11 сынып
Аптасына – 1 сағат, жылына – 36 сағат
№
|
№
|
Тақырыптар
|
С/с
|
Мерзімі
|
|
I жартыжылдық, 17 сағат
|
І
|
І тарау Қазіргі Абайтану мәселелері
|
Кіріспе. Қазіргі «Абайтану » ғылымын зерттеу жұмыстарының даму бағыттары
|
1
|
|
|
ІІ
|
Білімдіден шыққан сөз
|
2
|
|
|
2
|
1
|
«Өзіңнен өзің есеп ал.» : Он бесінші қарасөз
|
1
|
|
|
3
|
2
|
Отыз бірінші қарасөз
|
1
|
|
|
ІІІ
|
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
|
8
|
|
|
4
|
1
|
Осы мен өзім –қазақпын. Тоғызыншы қарасөз
|
1
|
|
|
5
|
2
|
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі
|
1
|
|
|
6
|
3
|
«Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі
|
1
|
|
|
7
|
4
|
«Бөтен елде бар болса» өлеңі
|
1
|
|
|
8
|
5
|
«Сегіз аяқ» өлеңі
|
1
|
|
|
9
|
6
|
«Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі
|
1
|
|
|
10
|
7
|
«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі
|
1
|
|
|
11
|
8
|
Жиырма екінші қарасөз
|
1
|
|
|
IV
|
|
Абай - сатирик
|
5
|
|
|
12
|
1
|
«Болыс болдым, мінеки» , «Мәз болады болысың» өлеңдері
|
1
|
|
|
13
|
2
|
Көзінен басқа ойы жоқ
|
1
|
|
|
14
|
3
|
Бойы бұлғаң
|
1
|
|
|
15
|
4
|
Менсінбеуші ем наданды
|
1
|
|
|
16
|
5
|
Қырық бірінші қарасөзі
|
1
|
|
|
V
|
Махаббатсыз дүние бос
|
5
|
|
|
17
|
1
|
«Қор болды жаным» , «Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» өлеңдері
|
1
|
|
|
|
|
IІ жартыжылдық, 19 сағат
|
|
|
|
18
|
2
|
«Сен мені не етесің?» өлеңі
|
1
|
|
|
19
|
3
|
«Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі
|
1
|
|
|
20
|
4
|
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңі
|
1
|
|
|
21
|
5
|
«Қызарып, сұрланып» өлеңі
|
1
|
|
|
VІ
|
Алла мінсіз әуелден, пайғам бар хақ
|
7
|
|
|
22
|
1
|
Жүсіп Баласағұн, Ясауи және Абай ілімдері
|
1
|
|
|
23
|
2
|
Абайдың «Толық адам» философиясы
|
1
|
|
|
24
|
3
|
Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі
|
1
|
|
|
25
|
4
|
Жетінші қарасөз
|
1
|
|
|
26
|
5
|
Отыз сегізінші қарасөз
|
1
|
|
|
27
|
6
|
Қырық үшінші сөз
|
1
|
|
|
28
|
7
|
Иманигүл
|
1
|
|
|
VІІ
|
Қазақтың бас ақыны
|
8
|
|
|
29
|
1
|
А.Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны»
|
1
|
|
|
30
|
2
|
Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
|
1
|
|
|
31
|
3
|
Абайдың ақындық мектебі
|
1
|
|
|
32
|
4
|
Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар
|
1
|
|
|
33
|
5
|
Абай және батыс әдебиеті
|
1
|
|
|
34
|
6
|
Абай және шығыс әдебиеті
|
1
|
|
|
35
|
7
|
Абай және орыс әдебиеті
|
1
|
|
|
36
|
8
|
Абайдың аударма тіліне талдау
|
1
|
|
|
|
Барлығы
|
|
36
|
|
|
Түсінік хат
«Абайтану» курсы Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы
маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы заңдылық. Ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында 10-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы оқу пәнінің бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар
жоспарының» 41 және 42-тармақтарына сәйкес әзірленді. «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген.
Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы 10-сыныпқа арналған «Абайтану» курсының жылдық оқу бағдарламасына 34 сағаттан бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.
Абайтану» бағдарламасы мектеп оқушыларына Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын жан-жақты саралай отырып, терең ұғындырып, Абайтанудың тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін танып білуге баулиды.
Тақырыптардың өзара сабақтастығы, мазмұны жағынан топтастырылуы, жалғастығын табуы курстың басты ұстанымы етіп алынған.
Курсты оқытудың мақсаты: ұлы ақын шығармалары арқылы елжанды, ұлттық идеологияны бойына сіңірген, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану;
ақын шығармашылығындағы тұлға концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау;
ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын үлгі ету;
ақынның қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
ақынның туындыларын оқыту арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу;
Абайдың ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы айтқандарын оқыту арқылы жастарды өмірден өз орнын табуға шақыру.
Курс жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан жүргізілмейді.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
Бағдарламада:
Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;
Ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;
Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:
қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:
ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнерін- е игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне; курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер, кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |