Тумажанова Салтанат Оразалыкызы Алматы, 2022ж Жоспары: Жердің пайда болуы және құрамы



бет3/9
Дата23.09.2022
өлшемі269.82 Kb.
#461191
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СРС Геоморф №1

3. Жер — Күн жүйесінің планетасы
Біз Күннің төңірегінде Жерді коса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүретінін білеміз. Олар — планеталар (грекше планета — кезбе). (1-сурет).Планеталардың Күн төңірегіндегі жолы «орбита» деп аталады (латынша орбита -із, жол).
Күнге ең жақын айналатын планета -Меркурий, онан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең соңында Плутонның орбитасы өтеді.
Жер басқа планеталардың тұйық жол жасап айналып жүруі Күннің Тарту күшіне байланысты.Мұны түсіну үшін ұзын жіпке салмақты темір шығыршық байлап, бастарыңнан ай­налдырып байқаңдар. Айналдырғанда шығыршық жіпті керіп, сыртқа тебеді, босатып жіберсең, ұшып кетеді. Бірақ жіп оны тартып ұстап тұрады. Осы сияқты Күн де пла­неталарды өзіне тартып, төңірегінде айна­лып жүруге мәжбүр етеді. Егер Күннің Тар­ту күші кенет жойылып кетсе, Жер секундына 30 км жылдамдыкпен әлем кеңістігіне самғап кетер еді.
«Өздерін орасан зор күшпен тартып тұрған Күннің бетіне планеталар неге құлап түспейді?» - деген сұрақ туады. Біз бұл жерде үлкен жылдамдықпен қозғалушы дененің өзінің қозғалу бағытын сақтауға тырысатынын есімізге түсіруіміз керек. (Жіпке байлап айналдырған шығыршық осыны көрсетеді).
Сонымен, бір жағынан Күннің тарту күшіне, екінші жағынан жылдам козғалушы дененің өзінің бағытын сақтауға тырысуына байланысты басқа планеталар да, Жер де өз орбитасы бойымен бір қалыпты қозғалады.
(1-сурет) (2-сурет)
Күн жүйесіне 9 ірі планетадан басқа көптеген ұсақ денелер кіреді. Олар: астероидтер, құйрықты жұлдыздар және метеорлар.
Астероидтер (грекше астероид- жұлдыз тәріздес) Марс пен Юпи­тер орбиталарының аралығында Күннің төңірегін айналып жүреді. Ең ірісінің көлденеңі 800 км-ге жуық, ал кішкенелерінің көлденеңі жүздеген, ондаған метрге ғана жетеді. Астероид жай көзге байқалмайды, ал телескоппен қарағанда жұлдыздардың арасында орын ауыстырып жүретін солғын жұлдызша тәрізді көрінеді (астероид жұлдыз тәрізді деп аталуы содан).
Құйрықты жұлдыздар. Күнді өте сопак орбитаның бойымен айналады. Сондықтан олар бірде Күнге өте жақындап, енді бірде одан өте қашықтап кетеді. Соған байланысты құйрықты жұлдыздардың жолы планеталардың орбитасын кесе-көлденең қиып өтеді. Құйрықты жұлдыздың басы тозаңның, қатты кесектердің және қатып қалған газдардың қоспасынан тұратын болуы керек. Ол Күнге жакындап келгенде қатып қалған газ еріп буланады да, Күн лебімен сыртқа тебіледі. Содан өте сирек газ бен тозаңнан тұратын ұзыннан-ұзақ желбіреген құйрық сияқты шашақ пайда болады.
Метеорлар (латынша «ауада қалықтаған» деген сөз) — Жердің ауа қабатына үлкен жылдамдықпен келіп енетін ұсақ түйіршіктер (көбінесе тебен иненің жасуындай болады). Олар ауаға үйкелгенде қатты қызудан жанып кетеді де, шоқ сияқты жарқырап көрінеді. Оны халық арасында «аққан жұлдыз» дейді. Неғұрлым ірірек метеорлық денелер ауада түгел жанып үлгірмей, жерге түседі. Оны «метеорит» дейді. Метеорлық денелер ыдыраған астероидтардың, кометалардың бөлігінен пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет