің қандай көңіл-күйді білдіретінін атап өтіледі)

ә)Н.Ә.Назарбаевтың Абай жайлы айтқан сөзінің мағынасын ашу.

    Абай-біздің ұлттық ұранымыз болу керек.Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз.Менің балаларым мен ертеңгі ұрпақтарыма  Абайдан артық,Абайдан ұлы,Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс. Н.Ә.Назарбаев



Абай қара сөздері-оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.Ұлы ойшыл қара сөздерінде «артқа алаң болмай»алға ілгері басуды арман етті.Қазақтардың тарихи бетін дұрыс жолға бұрды.Ол өмірдегі құбылыстарды жіті қабылдап,өмірдің мездеріне жирене қарады,оқырманын солардан безіндірді.Абай атамыз өз заманында ел билеп,болыс болды.Елбасымыздың кемеңгерлігінің, саясатының арқасында еліміз биік шыңдардан көрініп келеді. «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз»-,деп оны бойтұмар ретінде медеу тұтады.

  Жаңа сабақ   ОН БЕСІНШІ СӨЗ



Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.


Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен -дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.

Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сыната-тұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?

ІV «Абайды оқығанда қара сөзін,сол кезде пайда болған маған сезім»

(Бүгінгі күнмен байланыстыру.)

-Мақал-мәтелдер,нақыл сөздер қолдануға болады.

Қорытынды.Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.

Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады.

Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.

Біз сабақтың басында әр түрлі түсті қағаздарды таңдап алған болатынбыз .Енді әр түстің негізгі ұғымдарын түсінейік.Алда Тәуелсіз мемлекетіміздің қасиетті төл мерекесі келе жатыр.Сол себептен мына көк қағазымызға осы отырған қонақтарға,өзімізе және барша халқымызға тілегімізді білдірейік.

ҮІ. Үй тапсырмасы: он бесінші сөзі

Он бесінші қара сөзі: Өзіңе-өзің есеп бересің бе?…

 VІІ.Бағалау


http://talimger.org/load/ash/adeb/4-1
Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 29.09.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Талапты ерге нұр жауар» 32- қарасөзі

Сабақтың мақсаты: Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін салыстыра отырып,қара сөздерінің мәнін аша білуге үйрету,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.Есту қабілетін,тілін дамыту,ұлттық ойлау заңдылықтарын танып меңгерту,жан-жақты дамыған тұлға ретінде танылуға жетелеу.

Сабақтың құралы мен көрнекілігі:слайд-презентация,коллаж,аудио үн таспа,Абайдың қара сөздері

Сабақтың түрі,типі:дәстүрлі сабақ

Әдісі:дамыта оқыту (сұрақ,жауап,талдау-тарату,жинақтау)

Пәнаралық байланыс: тарих,философия

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а)Психологиялық тренин

(оқушылар жасыл,сары,көк түсті қағаздарды өздері таңдап алады.Сабақтың соңында әр түстің қандай көңіл-күйді білдіретінін атап өтіледі)

Мұғалім.Бүгінгі сабағымызды:
Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл - қызы да болу керек дарынды, -

деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.
- Ендеше үйге берілген тапсырмаға шолу жасайық, кім дайын?

Он бесінші қарасөзіне тоқталу.

Жаңа сабақ Отыз екінші қарасөзі

Мағынаны тану

Оқушылар қарасөздің мәтінін мұқият оқып шығала да, түсініктерін өз сөздерімен дәлелдейді.

Отыз екінші қарасөз

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды. Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің? Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды. Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

Мұғалім. Абайдың талап туралы өлеңін еске түсірейік, оқушылар.

«Ғылым таппай, мақтанба» өлеңін еске түсіру
Асыл сөздің жалғасын тап.
Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық... (Аздырар адам баласын)

Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті... (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)

Тағы сене бастаймын,
Күнде алдағыш қуларға... (Есім шығып қашпаймын, Мен ішпеген у бар ма?!)

Баламды медресеге біл деп бердім... (Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім)

Талап, еңбек, терең ой... ( Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)
Үй тапсырмасы: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «отыз бірінші» қара сөзін жаттау.

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы:06.10.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Еңбек етсең ерінбей» 33- қарасөзі

Сабақтың мақсаты: Абайдың қара сөздерінің тәлім - тәрбиелік сипатын айтып түсіндіру. Ақын жан - жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар, жағдайлар жөнінде айтып, бүгінгімен тоғыстыру;
Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту;
Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау («Миға шабуыл», «ДЖИКСО», топтастыру, Венн диаграммасы), Сатылай кешенді талдау, семантикалық кесте
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, электронды аудио, плакат, үлестірме қағаздар
Пәнаралық байланыс: тарих, өзін - өзі тану
Сабақтың барысы:
⦁ Ұйымдастыру.
⦁ Жаңа сабақ
«Еңбек етсең ерінбей»33- қарасөзі
Абай сан сұраққа жауап іздейді. Қара сөздеріндегі «қазақтың жалқау болатұғын себебі не?», «үнемі уайым қайғыға жан шыдай ма екен?» «Ырыс алды – тірлік дейді, бұл қай тірлік?» «Осы ақылды кім үйренеді, насихатта кім тыңдайды?»т.
Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,
Жүректерді жүрекпен жалғастырып.
Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –
Ынтымақтан туындар бар жақсылық –
деп Фариза жырлағандай Абай тірлікті, білім, ғылымсүйгіштікті, ынтымақты, ырысты қалады. Абайдың нақылы үлкен ой, терең мазмұнды, халықтың нақыл сөздерімен де, шетелдің ақыл иесі, ұлы адамдарының нақыл сөздерімен де тең түседі. Басқаларын былай қойғанда, Абайдың «Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады» дейтін сөзі - асқан құнды пікір де, қорытылған өмір шындығы. Абайдың нақыл сөздерінің ішінде бүгінгі жастарды тәрбиелеу үшін де пайдалы жақтары көп. Оның қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік, т. б. жөніндегі пікірлері бүгінгі тәрбие жұмыстарына нақтылы құрал болуға жарайды.
«Миға шабуыл» әдісі
1. Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар...
( «ДЖИКСО» әдісі мәтінді топқа бөліп оқу. отыз үшінші, отыз жетінші қарасөздермен танысу.)

Отыз үшінші қарасөз Көрікті ойлар Түйін Мәңгілік Ел...


Абай Құнанбаевтың отыз үшінші (33) қара сөзі Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады. Екінші - ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады. Үшінші - «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді. Төртінші - тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?

III Қорытынды:
Талдау жасаңыз. Сатылай кешенді талдау
Авторы: Абай Құнанбаев қазақтың бас ақыны, ойшыл, сазгер, аудармашы
Тақырыбы: Ел мінезін сынау. Жаманнан жирену, жақсыдан үйрену
Жанры: проза (қара сөз)
Идеясы:, адал мал табу, адам болу...
Әдеби - теориялық ұғымдар:
синоним: салдау - салғырттық, еріншектік, алдағыш - алдатқыш
Түсіндірме сөздік: кесел - ауру
Түйін: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Біз де бүгін ұлтішілік татуластыққа да, ұлтаралық татуластыққа да, әлемдегі барлық ел, барлық халықтармен ынтымаққа да, мәдениеттер арасындағы сабақтастыққа да Абайша қарап, Абайша қастерлеуге ерекше мән береміз.
Н. Ә. Назарбаев

Үйге: Қарасөздерді оқып өлеңдерімен салыстыру, сәйкестендіру.



Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы:13.10.2016 ж.

Сабақ тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі


Жалпы мақсаты


Оқушылар ақын өмірі, өлеңнің тақырыбы,мақсаты туралы оқи отырып, мазмұнын айта біледі.Өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыланады.


Сілтеме


Газет-журнал материалдары.Оқулықтар.Интернет желісі

Күтілетін нәтиже


Абай өмір жолы мен өлеңдерін оқй отырып, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.


Негізгі идеялар


Оқушылардың көркемөнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру. Абай ұлылығын терең сездіру.



Тапсырмалар

Жеке жұмыс: Абай өмірі мен өлеңдері туралы оқып мазмұнын білу.

Сабақтың көрнекілігі

Тарих. Абай портреті.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Ұйымдастыру кезеңі




Сәлемдесу. Оқу құралдарының дайындығын тексеру. Балалардың назарын сабаққа аудару.



Оқушылар бір-бірімен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Назарларын сабаққа аударады.



Сергіту сәті

Психологиялық дайындық.



Оқушылар берілген тапсырманы орындап, бір-біріне тілек айтып, топқа бөлінеді.




Жаңа сабақ



Абай Құнанбайұлы «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі.

Қызығушылықты ояту.

«Абай әлемі» Абай туралы білетіндерін сұрау.
Абай өлең шығаруды бала кезінде- ақ бастаған. Ақынның шығармалары, негізінен, үш саладан тұрады: бірі- өзі шығарған өлеңдері: 2.ғақлия немесе қарасөз деп аталатын прозасы.

3. өзге тілдерден аударған өлең-

дері.Абай шығармаларының тақырыбы өмірдің барлық саласын қамтиды.Не нәрсе жайынан жазса да,Абай түбірін,тамырын,ішкі сырын,қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сыры,қасиетін біліп жазған соң сөзінің бәрі де халыққа тіреліп,оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады.

Нағыз өлеңнің қандай болуы керек екеніне жауапты өзі «Өлең сөздің патшасы» атты туындысында береді.

Поэзия бағыты арқылы әр топтың мүшелері үш шумақтан бірін- бірі жалғастырып, өлеңді мәнерлеп оқиды.




Жаңа сабақ бойынша түсінеді. Ойларын жинақтап, өз ойларын

білдіре алады.

Өлеңді әр топ мәнерлеп оқиды.


Қорытынды

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» дегенде ақынның поэзияға қояр талабы қандай?

Бағалау

Формативті бағалау

Үйге тапсырма

Абай өмір жолын оқу. Өлеңнің алғашқы жеті шумағын жаттау. Интернет желісі арқылы іздену.

Кері байланыс

Стикерлер таратамын. Оқушыларға сабақта Не ұнады? Не ұнамады? Өз ойларын жазады, ұсыныс білдіреді.

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы 
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 27.10.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қорытынды тест

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың Абайтану курсынан тоқсан бойына алған білімдерін тест арқылы анықтау,саралау.

2.Абайды таныту.

3.Абай ілімін ұлттық құндылық ретінде бағалай білуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы І.1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақтың мақсатымен таныстыру

3.Тест тапсырмаларын тарату

Абайтану курсы бойынша тест тапсырмасы І –тоқсан

1. Семейдегі Абай оқыған медресе қайсысы?

А) Ғалия; Ә) Ахун – Рахманұлы; Б) Ахмет Риза.

2. Абайды әкесі неше жасында оқудан шығартып алды?

А) 12; Ә) 13; Б)14;

3. Абаймен кездескеннен, атақты әнші, композитор:

А) Ақан сері; Ә) Балуан Шолақ; Б) Біржан сал.

4. Абай өзінің алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жариялады?

А) Ғабитхан; Ә) Байкөкше; Б) Көкбай;

5. Абай Құнанбайұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді? А)1845 ж.Батыс Қазақстан обл.Ә)1845ж., Шығыс Қазақстан обл, Б)1948 ж. Батыс Қазақстан обл.
6. Абайдың мұражайы қай жерде? А) Семейде Ә( Омбыда Б)Алматыда
7. Абайдың руы. А)Шапырашты Ә)Тобықты Б)Керей
8. Абай жақсы көрген ұлттық ойын. А)Тоғызқұмалақ. Ә)Ақсүйек Б)Қыз қуу
9. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? А)1909, Санкт-Петербургте.Ә)1919 ж,Алматыда Б)1929 ж.Семейде
10. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? А)18 Ә)13 Б)23
11. Ақын неше жыл өмір сүрген?А) 59 Ә) 54 Б)61
12. Абай Семейде 3 ай қандай мектепте оқыды?А) семинарияда Ә)медреседе Б)Приходская школада

13. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің түпнұсқасы қай тілде жазылған?

А) Орыс тілінде Ә)неміс тілінде Б) Жапон тілінде

14. «Абай – қазақтың бас ақыны» деген кім?А(М.Әуезов Ә)А.Байтұрсынов Б)М.Дулатов
15. Абайдың әйелі Әйгерімнің шын есімі? А) Шүкіман Ә)Тоғжан Б)Ділдә
15. «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген жазушы

А) Ғ.Мұстафин Ә) М.Әуезов Б) Ғ.Мүсірепов

16. «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» Кімнің сөзі?

А) А.Байтұрсынов Ә)М.Әуезов Б) Ғ. Мұстафин

17.Абайдың тұңғыш жинағын дайындаған, баспаға бастырып шығарған 

А).Ербол мен Кәкітай Ә).Кәкітай мен баласы Тұрағұл Б).Жазушы М.Әуезов

18.Абайғды жеңгелері неге «Телқара» деп атаған?

А)Кескіні қара болғасын Ә)Екі шешесінің тәрбиесінде бірдей өскендіктен Б)Табуға байланысты

19. Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!Нешінші қара сөзінен алынған?

А)12- қара сөзіненӘ)15- қара сөзінен Б) 29-қарасөзінен

20.Он бесінші қарасөзі қалай аталады?

А)Еңбек етсең ерінбей Ә)Талаптың пайдасы Б)Өзіңнен өзің есеп ал

21.Абай отыз екінші қарасөзінде не туралы айтты?

А)Өз-өзіңе есеп беру туралы Ә)Мақал-мәтелдерге сын айтты Б)Талаптың пайдасы туралы

22.Абай 33-қарасөзінде төмендегі сұрақтардың қайсысына жауап іздейді?

А)насихатта кім тыңдайды?Ә) қазақтың жалқау болатұғын себебі не? Б)барлығы дұрыс

23.Абайдың 33-қарасөзі қалай аталады?

А)Еңбек етсең ерінбей Ә)Талаптың пайдасы Б)Өзіңнен өзің есеп ал

24. «...Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы» Үзінді Абайдың қай өлеңінен?А) «Көңілім әнді ұғарсың»Ә) «Құлақтан кіріп бойды алар» Б) «Өлең-сөздің патшасы »

25. Жұмысы жоқтық
Тамағы тоқтық... жалғастыр

А) жалқаудың ғана еншісі Ә)жоғалтар адам баласын Б)аздырар адам баласын

Тест тапсырмаларын жинау, бағалау


Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 10.11.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Сабақтың мақсаты:1.БілімділікАбай шығармашылығынан алған білімдері арқылы оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанын талдап мәнін аша білуге үйрету, оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау. 2.ДамытушылықАбайдың өлеңі арқылы оқушылардың ойын дамыту, тіл байлығын молайту. Ой қорыта білуге,аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту. 3.ТәрбиелікАбай шығармаларынан ғибрат алуға, адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке, өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:СТО технологиясының элементтері, баяндау, шолу, мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, слайд, бейнефильм, сызбалар, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі, бейнелеу өнері, музыка, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А.Құнанбаев шығармалары мен өмір жолы.Өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу

ІІ. Мағынаны тану сатысы

Автор орындығы” Сұрақтарға жауап беріңдер.



1. Абайдың туған жылы? 2. Абайдың шын аты?

3. Абайдың туған жері? 4. “Ұстаздық еткен жалықпас – .....”

5. Абайдың қара сөздері?

6. Табиғат лирикасы тақырыбына жазған өлеңдері?

7. Абай өлеңіндегі бес дұшпан? 8. Бес асыл іс?

9. Абайды әлемге танытқан кім? 10.Абайдың әжесі?

Абайға шолу.

І. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. (Бейнефильм)

Тренинг «Адасқан әріптер»
1)Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы
2)Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін мәнерлеп оқып танысу
Жазушының тілі (өлең құрылысына, әдеби теориясына талдау)
Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан түрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап түрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Диологтық оқыту.(Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды)
1. Өз заманында Абай өлеңдерінің маңызы болды ма?
2. Қазіргі заманда Абай өлеңдерінің маңыздылығы қанша?
“Сергіту сәті” (ОқушыларАбай бір шумақ әнін тыңдап,өздері жалғастыру қажет)
ІІІ. Ой толғаныс сатысы

  1. Топтастыру «постер»



Осы өдең жолдарынан не түйдіңдер?


2. “Еркін жазу” стратегиясы.

Абай өлеңдерінен өз бойларыңа қандай жақсы қасиеттерді сіңірдіңдер?Абай кім?
Сабақты қорытындылау Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім »-өлеңімен аяқтау.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне- өзі орнатып ескерткішті

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм құла қырды

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырған келешекке

Біздермен осы күнгі тербеткен кім?

Тайсалмай мыңмен жалғыз алсқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,

Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам.

4. “Рефлексия” Бүгінгі сабақтан не түйдіңіздер?
Қорытынды.
 Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмытушылықтан  ізденуден жалықпайық.

Үйге тапсырма. Абай Құнанбаев. “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” өлеңін жаттап келу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет