Туралы таным



Pdf көрінісі
бет13/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

5. Сахаба сөзі
Әзіреті Пайғамбар (с.а.у) заманында өмір сүріп, 
оған иман келтірген және оны көргендерді “сахаби” 
дейді. Көпше түрі “сахаба” және “асхаб” болады. 
Фиқһ усулі ғалымдары әзіреті Пайғамбармен (с.а.у) 
кездесудің әдетте “жолдас” деп аталатындай мөлшерде 
көп уақытты қамтуы керек екендігін айтқан. Ислам 
құқықшыларының көпшілігінің көзқарасы бойын-
ша ижтихадпен шешілмейтін бір мәселеде сахабаның 
сөзі дәлел бола алады. Өйткені сахаба сөзінің әзіреті 
Пайғамбардан (с.а.у) естіген, үйренген бір мәліметке 
сүйену ықтималы қуаттырақ. Ханафилар етеккір 
мерзімінің ең азы үш күн болуын Ибн Масғудтың (р.а.), 
ең көп жүктілік мерзімінің екі жыл болғандығы болса, 
Әзіреті Айша анамыздың (р.а.) айтқан сөздеріне сүйене 
отырып белгілеуі осыған мысал бола алады. Бұл жайлы 
нақты хадис болмаса да, олардың бұл үкімді жеке 
ойынан айтпай, пағамбарымыздан естуі мүмкін деген 
болжам басымырақ. 
50
Нәсәи, Мәуәқит 53.
51
«Таха» сүресі, 14-аят


37
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Әбу Ханифа ижтихад жасағанда ұстанған 
әдісін былай түсіндіреді: «Мен Аллаһтың кітабы-
мен үкім шығарамын. Кітаптан таба алмасам, 
Расулуллаһтың сүннетінен іздеймін. Құран Кәрімнен 
және Расулуллаһтың сүннетінен де таба алмасам, 
сахабалардың сөздеріне сүйенемін. Бірақ сахабалардан 
қалаған адамдардың сөздерін алып, қаламағандарымның 
сөздерін алмаймын. Бірақ сахабалардың сөздерінен
сыртқа да шықпаймын. Алайда бұл іс Ибраһим 
Нахаи, Шағби, Ибни Сирин, Ата және Сиад бин әл-
Мусиаябтың (яғни табиғиндердің) сөздеріне қатысты 
болса, олар да ижтихад жасаған, мен де ижтихад 
жасаймын»
6. Истисхаб
Сөздікте «сұхбат жасау немесе сұхбатты 
жалғастыру» деген мағынаны білдіреді. Фиқһ усулі 
термині ретінде истисхаб: өткен шақта орын алған бір 
жағдайдың өзгергеніне байланысты дәлелі болмаса, 
қазірде де дәл солай екендігіне үкім беру мағынасына 
келеді. Бір мәселеде кітап, сүннет, ижма немесе қияс 
дәлелдерінде арнайы бір үкім болмаған кезде мүжтахид 
“истисхаб” жолымен шешім шығара алады.
Мысалы бір адамның үйленгені белгілі болса, 
ажырасқандығына байланысты дәлел болмайын-
ша, әйелімен араларында неке байланысының 
жалғасқандығына үкім беріледі. Бір адам дәрет 
алғаннан кейін дәретті бұзатын жағдайлардан біреуі 
көрінбейінше оның дәретті болғандығы қабыл етіледі. 
Жоғалып тірі ме, өлі ме екені белгісіз адамның жағдайы 
истисхаб ережесі бойынша шешіледі. Жоғалған адамға 
(өлгендігіне байланысты дәлел болмайынша) тірілер-
ге жасалған үкім жүреді. Мал-мүлкі мирасшыларына 


38
Мәзһаб туралы таным
бөлініп берілмейді, әйелі басқамен үйлене алмайды. 
Өйткені жоғалған кезде оның тірі екендігі нақты бел-
гілі еді. Өлгендігіне байланысты дәлел табылғанға 
дейін тірі адам сияқты қабыл етіледі. Бірақ бұл жайын-
да жұбайының кездесетін қиыншылықтарын жеңілдету 
үшін жоғалған кісі жайында сот арқылы некені 
бұзатын үкім шығарылады. Ханафилердің көзқарасы 
бойынша мұндай үкім берілуі үшін жоғалған адамның 
құрдастарының дүниеден өтуі немесе тоқсан жасына 
жетуі керек. Маликилердің көзқарасы бойынша төрт 
жыл өтуі керек. Соғыс кезінде жоғалғандарға тән мер-
зімге келсек, онда әскерлер мен тұтқындардың оралуы-
нан бастап бір жыл.


39
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет