Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.
5-сыныптағы өзін-өзі тану пәні бойынша білім мазмұнының құрылымы мен негізгі идеялары мектептің бастауыш сатысымен сабақтастығын сақтай отырып, төмендегідей 4-тараудың аясында дамытылады:
1.Таным қуанышы
2.Қарым-қатынас жарастығы
3.Адам болам десеңіз...
4.Әсемдік әлемінде
Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі және тұлғалық қалыптасуы қамтылады.
5-СЫНЫП
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№
|
Бөлім тақырыбы
|
Жалпы сағат саны
|
Мемлекеттік стандарт
|
1
|
I тарау. Таным қуанышы
(1–тоқсан)
|
8 сағат
|
Адамның мінез-құлқы туралы түсінік. Жақсы мінез мәнінің ашылуы. Ерік, жігер құндылықтары мәнінің ашылуы; адам ойын нақты жеткізе алуы, босқа сөйлемеуі, шектен шықпауы, өмірде өз ұстамдарына берік болуы туралы түсінік. Дербес және жауапты шешім қабылдай алуы және оны негіздей білуі. Басқа адамдардың ар-ұжданына нұқсан келтірмей, өз қағидаларына, ұстанымдарына берік болуы.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |