|
Тақырыбы
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
Өтетін күні
|
АКТ
|
Көрнекілік
|
I тарау Адам және өмір (8 сағат) I-тоқсан
|
1-2
|
Өзіңді тану - өмірді тану
|
Кіріспе сабақ. Әр адамның өзін-өзі тануы, олардың өмірді түсінуі, бағалауы түсініктерінің кеңейтілуі. Өмірдің сынақтарынан сүрінбей өту, жақсылығын бағалау, қуанышын бөлісе білу және т.б. Өмірдің адам үшін маңыздылығы. Мазмұнды да, мәнді өмір сүру.
|
2
|
|
|
|
3-4
|
Салауаттылық - өмір негізі
|
Денсаулық – өмір өзегі. Денсаулық, Ұзақ өмір. Мәнді, мазмұнды өмір. Денсаулықты нығайту. Денсаулыққа зиянды, пайдалы әрекеттер. Салауатты өмір салты. Адам өміріне зиянды әрекеттерден аулақ болу: нашақорлық, ішімдік ішу, шылым шегу, СПИД және т.б
|
2
|
|
|
|
5-6
|
Әсемдік – өмір жарасымы
|
Табиғат әсемдігі. Адамның табиғатқа әсері. Әсемдікті, сұлулықты сезіну.Өнердің адам өмірінің көркеюіне ықпалы.
|
2
|
|
|
|
7-8
|
Еңбек – өмір мәні
|
Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы. Еңбектің шығармашылыққа ұласуы. Адамның шығармашылық қабілетін ашу. Шабыт, ынта, жігер, талап т.б. ұғымдар туралы түсініктер.
|
2
|
|
|
|
ІІ тарау. Адам болам десеңіз... (8 сағат) ІІ-тоқсан
|
9-10
|
Жақсылық – жан жадыратады
|
Жақсылық жасау. Жақсы сөз айтудың адами қарым-қатынаста алатын орны. Адамның өз көңіл күйін, эмоцияларын, сезімдері мен әрекеттеріне талдау жасай білуі. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы.
|
2
|
|
|
|
11-12
|
Ар-намыс керек адамға
|
Ар-намыс, ұят ұғымдарын адамгершілік ұғым ретінде мәнін ашу. Өзіне-өзі есеп беру, өзінен-өзі ұялу, өзін-өзі тәрбиелеуі және т.б
|
2
|
|
|
|
13-14
|
Мінез – адам көрсеткіші
|
Адамның мінез-құлқы туралы түсініктерін дамыту. Жақсы мінездің қалыптасуы. Өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары мен қылықтарын талдай білуі және сыни тұрғыдан бағалауы, өз ойы, сөзі және ісіне жауапкершілікпен қарай алуы.
|
2
|
|
|
|
15-16
|
Адалдық– адамдықтың белгісі
|
Адалдық. Адамдарға жақсылық ойлау. Ой мен істің ұштасуы. Адамның өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізуі және оны негіздей алуы. Шындық пен жалғандықты ажырата білу.
|
2
|
|
|
|
|