Түстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/261-V



бет9/18
Дата23.02.2016
өлшемі2.68 Mb.
#3275
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18


Қызмет көрсету

Сауда. Қазіргі кезде сауда облыс экономикасы дамуының басымды бағыттарының бірі болып табылады. Облыстың тұтынушылық нарығы тауарлардың кең ассортиментімен мінезделеді.

2009 жылы жалпы тауарайналымы 2008 жылдың деңгейіне 87,2%, 319,5 млрд.теңгені құрады.

Облыс бойынша 2009 жылы ұсақ тауар айналымының жалпы көлемі 104,9 млрд.теңгені құрады, немесе 2008 жылдың деңгейіне 96,6 % құрады.

2009 жылы сауда мекемелердің айналымы 54,6 млрд.теңгені, сонымен қатар, ұсақ тауар айналымының жалпы көлемінен 52 % құрады.

Нарық пен жеке кәсіпкерлермен игерілген ұсақ үлестірудің бағалау көлемі 50,3 млрд.теңгені құрады.

Ұсақ тауар айналымының жалпы көлемінің 34,8 млрд.теңгесі азық-түлік өнімдеріне келеді, оның ішінде 28,9 млрд.теңгесі – отандық тауарларына.

Ұсақ тауар айналымында азық-түлік емес тауарларын үлестіру көлемі 70,1 млрд.теңгені құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 1,6 %-ға көтерілген.

2009 жылда облыстың көтерме сауда айналымы 214,5 млрд.теңгені құрады, немесе 2008 жылдың деңгейіне 80% келеді. Тауар айналымының жалпы көлемінде көтерме сауда айналымының үлесі 67,1 %-ды құрады.

2012 жылы ұсақ тауар айналымының жалпы көлемі 237,1 млрд. теңгені, немесе 2011 жылдың деңгейінің 117,2 % құрады.

2012 жылы сауда мекемелердің айналымы 142,5 млрд.теңгені, сонымен қатар, ұсақ тауар айналымының жалпы көлемінен 60,1 % құрады.

Нарық пен жеке кәсіпкерлермен игерілген ұсақ үлестірудің бағалау көлемі 94,6 млрд.теңгені құрады.

Ұсақ тауар айналымының жалпы көлемінің 55,4 млрд.теңгесі азық-түлік өнімдеріне келеді.

Ұсақ тауар айналымында азық-түлік емес тауарларын үлестіру көлемі 181,7 млрд.теңгені құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 162,5 %-ға көтерілген.

2012 жылда облыстың көтерме сауда айналымы 486,0 млрд.теңгені құрады, немесе 2011 жылдың деңгейіне 71,9% келеді. Тауар айналымының жалпы көлемінде көтерме сауда айналымының үлесі 67,2 %-ды құрайды.

2013 жылы жалпы тауар айналымы 2012 жылдың деңгейіне 106,6 %, 811,2 млрд.теңгені құрады.

Облыс бойынша 2013 жылы ұсақ тауар айналымының жалпы көлемі 247,1 млрд.теңгені құрады немесе 2012 жылдың деңгейіне 21,8 % құрады.



2013 жылы сауда мекемелердің айналымы 124,2 млрд.теңгені, сонымен қатар, ұсақ тауар айналымының жалпы көлемінен 50,3 % құрады. Бағалау көлемі
2012 жыл



Тауарлардың атауы

Ұсақ сауда


Көтерме сауда

үлестіру, млн.тенге

%

үлестіру, млн.тенге

%

1

Көкөністер мен жеміс-жидектер

3666,1

10,5







2

Ет

8189,6

23,5







3

Шұжық өнімдері

1014,9

2,9







4

Нан мен кондитерлік өнімдер

1139

3,3







5

Шоколад және шоколад пен қанттан жасалған өнімдер

1546,9

4,4

7805,2

3,6

6

Сүт тағамдары мен жұмыртқалар

2188,7

6,3

5160,7

2,4

7

Тағамдық майлар мен майлар

2034,1

5,8







8

Қант

1655,1

4,8







9

ұн

1204,6

3,5







10

Сусындар, сонымен қатар алкогольді

7472,2

21,5

12390,0

5,8

11

Темекі бұйымдары

1727,1

5,0

7766,8

3,6

12

Тазалауға арналған бұйымдар







7009,8

3,3

13

Фармацевтикалық және медициналық тауарлар







22527,9

10,5

14

Бензин







19036,4

8,9

15

Қара металл







4184,4

1,9

16

Басқа құрылыс материалдары







9608

4,5

17

Тоқыма жіптері







5190,3

2,4

18

Қалдықтар мен сынықтар







7886

3,7


2013 жыл



Тауарлардың атауы

Ұсақ сауда


Көтерме сауда

үлестіру, млн.тенге

үлестіру, млн.тенге

1

Көкөністер мен жеміс-жидектер

6765,0

19828,2

2

Ет

7307,7

4211,6

3

Шұжық өнімдері

3790,3

1053,5

4

Нан мен кондитерлік өнімдер

5051,1

6021,6

5

Шоколад және шоколад пен қанттан жасалған өнімдер

4379,8

16806,0

6

Сүт тағамдары мен жұмыртқалар

4376,9

9237,9

7

Тағамдық майлар мен майлар

3060,8

5956,1

8

Қант

2351,7

801,2

9

ұн

2480,7




10

Сусындар, сонымен қатар алкогольді

10617,2

10129,3

11

Темекі бұйымдары

1452,6

21991,5

12

Тазалауға арналған бұйымдар

2637,8

9730,3

13

Фармацевтикалық және медициналық тауарлар

14460,1

41127,3

14

Бензин

28757,8

26122,5

15

Қара металл




26143,9

16

Басқа құрылыс материалдары




40161,2

17

Тоқыма жіптері




13221,4

18

Қалдықтар мен сынықтар




24888,6


Қоғамдық тамақтандыру қызметтерінің көлемі 2009 жылы 6,7 млрд.теңгені құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 27,7 % өскен.

2010 жылдың 1 қаңтарына облыста 132 базар тіркелсе, 2013 жылы 132 базар тіркелді, оның ішінде азық-түлік - 16, азық-түлік емес - 18, әмбебап - 28, мамандандырылған – 70 бірлік. Базарлардағы сауда орындарының жалпы саны 34500 бірлікті құраған, олардың ішінде саудагерлермен патент бойынша алынған орын саны – 1728 бірлік. Базарлар орналасқан жер көлемі 968,1 мың шаршы метрді құрады.

Одан басқа, облыста 14722 дүкен, 2366 қоғамдық тамақтандыру пункттері (соның ішінде 1906 кафе, 64 ресторан), 56 қонақ үйлері, 1884 шаштаразы, 458 ТҚКС, 354 дәріхана, 186 автокөлік жуу орындары тіркелген.

2009 жылы саудамен және қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерден бюджетке 11,8 млрд.теңге, 2010 жылы – 11,6 млрд.теңге, 2011 жылы – 11,6 млрд.теңге салық түсімдері кірген.

Сауда және қызмет көрсету ортасында 19,1 мың адам жұмыс істейді, ол облыс бойынша жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 3,5% құрады.

Қоғамдық тамақтандыру көлемі 2013 жылы 20,9 млрд. тг құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 21,2% өскен. 2013 жылы облыста 132 базар тіркелді: олардың ішінде: азық-түлік - 16, азық-түлік емес - 18, әмбебап - 70, мамандандырылған - 28. Базарлардағы сауда орындарының жалпы саны 29400 бірлікті құраған, Осыдан басқа, облыста 18554 дүкен, 4027 қоғамдыќ тамақтандыру пунктер (кафе және барлар - 1516) 274 мейрамхана, 981 дәріхана тіркелген.


Байланыс

Телекоммуникация желілерінің жалпы құрылған сыйымдылығы 345 510 нөмір (оның ішінде ауылдық 131 799 нөмір), желіні цифрлау 99,9 % жетті. (2012 жылы - 99,6 %, 2013 жылы - 99,7 %);

- облыс бойынша 100 тұрғынға шаққандағы негізгі телефон аппаратының тығыздығы 55 телефонға жетті, оның ішінде: ҚТС бойынша – 69, АТС бойынша – 41.
Даму көрсеткіштері

2013 жылдың қорытындысымен тіркелген желі саны 316 714, 2014 жылы - 292912 құрады, өсім – 14 048 ТЖ, 2014 жылы -11135 ТЖ.

Қалалық жерлерде тіркелген желілер - 192 184, 2014 жылы - 175927 бірлікті, ауылды жерлерде тіркелген желілер - 124 530, 2014 жылы - 116985 құрады.

2013 жылы Кең жолақты қатынау орындарының саны 70 483, 2014 жылы - 82065 абонент/порттарын құрады, оның ішінде ID Net  қызметінің  абоненттері – 8 887, 2014 жылы - 15391 бірлік.


Қызмет көлемінің көрсеткіштері

2013 жылы қалааралық, халықаралық шығыс трафигі 40 708 мың, 2014 жылы 33515 мың минутты құрады немесе жоспарлы тапсырмаларға қатысты 121,5 %, өткен жылға байланысты трафик көлемі 20,8 %, 2014 жылы - 18 % төмендеген.


Инфокоммуникациялар

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс қызметін «Қазақстелеком» АҚ «Транстелеком» АҚ және «Қазпошта» АҚ монополист-кәсіпорындар, және басқа да лицензия алған компаниялар ұсынады. Одан басқа, жедел-пошта қызметін көрсететін бірнеше компаниялар және 4 ұялы операторлар жұмыс жасайды.

Телекоммуникация жүйесінде 2012 жылы - 456, 2013 жылы - 516 телефон станциясы пайдаланылады, оның ішінде 401, 2013 жылы 509 данасы сандық станциясы. Барлық станциялардың жалпы сыйымдылығы 316 793 номер, оның ішінде ауылдық жерлерде 115 268 номер.

ОҚО статистика департаментінің деректері бойынша негізгі телефон аппараттарының белгіленген телефон байланысы 303,3 мың дана құрайды, оның ішінде 274,2 мың данасы халықта, Интернет абоненттерінің саны 40 мың дана, Интернет абоненттерінің саны 10000 адамға 166 дана құрайды.

Облыстың барлық елді мекендері телефондандырылған. Телефон тығыздылығы 100 тұрғынға 12,1 дана.

Интернетті коммутациялы мүмкіндігі арқылы жалпы пайдаланушылардың саны 4500 дана, 2013 жылы 1052 дана. Жалпы Интернет пайдаланушылардың санынан 34 500 пайдаланушы кеңжолақты ADSL (Megaline) технологиясы арқылы қосылған.

Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде «Востоктелеком» АҚ-ның сыйымдылығы 32982 нөмірлік 38 базалық станция, 2013 жылы 48240 нөмірлік 67 базалық станция және қалаларда «Алтел» АҚ-ның сыйымдылығы 33481 номерлік 20 станциясы бар.

Жалпы саны 876 елді мекендердің 864 елді мекені, 2013 жылы 838 елді мекендердің 830 елді мекені телефондандырылған, яғни 99,3 %, 2013 жылы 99 % құрайды.

Облыс бойынша 287 пошта бөлімшелері, 2013 жылы 314 пошта байланыс кәсіпорындар орналастырылған, оның ішінде 233 ауылдық, 48 қалалық және 6 көшпелі, 2013 жылы 219 ауылдық, 59 қалалық, 7 көшпелі, 13 почта байланыс пунктері, 13 аудандық почта байланыс торабы, 1 ауылдық байланыс торабы және 2 қалалақ.

Пошта қызметінен басқа, зейнетақы төлеу, жәрдемақы, жалақы, салық төлемдері, коммуналдық қызметтерге төлемақы және банк қызметтерін кеңінен ұсынады.


Ақпараттандыру

Жергілікті жүйелер құрылып, облыс әкімдігі, облыстық басқармаларда жүйеде 1000 астам қызметкер жұмыс жасайды.

Байланыс, оптоталшықты арнасы арқылы 10-100 Мб/с дейін жылдамдық мүмкіндігі бар. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бірыңғай көліктік ортаның және әртүрлі ақпараттық жүйелердің жұмыс жасауы үшін 39 сервер, телекоммуникациялық жабдықтар және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған.

Облыс бойынша 107 дана қоғамдық қол жетімділік пункттері орнатылған.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдардың интранет-порталы

Есептілік және құжат айналымын түбегейлі қысқарту туралы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы тапсырмаларын орындау үшін берілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы 7 мамырдағы №01-27.83-25 тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.10 тармағын орындау аясында 2013 жылы облыстық бюджет есебінен тиісті қаражат қарастырылып, жоспар кестесіне сәйкес облыстық басқармаларға «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» жүйесіне енгізілді.



Бірыңғай электронды құжат айналым жүйесі

Аталған іс-шараның 2.9 тармағына сәйкес аудан көлемінде «Бірыңғай электронды құжат айналым» жүйесі енгізіліп, аталған жүйе ағымдағы жылы Бас прокуратураның жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау үрдісін бақылау бойынша құрылған «Айқын» жобасымен ықпалдастырылды.



Ақпараттық жүйелер

Әкімдікте сараптама жасау үшін қолдау көрсетуге «Бюджеттік өтінімдерді жоспарлау», «Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының деректер қоры», «Оңтүстік Қазақстан облысының электронды карта негізінде өңірдің келешегін дамыту мастер жоспары», «Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік экономикалық дамуына мониторинг», «Рұқсат беретін құжаттардың есебі саласындағы автоматтандырылған жүйе» ақпараттық жүйелері құрылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің www.ontustik.gov.kz веб-порталы құрылып, оның ішінде «Әкімнің блогы», «Басқармаларға сұрақ», «Бизнесті қорғау» бөлімдері орналастырылған. Веб-порталда Үкімет Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестрінен 8 қызмет тек өтінім беру бөлігі автоматтандырылған.

Жергілікті атқарушы органдардың функциясын автоматтандыру

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2011 жылғы 29 қарашадағы № 01-38.121 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың 2010 жылғы нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспарының» аталған іс-шараның 56 тармағына сәйкес автоматтандырылуы тиіс мемлекеттік органдар үдерістерінің тізбесі бекітілді. 2011 жылы 179 функцияның 80 автоматтандырылса (44 %), 2012 ведомствалық және ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді құру және енгізу есебінен 129 (72 %) автоматтандырылды. Осы бағыттағы жұыстарды жалғастыру аясында ағымдағы жылы қосымша 14 тағы автоматтандырылуда.



Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 % және лицензиялардың барлық түрін электронды түрде ұсыну

2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 % электронды түрде беру аясында «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі «Электронды үкімет» порталымен ықпалдастырылып, автоматтандырылған қызметтер аудан бөлімдері көлемінде электроды түрде көрсетілуде. Сонымен қатар, Е-лицензия ақпараттық жүйесі енгізіліп, облыстың лицензия беруге құзіретті басқармалары 2012 жылдың 1 сәуірінен лицензияларды тек электронды түрде ұсынуда.



Мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық ортасының дамыту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1719 және 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1660 қаулыларымен анықталған «Kazsatnet» ҰК» АҚ бірге бірыңғай транспорттық ортасын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Шымкен қала әкімдігінің дербес бөлімдері электронды құжатайналым жүйесіне қосу аясында меморгандардың транспорттық желісіне қосылды.


Оңтүстік Қазақстан облысының «е-әкімдігінің» ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Облыс әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық ортасының қауіпсіз және тоқтаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету мақсатында, вирустық шабуылды, бұзу әрекеттерін алдын алу үшін серверлік жабдықтарға бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған. Ақпараттық қауіпсіздікті талап ететін параметрлерге сәйкес және жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін 39 сервер және 58 маршрутизаторлар мен коммутаторлар орнатылған.

2013 жылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында серверлік құрылғылардың жай-күін қатаң бақылауға алу үшін арнайы бағдарлама енгізілді, сонымен қатар «Электрондық құжат айналым жүйесінің» қолданушыларын және серверлерін вирусқа қарсы бағдарламамен қамтамасыз етілді.
Қызмет көрсету саласының негізгі проблемалары:

- облыстың ауылдық елді мекендерінің және шағын қалаларының қызмет саласы дамуының төмен деңгейі;

- қызмет саласы дамуының перспективаларына және проблемаларына мемлекет тарапының назардан тыс қалуы;

- ақпарат қызметі саласында «Қазақтелеком» АҚ монополиясы, бұл өз кезегіде халықтың және фирмалардың Интернет, IР-телефонмен пайдалану қызметін қымбаттады;

- қызмет саласының инновациялық төмен басқа салаларының жоғары үлесі;

- ақпараттық, инновациялық және ғылыми-зерттеу қызмет көрсететін қызметтің, мемлекеттік қызметшілерді даярлайтын, мемлекеттік құпия және ақпараттық қауіпсіздікті қамтитын басқа салалардың төмен деңгейі;

- цифрлық сертификаттайтын және мемлекеттік қызметшілердің электрондық қол қою қызметінің төмен деңгейі.

Аумақтың экологиялық проблемалары

Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының көлемінің өсуі экономиканың өнеркәсіп саласының құрылыс өнеркәсібінің дамуымен, автокөліктердің сандық құрамының артуымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелерінің шешілмеуімен байланысты. Ластаушы заттардың шығарындыларының көлемінің артуына 2007 жылы негізгі үлесті өңдеуші кәсіпорындар қосқан, олардың үлес салмағы ластанудың жалпы көлемінде 76,9 % құраған, электроэнергия, газ және су тарату кәсіпорындарында – 8,3 %, өзге салалар – 14,8 %. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында атмосфераға ластаушы заттардың шығуы көлемі 2006 жылмен салыстырмалы 1,4 % артқан, құрылыста 40,2 %, мұнайхимия өнеркәсібі кәсіпорындарында 6,8 %.

Бұл көрсеткіш 2011 жылы 47,065 мың тонна, 2012 жылы 48,5673 мың тонна, 2013 жылы 56,3096 мың тоннаны құраған. Яғни, шығындылар көлемі 2011 жылы салыстырғанда 2012 жылы 3,1 %, 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 13,75 % көбейіп отыр.

Атмосфераны ірі ластаушылар Шымкент қаласына шоғырланған, онда ластаушы заттардың қозғалмалы және стационарлы көзідерінің үлкен саны қызмет етеді: автокөліктерден, олардың ластауы (жылына орта шамамен 98 мың тонна) қорғасын және формальдегид бойынша жол берілетін шекті концентрацияның артуына әкелді.

Сонымен қатар өңірдің экологиялық проблемасының бірі - Кентау қаласындағы Байылдыр техногенді минералды қалдықтар қоймасы. 2008-2009 жылдары «Южполиметалл»ӨК» АҚ-ның және «Шалқияцинк ЛТД» ЖШС-нің өндірістері тоқтауына байланысты, 106,7 га бөлігіндегі қалдықтар бетін суландыру тоқтатылған. Желдің соғуынан аталған техногенді-минералды қалдықтардың түйіршіктері Кентау қаласы аумағы мен іргелес аумағын ластап, тұрғындар денсаулығына зиянды әсерін тигізуде. Осыған байланысты, Баялдыр кен сақтау орынын концервациялау жұмыстарының 1-кезеңіне 2013 жылы қаржы бөлініп консервацияланды, 2-кезеңіне 2014 жылы қаржы қаралып жұмыстар жалғастырылуда.

Облыста көптеген, негізінен тұзды өзендер бар. Олардың арасында ең ірі өзендерінің бірі Қызылкөл су құрамының ерекшелігімен белгілі. Алайда, қазіргі кезде, бұл өзен экологиялық апатты өзендер санына кіреді. Созақ ауданындағы Қызылкөл көлінің су мөлшері өткен ғасырдың 80-ші жылдарында 120-130 млн.м3 құраған. 2010 жылғы зерттеулер бойынша көл айнасы 10 км2 дейін кішірейген, су мөлшері 35-37 млн.м3 құрады. Өкінішке орай, бұл көлдің экологиялық қауіпті жағдайда екенін көрсетіп отыр. Соңғы онжылдықтың ішінде Қызылкөл көлінің айдыны екі жарым еседен қысқарып, 30-40 км қашықтықта жел тұру салдарынан іргелес жатқан егіншілік пен жайылымдық жерлерді тұздандыруда.

Өндірістің қарқынды дамуы, халық санының өсуі, тұрмыстық және өнідірістік тауарларды тұтынудың артуы салдарынан қалдықтарды жою проблемасы туындап отыр. Тұрмыстық қалдықтарды ең арзан жою әдісі бұл-қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жинақтау. Шымкент қаласы үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі көкейтесті болып отыр. Өйткені қалдықтарды жинақтау, қайта өңдеу зауыты жоқ. Аудандар бойынша полигондар ашық алаң түрде ұйымдастырылған, ауа, топырақ және жер асты суларын ластауда, сонымен қатар, жинақталған қалдықтардан таралған жағымсыз иіс айналадағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бұзып отыр. Осыған байланысты, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай келетін қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын полигондарды қалпына келтіру, құрылысын салу қажет. Қажетті жобалық шешімдер Шымкент қаласыныда қайта өңдеу және қайта өңдеуді қабылдау қалдықтар басқару жүйесінің модернизациялау жобасына әзірлену барысына ұсынылды. Шымкент қаласында орналасқан ҚТҚ полигонының құрылысы жүргізілді. Инвестор «Технологии 21» ЖШС-і қалдықтар өңдеу зауытының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, қажетті қондырғыларды жеткізді. Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін бөлігін қосу жоспарлануда. Республикалық бджет есебінен Шымкент қаласы Самал-3 мөлтек ауданында орналасқан ескі полигонының рекультивациялау жұмыстары жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет