46
Мәзһаб туралы таным
Шәкірттері
Әбу Ханифа көптеген шәкірттер тәрбиелеген.
Іштерінде ижтихад жасайтын дәрежеге жеткендері бар.
Төртеуі әйгілі: Әбу Юсуф Яқұб бин Ибраһим әл-Куфи
(ө. 182/798), Харун Рашид дәуірінде бас қазы болған.
Ханафи мәзһабы негіздерінің жинақталуында, қоғам
өміріне енгізілуінде және әлемге жайылуында оның
үлесі көп. Қаржы және
салық тәртібіне байланысты
“Китәбул хараж” атты еңбек жазған.
Имам Мұхаммед бин Хасан әш-Шайбани (ө.
189/805) алғашқы ілімін Әбу Ханифадан алды. Ол
қайтыс болғаннан соң Әбу Юсуфтың жанында дәріс
алды. Ханафилардың ең негізгі, алғашқы жазылған
шығармалары “Захирур риуая”
кітаптарын қағазға
түсірді.
Имам Зуфар бин Әл-Хузай бин Қайс (ө. 158/775)
Исфаханда дүниеге келіп, Басрада қайтыс болды. Ол
фиқһпен қатар хадис ғалымы еді. Содан кейін зерттеуге
сүйенетін ижтихадта өзгелерден озық болды. Қиясты
сәттілікпен жүзеге асыратын.
Мутлақ мүжтахид Хасан бин Зияд әл-Лулуи (ө.
184/800) алдымен Әбу Ханифаның кейіннен Әбу Юсуф
және имам Мұхаммедтің шәкірті болды. Хадис ілімі
және Әбу Ханифаның пікірлерін риуаят етумен таныл-
ды. Бірақ имам Зуфар мен имам Хасан бин Зиядтың
пікірлері алғашқы «Захирур риуая» кітабына кірмеген.
Оның шәкірттерінің арасында әртүрлі
ғылым са-
ласын терең меңгергендер көп болғанын, солардың
көмегінің негізінде Әбу Ханифаның фиқһтағы
орыны қуаттала түскенін Хатиб әл-Бағдадидің тарих
кітабындағы Әбу
Кәраманның мына сөздерінен
47
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
байқаймыз: «Уақиғ бин Жаррахтың (имам Шафиғидың
ұстазы) жанында отырғанымызда бір кісі:
– Әбу Ханифа қателесті, – деп қалды. Сонда
Уақиғ:
– Әбу Ханифаның
қателесуге қалай ғана бара
алады?! Қияс пен ижтихадта Әбу Юсуф, Мухаммад бин
Хасан және Зуфар сияқтылар; хадис ғылымында Яхия
бин Закария ибн Әбу Зәйд, Хафс ибн Ғияс және Әлидің
екі ұлы Хаббан мен Қандил сияқтылар; тіл саласында
Қасым ибн Мағин, ибн Абдуррахман ибн Абдуллаһ ибн
Масғуд сияқтылар; тақуалықта Дауд әт-Тайи мен Ияд
ибн Фудайл; тәпсір, хадис және тарихтағы терең білімі-
мен Абдуллаһ ибн Мубарак сияқтылар онымен бірге
болса! Кімде-кімнің жолдастары мен мәжілістестері осы
аталғандар болса, олардың арасында қалай қателікке
түседі. Барлығы ол жайлы жақсы сөз айтады. Себебі,
ол қателесе қалса, жанындағылар оны түзетіп
отыра-
тын...»
Ал Муаффық әл-Мәкки оның шәкірттерін былай
тізімдейді:
«Әбу Ханифаның көп шәкірті болды. Олардың кей-
бірі белгілі бір уақытқа келіп дәріс тыңдайтын. Фиқһ
негіздері мен әдістемелерін үйренген соң елдеріне
қайтатын. Одан еш айрылмай дәріс алғандар отыз алты
кісі еді. Олардың жиырма сегізі қазылық, алтауы пәтуа
шығару дәрежесіне жетті. Екеуі (Әбу Юсуф пен Зуфар)
мүфтилер мен қазыларды тәрбиелеп шығару деңгейіне
жетті.
Достарыңызбен бөлісу: