Архивтік сала
Оңтүстік Қазақстан облысында мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес мұрағаттарды материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру едәуір жақсарды.
ОҚО Ұлттық мұрағат қоры Өзбекстан Республикасының Орталық мұрағаттарынан әкелінген, тарихи құндылығы бар құжаттармен 446 сақтау бірлігіне көбейді. Оның ішінде «1864-1936 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы бойынша Өзбекстан мұрағаттарынан әкелінген құжаттар» коллекциясы 293 сақтау бірлігіне, ал «Түркістандағы қазақ ұлттық интеллигенциясының өмірі мен қызметі туралы» құжаттар коллекциясы 83 сақтау бірлігіне артты.
«Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында шетел мұрағаттарынан өңіріміздің тарихына қатысты құжаттарды іздестіру және олардың көшірмелерін әкелу жұмысы жалғасын табуда. 2013 жылы Өзбекстан Республикасының Орталық кітапханаларында арнайы жұмысшы тобы құжат ісдестіру жұмыстарын жүргізіп, 2142 парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері әкелінді. 2014 жылы Өзбекстан Республикасынан 30 істен тұратын құжат көшірмесі әкелінді.
Жеке құрам бойынша құжаттардың орналасқан жері туралы картотекаларды толтыру үшін мәліметтер жинақтау жұмыстары жүргізілуде.
2013 жылдың 1 қаңтарына ОҚО бойынша 1413998 сақтау бірлігі мемлекеттік мұрағаттарға қабылданды. Оның ішінде 538558 с.б. жеке құрам құжаттары, 2013 жылы 861479 с.б. басқару құжаттары, 2013 жылы - 13691 с.б., фотоқұжаттар. 2011 жылмен салыстырғанда құжат қабылдау көлемі 4083 с.б. өскен.
2014 жылдың 1 қаңтарына 1476131 сақтау бірлігі мемлекеттік мұрағаттарға қабылданды. Оның ішінде 2014 жылы 549125 с.б. жеке құрам құжаттары, 2014 жылы 871605 с.б. басқару құжаттары, 2014 жылы - 28754 с.б, фотоқұжаттар. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда құжат қабылдау көлемі 22235 с.б. өскен.
2013 жылы жеке және заңды тұлғалардан 30732 сұраным келіп түсті, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету Орталықтары арқылы 20797 сұраным қабылданды. Қабылданған сұранымдардың 30087-і (98%-ы) қанағаттанарлық нәтижемен орындалды. Алыс және жақын шетелдерден келген 3856 сұранымның 3233-іне (84%-на) оң нәтижелі жауаптар жіберілді.
2013 жылы 30 млн. теңгеге мұрағат құжаттарын электронды жүйеге көшіруге арналған техника сатып алынды. 2013 жылдың қазан айынан бастап 2014 жылдың 1 тамызына дейінгі аралықта барлығы 707 істің 103142 парағы сканерленіп, сандық таңбаға көшірілді. Халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің (мұрағаттық анықтамалар беру) сапасын жақсарту мақсатында Е-әкімдік жүйесі енгізілді.
Шымкент қалалық мұрағаты ғимаратының құрылысы үшін облыстық бюджеттен 525,0 мың теңге (2014 жылға – 418,052 мың теңге, 2015 жылға – 103,0 мың теңге) бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Тілдерді дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысының тіл саясаты мемлекеттік тілдің ұлт бірлігінің негізгі факторы ретінде кеңінен қолданылуын қамтамасыз етуге жағдай жасауға, өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.
Облыста Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік тілді оқыту орталығы бар. Ол орталықта 9456 облыс тұрғыны мен мемлекеттік қызметкер оқытылды.
Тіл үйрету базасын қамтамасыз ету мақсатында «Ономастикалық анықтағыш» анықтамалығы (1000 дана) мен «Көпсалалы электронды сөздік» көпсалалы электронды сөздігі (800 дана), «Ісқағазының мемлекеттік тілдегі стандарттық үлгілері», «Ісқағаз жүргізуде жиі қолданылатын сөз тіркестері» мен өзге ұлт өкілдеріне арналған әдістемелік құралдар әзірленіп, шығарылды.
Тұрақты түрде мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізуге мониторинг жүргізіледі.
2009 жылы мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу көрсеткіші 90,2%-ға жетті.
Өңіріміздегі лингвистикалық капиталды сақтау мақсатында 20 этномәдени орталық жанындағы 11 жексенбілік мектепте облыста тұратын этностардың тілдері оқытылады. Бұл мектептерде 300 тыңдаушы өз ана тілдерін (татар, неміс, иран, корей, еврей, грек, грузин, түрік, поляк, ұйғыр, күрді) оқып-үйренуде.
Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тілді 2017 жылға қарай 80 %-ға, 2020 жылға 95 %-ға, ал ағылшын тілін 20 %-ға жеткізу тапсырылған.
2012 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 88,4%, 2014 жылы - 89,2%, орыс тілін 2012 жылы - 60,4 %, 2014 жылдың 9 айында - 63,5 %, ағылшын тілін 2012 жылы - 6,4 %, 2014 жылы - 7,0 % меңгерген.
2013 жылы тіл оқыту орталықтарында 3467 адам тіл оқып үйренді. Оның ішінде, 1654-і мемлекеттік тілді, 634-і орыс тілін, 1179-ы ағылшын тілін оқып шықты.
Облысымызда ақысыз тілдерді оқыту мемлекеттік орталықтары ашылды. Ақырында, оның саны 15 бірлікке дейін өсті.
2014 жылы 9 айында тіл үйренушілер саны 2912-ге жетті (мемлекеттік тілді 1212 адам, орыс тілін 696, ағылшын тілді 1004 адам). Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 96%-ы қазақ, 4%-ы өзге ұлт өкілдерін құрайды. Олардың 99%-ы мемлекеттік тілде еркін іс-қағаз құжаттарын жүргізе алады. Ал, 76%-ы орыс тілін, 2%-ы ағылшын тілін еркін меңгерген.
Ішкі саясат
Жастар саясаты
2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 14―29 жасындағы жастар саны 701,1 мың адамды құрайды, немесе облыс халқының 30,6 %, 2013 жылы 773,4 мыңнан астамын құрап, 28,9 % болды. Оның ішінде ауыл жастары 473,3 мың болса, 300,1 мыңнан астамы - қала жастары. Бұл көрсеткіш республикадағы кейбір облыстың тұрғындарымен салыстырғанда 1,5 есеге көп.
Жастардың қоғамдық өміріндегі негізгі рол атқаратын және жастардың мәселесін шешетін 52 қоғамдық жастар бірлестіктері тіркелген. Кеңестік орган статусын иеленген облыс әкімі жанындағы облыстық жастар істері жөніндегі Кеңес, «Жастар орталығы» МКҚК және облыстық жастар ресурстық орталығы қоғамдық бірлестікпен мемлекет арасындағы қарым қатынасты реттейді.
Облыстық Әділет департаментінде тіркелген 78 жастар қоғамдық ұйымдары бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2013 жылдан бастап барлық деңгейдегі аудан, қала әкімдіктері жанындағы Кеңеске аудан, қала әкімдері төрағалық етуде. Сонымен қатар 2013 жылы барлық деңгейдегі Кеңестің 52 отырысы өткізілсе, онда 205 тапсырма беріліп, бүгінгі таңда 200 тапсырма толығымен орындалып, 5 тапсырма 2014 жылдың І-ші тоқсанында толығымен орындалды.
Облыста 2008-2010 жылдарға арналған жастар саясаты жөніндегі өңірлік бағдарламасы аясында мемлекеттік жастар саясаты белсенді жүзеге асырылуда, нәтижесінде жастардың дамуына және әлеуметтік қалыптасуына, шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жағдай және кепілдіктер жасалған, жастар арасында патриоттық деңгейдің жоғарлағаны байқалады.
Оқушыларды және студент жастарын жазғы демалыс кезінде уақытша жұмыспен қамту мақсатында студенттік құрылыс отрядының облыстық штаб жұмысы ұйымдастырылды. 2009 жылы СҚО жалпы студенттер саны 730 адамды құрады, «Жасыл ел» отрядында 3180 адам астам жұмыс істеді.
Нашақорлық, токсикомания және алкоголизм проблемаларын алдын алу және күресу мақсатында облыста 10 балалар-жасөспірім клубтары құрылып, 3500 адам қамтылған, оның ішінде аз қамтылған және қолайсыз отбасылардан 2800 адам.
Оқушылар, студенттер және аспиранттар арасында талантты жастарды таңдау мақсатында қоғамдық, техникалық және гуманитарлық ғылымдыр бойынша үздік ғылыми жұмыстарға байқаулар, олимпиадалар өткізіліп тұрады. «Жас Қазақстандық» атты облыс әкімінің премиясы айқындалған.
Жастар проблемасын шешуге бағыталған жобаларды жүзеге асыру және оларды қоғамдық өмірге тарту мақсатында, жыл сайын жастардың әлеуметтік жобаларының байқауы өткізіліп тұрады.
Облыста «Студент», «Жастар дауысы», «Молодежка» қосымша басылымдар және «Ұркер», «На самом деле», «Час без родителей», «Жас толқын» т.б. телевизиялық бағдарламалар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 603 қаулысымен «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген болатын. Аталмыш тұжырымдаманың 3 кезеңнен тұратын іс-шаралар жоспары негізгі 10 бағыт бойынша жұмыс жасалды.
Қол жетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағыты бойынша бүгінгі таңда облысымызда 11 жоғары оқу орны мен 92 арнаулы орта оқу орындары бар. Жоғары оқу орындарында барлығы 71 942 студент білім алса, арнаулы орта оқу орындарында білім алатын студенттердің саны 77 094 мыңнан асып отыр.
Облыста 2013 жылы жоғары оқу орындарын аяқтап, жұмысқа орналасқан студенттер туралы мәліметтер базасы жинақталып, сараптама жұмыстар жүргізілді. Сараптама нәтижесінде 10 жоғары оқу орнын (Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясынан басқа) 2013 жылы 20 398 студент бітірсе, соның ішінде 14 527- сі жұмысқа орналасқан.
Жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің өзекті мәселелерінің бірі – жатақхана мәселесі. Яғни облысымыздағы 9 жоғары оқу орнында 22 жатақхана бар. Облыстағы 71 мыңнан астам студенттің 6000-нан астамы жатақханада тұрса, қалғандары пәтер жалдап, туыстарының үйлерінде тұруда. Облыстағы жатақханалардың жеткіліксіздігі туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар ісі кеңесінде бірнеше рет көтеріліп, Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар берілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны жыл сайын артуда. 2010 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 296 352 адамды немесе 12 % құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 379 218 адамды немесе 14,5 % құраса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың саны 427 602 адам қамытылып, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 16 %-ға жетіп отыр. Ал, 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы шұғылданушылар саны 6,5 % құрап отыр. Жыл соңында 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарға сәйкес 18 % жету жоспарланған.
Жоспар бойынша 14 аудан, қалаларда 186 ауыл округінің 2000 астам жастарының тікелей қатысуымен «Ауылдың болашағы – жастардың қолында!» марафоны аясында «Спорт бізді біріктіреді» ауыл жастарының волейбол және шахматтан спорттық сайысы өтті. Қорытындысы Шымкентте облыстық жарыспен ұйымдастырылып, қорытындыланды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында «Жастар практикасына» 2014 жылдың 1 қаңтарына 1651 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалып, оларға жастар практикасына жұмыссыз жүрген 7242 оқу бітіруші түлек жас маман жіберілді, (оның ішінде ауылдық жерлерден 3320 адам). Жұмыс мерзімінің аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орнына орналасқан 4960 адам, яғни 68,4 % қамтылды.
Аталған бағдарлама бойынша биыл кәсіби оқуға 1658 жас азамат жолданған (оның ішіндегі ауылдық жерлерден 953 адамның немесе 57,5 % жастар құрайды) Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарына 2953 нысаналы топтағы жас азаматтар жолданған (оның ішінде ауылдық жерлерден 1494 адам).
2013 жылдың мамыр – желтоқсан айлары аралығында «Жастар шағын және орта бизнесте!» жобасы аясында «SHYMKENT START UP» үздік бизнес жобалар конкурстарын өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы, қызмет көрсету, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары бойынша үздік бизнес жобаларға 250 000 теңгеден 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы берілді. Жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау мақсатында мотивациалық ақпараттық брошюралар, буклеттер, әдістемелік құралдар таратылды.
2013 жылдың қыркүйек айында жастардың үздік бизнес жобаларын қолдау мақсатында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып «ОҚО Коворкинг орталығы» жастар бизнес инкубаторы жұмысы ұйымдастрылды. «ОҚО Коворкинг орталығы» жастар бизнес инкубаторы базасында жұмыс жасауға «Shymkent technologies» компаниясы, «Алтын-ғасыр» дизайн компаниясы, «Otau home services» клинигтік компаниясы, «Sulu models» агенттігі, «Оңтүстік аударма» агенттігінде 52 жас жұмыспен қамтылды.
Облыстың аудан, қалаларында және оқу орындарындағы жастармен 6 жоба аясында «Жастарға ой толғаймын», «Тәрбие тал бесіктен», «Жастық самғау бал кеші», «Ізгілікпен махаббат байқауы», «Отан – отбасынан басталады», «Ұлттық Дельфий ойындары» тақырыптарында 70-ке жуық іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырылып, оған 20 мыңға жуық жастар қамтылды.
Жастар ұйымдарының белсенді тарта отырып, жастар ортасында жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған 12 бейнероликтер әзірленіп жергілікті телеарналарда көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 120 баннер дайындалып аудан, қалаларда ілінді. Сондай ақ, азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 6000 дана әдістемелік құралдар шығартылып аудан, қалалардың жастар орталықтарына таратылды.
Сонымен қатар аудан, қалалардағы ауыл жастарына қолдау көрсету аясында олардың белсенділіктерін арттыру, талантты, дарынды, шығармашыл жастардың өнерін шыңдау мақсатында «Жастар Отанға» саяси лагері, жоғары оқу орындары арасында «Студенттік көктем» фестивалі, түрлі этнос жастарының «Достық лагері» мен «Бірлігіміз жарасқан» этно-керуені сияқты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
2014 жылғы облыстық статистиканың мәліметі бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 773,4 мыңнан астамын құрап отыр, облыс халқының 28,9 %. Оның ішінде ауыл жастары 473,3 мың болса, 300,1 мыңнан астамы қала жастары.
Облысымыздың барлық аудан, қалаларда "Жастар орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемелері құрылып, материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген.
2013 жылы облыстағы аудан, қаланың барлық ауылдық округтерінде бір штаттық қызметкерден берілді, қазіргі танда жастар жұмысымен 238 маман бар.
Жастарды отансүйгіштік, туған елінің патриоты болуға, жастардың белсендігін арттыру мен талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында 21 бағытта арнайы жоба жүзеге асырылып, 9 айдың нәтижесі бойынша 120 дан астам іс-шаралар өткізіліп оған 12 мыңға жуық жастар қатыстырылды.
2014 жылы 458 студентті демалыс айларында құрылыс нысандарына жұмысқа тарту мәселесі бойынша қазіргі таңда облыстық бірнеше мердігер компаниялармен келісімге келіп, студент құрылыс жасақтары тиісті компанияларда жұмыстар атқаруда.
«Жасыл Ел» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2014 жылы «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының республикалық штабынан Оңтүстік Қазақстан облысына 857 жасқа квота бөлініп және жұмыс жасайтын әр бір жас тегін жұмыс киімімен (күртеше, жейде, беисболка, аяқ киім) қамтамасыз етілді
Бұқаралық ақпарат құралдары
Облыста 2012 жылы - 433, 2014 жылы - 240 БАҚ тіркелген, оның ішінде әрекет етіп тұрған – 194, оның ішінде 2012 жылы - 181 немесе 93 %, 2014 жылы - 220 немесе 91,6 % - баспа басылымдар (2012 ж. 170-газет, 11-журнал, 2014 ж. 182-газет, 38-журнал), электрондық БАҚ – 2012 ж. 13 немесе 7 %, 2014 ж. 20 немесе 8,3 % (2012 ж. 8, 2014 жылы 10 телекенал, 3 радио, 2 кабелдік теледидардың операторлары, 2014 жылы 7 – интернет ресурс).
Тематикалық бағыт бойынша ақпараттық бағыттағы БАҚ үлесі жоғары –2012 жылы 41,9%, 2014 жылы - 46,7 %, қоғамдық саяси бағытта 2012 жылы 22,6%, 2014 жылы - 53,3 %, 90% мемлекеттік емес БАҚ.
Басылымдардың және телевизиялық бағдарламалардың сапасы және деңгейінің жоғарылағаны байқалады.
Интернет сайты бар БАҚ саны өсуде.
Басылымдардың тираждары да өсуде (қоғамдық саяси бағыттағы басылымдардың саны 5 мыңнан 36 мың экземплярға дейін барады).
«Қазтелерадио» инфрақұрылымы облыс аймағын «Хабар»-92,7 %, «Қазақстан» - 98,9 %, «Евразия» -78 %, «Қазақстан-Шымкент» -78,6 % қамтиды.
Кабелдік теледидарда кең тараған, қазіргі таңда ол 2 операторлармен ұсынылған.
2012 жылдан бастап облыс көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының саны 235. Оның 95 % баспа (192-і газет, 31-і журнал) 5 % электронды БАҚ (9-ы телеарна, 3-уі радио, 4 кабельді оператор).
Спорт
Облыс көлемінде 2009 жылы - 61 мемлекеттік спорт мекемелері қызмет атқаруда, оның ішінде 35 БЖСМ, 17 ОРДБЖСМ, 2 ЖСШМ, Б.Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаты, 4 МКҚК және «Ордабасы» кәсіби футбол командасы» акционерлік қоғамы жұмыстар жүргізуде.
2013 жылы облыста 76 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс атқарды. Оның ішінде: 18 облыстық, 48 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 8 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары мен 1 акционерлік қоғамы.
2009 жылы облыс көлемінде спорт нысандарының жалпы саны - 3529 бірлікті құрап, оның ішінде 21 стадион, 1 спорт сарайы, 1 оқу-жаттығу орталығы, 27 спорт кешені, 18 жүзу бассейні оның ішінде, 2 жабық бассейн, 16 ашық бассейін жұмыс жасайды. Ал, облыстың ауыл-аймақтарында барлық спорт нысандарының саны 2772 бірлікті құрап отыр.
2013 жылдың қорытындысымен облыс көлемінде спорт нысандарының жалпы саны - 4932 бірлік тіркелген. Оның ішінде: 27 - жүзу бассейні, спорт залдары – 846, спорттық манеждер – 11, ашық ату тирі – 203, қарапайым спорт алаңдары – 3608, ипподром – 2, хоккей корттары – 1, ату алаңы – 1, теннис корттары – 34 және ыңғайластырылған залдар - 137.
Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың 2009 жылы жалпы саны 176 837 адам немесе жалпы тұрғындардың 9,9% құрады. 2012 жылдың қорытындысымен 427 602 мың адам 16 %-ға жетсе, 2013 жылы 488321 мың адам 18 %-ға дене шынықтыру және спортпен шұғылданған.
Облыстың спорт мектептерінде спортпен айналысушылар спорттың 49 түрімен шұғылданады, оның ішінде 27 олимпиадалық спорт түрімен 28 212 адам шұғылданады, ал, олимпиядалық емес спорт түрімен 7 610 адам шұғылданады. Облыс бойынша 2013 жылы спорттың 58 түрі дамуда: 35 - олимпиадалық, олимпиядалық емес – 23.
Спорт түрлерінен облысымыздың 638 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына еніп, оның ішінде: 254 – ересектер, 201 - жастар, 183 - жасөспірімдер құрамасына енген. 924 спортшы 1-ші санатты, 1126 спорт шеберіне үміткерлер, 110 – спорт шеберлері, 20 халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде 2009 жылы облыс спортшылары 259 алтын, 224 күміс және 269 қола медаль жеңіп алған (2008 жылы, 247 алтын, 208 күміс және 271 қола медаль).
2009 жылы Азия чемпионаттары мен біріншіліктерінде облыс спортшылары 55 алтын, 24 күміс және 27 қола медаль жеңіп алды (2008 жылы, 51 алтын, 23 күміс және 26 қола медаль).
2012 жылы облыс спортшылары спорттың 52 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, барлығы 1086 медаль жеңіп алған. Оның ішінде: 367 алтын, 348 күміс, 310 қола медальдарына қол жеткізді.
2013 жылдың қортындысымен Азия чемпионаттарында облыс спортшылары, 34–алтын, 20 – күміс және 23 – қола медальге қол жеткізді (2012 жылы 13 алтын,7 күміс, 10 қола) осы уақыт арасында өткен Әлем чемпионаттарында облыс спортшылары, 9 - алтын, 9 - күміс және 13- қола медальге ие болды.(2012 жылы 15 алтын, 4 күміс,12 қола).
Сонымен қатар, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 13 алтын, 7 күміс және 10 қола медальге, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 15 алтын, 4 күміс және 12 қола медальге ие болды.
2013 жылы 713 медальге қол жеткізіп отыр. Оның ішінде: Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде 221 алтын, 213 күміс, 228 қола, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 19 алтын, 11 күміс және 13 қола медальге, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медальге ие болып отыр. Облыс спортшылары 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 26 медальге көбейген.
Жалпы әлеуметтік саланың негізгі проблемалары:
- облыс ауыл тұрғындарының қалаға көшуі;
- орта кәсіптік білім беру мекемелеріне мұғалімдердің жетіспеушілігі;
- дәрiгерлiк қызыметкерлердің бiлiктiлiк деңгейiнің жеткiлiксiздігі;
- медицина мекемелерiндще құрал- жабдықтардың жеткiлiксiздігі;
- Шымкент қаласында нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң көрсеткiштерiнiң өсуi;
- халықтың мәдени белсенділігінң жеткіліксіздігі;
- әлеуметтік салада бюджет қаражатын қолдану тиімділігінің төмендігі.
2.2.3. Инфрақұрылым кешені
Элетроэнергетика
Электрэнергетика облыс экономикасының базалық саласы болып табылады. Энергияның ішкі көздері аймақтың электроэнергиясына деген жалпы тапшылығының 45 %-47 % қамтамасыз етеді.
Электр және жылу энергиясын өндірудің динамикасы
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж
2010 ж.%
|
Электр энергия
|
млрд. кВт. Сағ.
|
1,32
|
1,38
|
1,23
|
85,4
|
Жылу энергия
|
млн. Гкал
|
1,2
|
1,4
|
1,5
|
128,3
|
Өнеркәсіп өндірісінің жылдан жылға артуымен экономиканың нақты секторының және облыс тұрғындарының электр энергиясына қажеттілігін толығымен қанағаттандыруда. Стансалар өндіретін электр энергияның көлемі келесі таблицада көрсетілген.
Стансалар өндіретін электр энергияның көлемі
Электрстанциялар
|
2008 жылы
|
2009 жылы
|
2010 жылы
|
2011 жылы
|
2012 жылы
|
2013 жылы
|
2014 жылы 9 айға
|
Өсуі, %
|
«Шардара СЭС» АҚ
|
627,5
|
627,5
|
670,5
|
495,7
|
569,3
|
464,5
|
446,9
|
96,2
|
«3-Энергоорталық» АҚ
|
683,3
|
753,4
|
867,9
|
824,4
|
804,8
|
741,7
|
934,1
|
125,9
|
«Келесгидрострой» АҚ
|
4,8
|
4,8
|
3,2
|
3,2
|
5,0
|
5,2
|
5,23
|
100,4
|
Барлығы:
|
1315,6
|
1385,7
|
1541,6
|
1323,3
|
1 379,1
|
1211,4
|
1386,2
|
114,4
|
Әр түрлі иеліктегі 3 электр стансасында электр энергиясы өндіріледі.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр стансалар
Электрстансалар
|
Белгіленген қуаты
|
«Шардара СЭС» АҚ
|
100
|
«3-Энергоорталық» АҚ
|
160
|
«Келесгидрострой» АҚ
|
1,32
|
Барлығы:
|
261,32
|
Облыс тұтынушыларымен бүгінгі таңда 280-290 МВт көлемінде орташа сағаттық электр қуатын тұтынады.
Облыс электроэнергиясына үлкен тапшылыққа ие. Энергияның ішкі көздері аймақтың электроэнергиясына деген жалпы тапшылығының 45-47% қамтамасыз етеді, ал қалған жетпейтін көлемі, негізінен елдің солтүстік аймақтарынан алынады. Электроэнергия тапшылығының 40-45 млн. кВт/с көлемі, Нарын-Сырдария ГЭС каскадын кешенді қолдану туралы Үкіметаралық келісімі негізінде Қырғыз Республикасынан алу есебінен жабылады.
Облыс тұтынушыларының электр энергияны орташа тұтынуы:
-
қыс мезгілінде 430-470 МВт, тапшылығы, немесе сырттан
тасымалданатыны 45-47 %;
-
жаз мезгілінде 330-350 МВт, тапшылығы, немесе сырттан
тасымалданатыны 55-60 %;
Сонымен бірге, облыстың электр энергияға тапшылығы солтүстік өңірлерден және Жамбыл ГРЭС-нен тасымалданады.
Облыста барлығы 25 517,7 шқ. әуе, кабілдік электр желілері, 7311 дана қосалқы станциялар мен трансформаторлар бар, атап айтқанда:
-
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгеріміндегі электр желілері 22 810,6 шқ., қондырғылары 6127 дана, жалпы үлес салмағы 89,8 %, тозығы жетуі 62 % құрап отыр;
-
Аудан, қалалардың коммуналдық меншігіндегі электр желілері 1704,6 шқ., қондырғылары 981 дана жалпы үлес салмағы 7,5 %, тозығы жетуі 42 % құрап отыр. Бұл жерде бұрынғы иесіз қазіргі кезде коммуналдық меншікке алынған электр желілері мен қондырғылары есепке алынған.
Жекеменшіктегі электр желілері 959,4 шқ., қондырғылары 426 дана, жалпы үлес салмағы 2,7 %. Жекеменшіктегі электр желілері мен қондырғыларының тозығы жетуін азайту мемлекеттік инвестиция есебінен жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |