Туберкулезді науқастардың түрлері бойынша тіркеу: туберкулезге шалдыққан науқастар 4 санат бойынша тіркеуге алынады.
І санат – өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан бактерия бөлуші науқастар, өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар, өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан бір сегменттен аса зақымдануы бар, бактерия бөлмейтін науқастар.
ІІ санат – туберкулез ауыруы қайталанған, емі сәттсіз аяқталған, үзілістен кейін емін жалғастырушы науқастар.
ІІІ санат – алғаш рет ауырған, бактерия шығармайтын шектелген – бір сегменттің көлемінде – асқынбаған өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар.
IV санат – зертханалық дәлелденген көптеген дәрілерге төзімді және кең көлемді дәріге төзімді туберкулезі бар науқастар, І,ІІ,ІІІ, ІV санат кестелері бойынша ем нәтижесі сәтсіз болған полирезистенттік туберкулезі бар науқастар.
Туберкулезді емдеу. Туберкулезге шалдыққан науқастардың емдеуі ДОТС – стратегия бойынша үзіліссіз, тегін, медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен (дәріні жұтқанын бақылау) екі кезеңде жүргізіледі:
Бірінші кезең –емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда жүргізіледі, науқасты амбулаториялық емдеу мүмкіндігін орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссия (ОДКК) шешеді.
Екінші кезең – емнің жалғастыру кезеңі негізінен амбулаториялық немесе шипажайда жүргізіледі (әлеуметтік жағдайы қолайсыз, турмыстық жағдайы нашар науқастар ОДКК шешуімен стационарда емделеді)
Туберкулезге қарсы қолданылатын бірінші қатардағы дәрілердің мөлшері және дәрілік түрі
Дәрінің атауы
|
Дәрілік түрі
|
Белсенді заттардың мөлшері
|
Изониазид (H)
|
Таблетка
|
100, 300 мг
|
Рифампицин (R)
|
Таблетка немесе капсула
|
150, 300 мг
|
Пиразинамид (Z)
|
Таблетка
|
400, 500 мг
|
Этамбутол (E)
|
Таблетка
|
100, 400 мг
|
Стрептомицин (S)
|
Егуге арналған ұнтақ
|
1000 мг
|
Достарыңызбен бөлісу: |