Тумажанова Салтанат Оразалыкызы Алматы, 2022ж Жоспары: Жердің пайда болуы және құрамы



бет6/9
Дата23.09.2022
өлшемі269.82 Kb.
#461191
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СРС Геоморф №1

5.Жер қыртысының типтерi.
Жер қыртысы құрамы мен қалыңдығы бойынша үшке – континенттiк, мұхиттық жəне өтпелi типке бөлiнедi.
Континенттiк типтi қыртыс барлық үш қабықтан, яғни шөгiндi, граниттi жəне базальтті қабаттардан тұрады. Олардың жиынтық қалыңдығы 70–80 км-ге дейін жетедi. Шөгiндi қабықтың қалыңдығы əдетте 10–15 км-ден аспайды, бойлық сейсмикалық толқындардың бұл таужыныстарда таралу жылдамдығы 1,5-5 км/с. Оның астында қалыңдығы 10-20 км граниттi қабат жатады, мұнда толқындардың таралу жылдамдығы 5,8-6,0 км/с болады. Жер қыртысының ең төменгi бөлiгiнде жататын базальтті қабаттың қалыңдығы 40 км-дей, ал оның таужыныстарында толқындардың таралу жылдамдығы 6,0-7,4 км/с болады.
Қабаттарды бөлетiн шекара негiзiнен шағылысқан жəне сынған сейсмикалық толқындар бойынша қадағаланады. Граниттi жəне базальтты қабаттардың аралығындағы Конрад бетi (шекарасы) əдетте 10-30 км тереңдiкте орналасады. Континенттiк қыртыс ерекшелiктерiне жер қыртысы қалыңдығының биiк тау жүйелерi астында күрт артуы жатады. Мысалы, əлемдегі ең биік Гималай тауларының астында қыртыстың қалыңдығы 70-80 км шамасында.
Мұхиттық типтi қыртыс тек қана екi – шөгiндi жəне базальтты қабаттардан тұрып, қалыңдығы 5-10 км-ге дейiн азаюымен сипатталады. Жоғарғысы – шөгiндi қабық, ол тереңсулық болбыр шөгiндiлерден тұрады, қалыңдығы жүздеген метрден аспайды. Төменгiсi – базальтты қабат, ол негiзiнен суасты жанартаулары атқылаған өнiмдерден тұрып, құрамында жалпы қалыңдығы 1,5-2 км нығыздалған шөгiндiлердiң сирек қабатшалары болады. Қабаттың төменгi жағы қалыңдығы 3-5 км негiздi жəне ультранегiздi таужыныстардан тұрады.
Сонымен, мұхиттық қыртыстың континенттiк қыртыстан басты айырмашылығы – оның қалыңдығының күрт қысқаруымен қатар, құрамында граниттi қойнауқаттың болмауы.
Өтпелi алқаптар қыртысы (немесе аралық типтi қыртыс) шалғайлық теңiздер дамыған iрi континенттердiң шеттерiне тəн. Мұнда континенттiк қыртыс мұхиттық 28 қыртысқа алмасады. Құрылысы, қалыңдығы, таужыныстарының тығыздығы мен серпiмдi толқындар таралуының жылдамдығы бойынша өтпелi алқаптар қыртысы жоғарыда аталған басты екi қыртыс аралығында, яғни өтпелі жағдайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет