PUBLIC RELATIONS(PR) техникасын меңгерген болуы тиіс, себебі олар қонақтар мен отель басшылығы арасында байланыстыратын бөлім болып табылады.
Жеке қасиеттеріне қойылатын талаптармен қатар, аниматорлардың денсаулық және физикалық жағдайына да белгілі талаптар қойылады.
Себебеі аниматорлардың жұмыс күні туристік кешеннің өзге қызметкерлеріне қарағанда ұзағырақ (таңғы ас кезінде олар қонақтармен бірге, ал ұйқыға дискотекадан соңғы қонақ кеткеннен кейін жатады), сол себепті аниматоарлар физикалық және психикалық дені сау болуи керек.
Аниматорлар күн астында ұзақ болады, сондықтан да үміткерлердің күннен аллергиясы болмауы керек.
Аниматорлар сахнаға жиі шығып, спорттық ойындар мен аэробикамен айналысатын болғандықтан, олар жақсы физикалық дайындықта болуы керек. Бұл ең алдымен биші ретінде жұмысқа тұратын аниматорларға қатысты.
Әдетте, аниматорлардың жасы мен әлеуметтік статусына да шектеулер бар. Жұмысқа аниматор ретінде қабылданарда бойдақ, жасы 30-дан аспаған жастарға көңіл бқлінеді.
Сонымен, отель мен туристік кешеннің беделі мен жоғарғы стандартын сақтап қалу үшін, кәсіби, грамотный мамандарды іріктеу. Тураниматорлар қандай білім мен дағдыларға ие болу керек?
Әртүрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас орнатуға байланысты 1-2 шет тілін білуі шарт. Әртүрлі жастағы туристермен жұмыс жаса,андықтан жас ерекшелік психологиясы мен педагогикадан хабардар болуы керек. Спорттық ойындар, би, шоу-бағдарламаларға қатысу, балалармен жұмыс және т.б. іс-әрекетпен айналысқаннан соң, көптеген дағдылар мен білімге ие болуы тиіс.
Сонымен, аниматорлар жан-жақты білімді және ұйымдастыру қабілеті бар және жоғарыда айтылған барлық анимациялық бағдарламаларды өткізе алатын болуы керек. Ол үшін аниматорлар оқу орындарында сәйкесінше білім алып, туристік кешен базасында үнемі кәсіби біліктілігін арттырып отыру керек. Бұл әрине идеал тұрғысында, шет елдерде аниматорды даярлайтын маманданған білім ошақтары болса, Қазақстанда мұндай білімді алу әрине қиынырақ, сондықтан да маусымдық аниматорларды туристік кешендерде даярлайды.
Егерде тураниматордың еңбегін мазмұны жағынан қарастыратын болсақ, онда бұл жоғар квалификация мен білімді қажет ететін бейбіт шығармашылық еңбек, туранимация маманының үлгісі өзіне маманданған қызмет түрлерінің негізгі түрлерін, жеке бас ерекшеліктерінің қажетті және негізгі квалификациялық қажеттіліктерін өзіне біріктіреді. Бұл туралы төменде көрсетіледі.
Туранимация бойынша маманның үлгісі
Маманданған қызмет түрлері
|
Жеке бас қасиеттері
|
Әр қызмет түрі үшін арнайы білім мен тәжірибе (квалификациялық талаптар)
|
Өзіндік спорттық-туристік іс-әрекет
|
Тапқырлық, байқағыштық, туа біткен лидерлік қасиет
|
Білуі:
- Отандық және шетелдік спорттық туризм бойынша тәжірибесі;
-Спорттық туризм сферасындағы маманданған қызметті ұйымдастыру құрылымы;
-Спорттық туризм бойынша әдістемелік жұмысты жүргізу ережесі мен шарты.
Жасай алуы:
-Спорттық туристік іс – әрекетті ұйымдастыру;
-осы сала бойынша жаңа бағыттарды өз тәжірибесінде қолдану, сонымен қатар жаңа құрал-жабдықтарды да;
-туристік бос уақыттық бағдарламалар мен маршруттарды жасап шығару.
|
Дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы іс-әрекет
|
Физикалық дайындық, икемділік, иілгіштік
|
Білуі:
-Отандық және шетелдік қоғамдық сауықтыру жұмыстарының тәжірибесі;
-Маманданған іс-әрекеттің ұйымдастырылу құрылымы;
-Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру шарттарын.
Жасай алуы:
-Дене-шынықтыру-сауықтыру іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
-Халық үшін психолого-педагогикалық ғылымдар жетістіктері мен тәжірибесін қолдана отырып жеке және топтық дене-шынықтыру-сауықтыру бағытындағы бағдарламаларды жасап шығару.
|
Көрермен-ойын-сауықтық бағытындағы іс-әрекет
|
Жан-жақтылық, актерлік шеберлік, сезімталдық
|
Білуі:
- театрлық өнер, режиссерлік шеберлік және т.б. бойынша туранимациялар;
-Маманданған іс-әрекеттің ұйымдастырылу құрылымы;
Жасай алуы:
-Көрермен-ойын-сауықтық бағытындағы іс-шараны ұйымдастыра білуі;
-Рекреология, валеология, туранимация бойынша білімді тәжірибеде қолдану;
-Халық үшін көрермен-ойын-сауықтық бағытындағы бағдарламаны ойлап табу және жасап шығару.
|
Танымдық-экскурсиялық және үйретуші бағытындағы анимациялық іс-әрекет
|
Есте сақтау, эстетикалық талғам, интеллект
|
Білуі:
-Әлемдік және көркем өнер мәдениетінің тарихы;
-Экскурсиятану, дінтану және өлкетану бойынша білім;
-Экскурсиялық туризм және мұражай іс-әрекет қызметі бойынша маманданған әс-әрекеттің мазмұны мен ұйымдастырылу құрылымы;
Жасай алуы:
-Экскурсиялық қызметтіңнегізгі және жалпы мақсаттары мен міндеттерін өз-өзі дамытудың құрамдас бөлігі екенін анықтау;
-Агенттік-операторлық және әдіснамалық-экскурсиялық қызметті жасап шығару;
-Маркетингтік зерттеулер жүргізу;
-Мұражай-экскурсиялық қызмет көрсетудің циклін құрастыру;
-Туристік-экскурсиялық қызметті ақпараттандыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |