Бактерия бөлетін ошақтарға қарсы санитарлық-эпидемиялық шараларды ұйымдастыру: 1.Ошақтағы шаралар біріншілік, күнделікті және қорытынды болып бөлінеді.
2.Біріншілік шараларға кіреді:
- науқасты жекелендіру;
- күнделікті зарарсыздандыру жүргізу, оны бақылау;
- қарым –қатынаста болған адамдарды есепке алып оларды тексеру;
3.Науқасты есепке алғаннан кейін, алғашқы 3 күн арасында ошақта біріншілік эпидемиологиялық тексеріс жүргізіледі, тексеріс барысында – эпидемиологиялық тексерістің картасы Ф 33-У толтырылады.
4.Ошақты алғашқы рет тексергенде науқастың және жанұя мүшелерінің төл құжаттық ақпараты, науқастың жұмыс істейтін орны анықталады.
5.Науқастың дерт алдындғы 1 жыл бойы мекен-жайларын тексеру
6.Медицина қызметкерлері науқасты және жанұя мүшелерін туберкулезді жұқтырмау шараларына үйрету.
7.Ошақты тексергеннен кейін сауығу жоспарын құру;
- науқасты жекелендіру және емдеу,
- көрсеткіштер бойынша балаларға және жасөспірімдерге химия-профилактикасын жүргізу;
- науқастың санитарлы-гигиеналық жағдайын жақсарту;
- қатынаста болған адамдарды тексеру; (флюорография, ЖҚА, ЖНА);
- қатынаста болған ересек адамдарды, науқасты эпидемияға қарсы және санитарлы-гигиениалық тәртіпке үйрету: бөлмені желдету (30-40 минут күніне 3-4 рет), күнделікті зарарсыздандыру.