«Туынды және дифференциал» кмм айнаколь орта мектебі 2012ж


I.Шек. функцияның үзіліссіздігі (8сағ)



бет3/17
Дата08.12.2022
өлшемі211.19 Kb.
#466869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
«Туынды ж не дифференциал» кмм айнаколь орта мектебі 2012ж

I.Шек. функцияның үзіліссіздігі (8сағ)
Айнымалы шамалардың шегі. Шексіз үлкен айнымалы шамалар. Функцияның шегі. Шектелген функция. Шексіз аз шама және олардың қассиеттері. Шектердің негізгі теоремалары. Тамаша шектер. Функцияның үзіліссіздігі, қасиеттері.
Негізгі мақсаты: Функция шегі ұғымын енгізу,үзіліссіздікке зерттеуде дағдыны қалыптастыру, тамаша шектерді пайдаланып,функцияның шегін есептеу(III-деңгейлі есептер).
II. Туынды және дифференциал(17сағат)
Туынды анықтамасы,туындының геометриялық мағынасы. Функцияны дифференциалдау. Күрделі функция, күрделі көрсеткіштік функцияның туындысы. Кері функция және оны дифференциалдау. Параметрмен берілген функцияны дифференциалдау. Дифференциал. Функцияның дифференциалының геометриялық мағынасы. Жоғары ретті дифференциалдар. Параметрмен берілген анықталмаған функицяның жоғары ретті туындысы. 2-ші ретті туындының геометриялық мағынасы.
Жанама мен нормальдің теңдеуі. Полярлық бұрышы бойынша радиус-вектордың геометриялық мағынасы.
Негізгі мақсаты: оқушыларды дифференциалдық есептеулер әдістерімен таныстыру, әр түрлі ретті дифференциалдар, есеп шығарудағы білім мен білікті қалыптастыру. Нормаль теңдеуін ұғындыру, полярлық бұрышы бойынша радиус-вектордың геометриялық мағынасын үйрету. Оқушылардың күрделі параметрмен берілген функцияны,көрсеткіштік функцияны дифференциалдауға үйрету.
III. Туындыны қолдану.(5сағ)
Туындының түбірлері туралы теоремалар. Ақырғы өсімшелер туралы теоремалар. Екі шексіз аз,шексіз үлкен шамалардың қатынастарының шектері.1-ші және 2-ші ретті туындыларды қолданып,функцияны зерттеп,графигін тұрғызу.
Негізгі мақсаты: туынды түбірі ұғымын енгізу, екі функцияның өсімшесінің қатынасы туралы, екі шексіз аз және үлкен шамалардың қатынастарының шектерін,1-ші ,2-ші ретті туындыны қолдану,функцияны зерттеу(III деңгейлі есептер).
IV.Бірнеше тәуелсіз айнымалылары бар функциялар(4сағат)
Негізгі ұғымдар. Дербес туынды. Толық дифференциал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет