ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫНДАҒЫ ДАУ
Өнер –дарын - атақ
Той – құда түсу – отбасы құру
Әнші- байқау -дарын
Келіспеушілік - қиянат жасау - сатқындық
Қарсы болу – кикілжің - ұрыс
Сұхбат – сұрақ жауап – жеке пікір
Танымал – көрермен көзайымы - қолдау
Тыңдарман- халық әртісі-көрермен
Қазіргі қазақ эстрадасында әншілердің бірі өнермен айналысса, екіншісі шоу немесе той бизнеспен айналысып жүргенге ұқсайды. Орта есеппен алғанда, Қазақстандық әртістердің тойда өнер көрсету бағасы 300 доллардан басталады. Тойда сұраныс көп түсетін қазақ әншілері: Қайрат Нұртас, Беркут пен Аиша, Ерке Есмахан, Жанболат пен Жазира, Мадина Садуақасова, асаба ретінде Тұрсынбек Қабатов, Нұржан Төлендиев. Той мен шоуға қарсы, оны өнерге жасалған қиянат деп қарайтындар да бар. Мысалы Дильназ Ахмадиева сұхбаттарының бірінде: «- Мен бұған қарсымын, той әншілері ешқашан эстрада әншілері бола алмайды»,- дейді. Халық әртісі Роза Рымбаева да бұған қарсы көрінеді. Ал танымал Қайрат Нұртас: «Қазақ тойшыл халық қой, той бизнеске еш қарсылығым жоқ!»,-депті. Бұл мәселе қазіргі таңда тыңдармандар да, көрермендер де арасында көп талқыланатын сұрақтардың бірі.
Тапсырмалар:
Мәтін бойынша берілген қатардағы сөздерді мағыналық ретімен қойыңыз. Көмекші сөздер мен оралымдар: Артық, ортақ, сәйкес келмейді, ұқсас, байланысты, байланысты емес, мағынасы жақын, мағынасы қарама- қарсы, реті бұзылады, реті сақталады, т.б.
Мәтіндегі дау не туралы, дауға қатысты өз ойыңызды айтыңыз;
Мәтіндегі жас әртістер туралы баяндама, презентация жасаңыз.
Тест:
1.Қазақстандық әртістердің тойда өнер көрсету бағасы? («Қазақ эстрадасындағы дау» мәтінінен)
A)200 доллардай
B)300доллардай
C)400доллардай
D)500доллардай
E)600доллардай
2.«- Мен бұған қарсымын, той әншілері ешқашан эстрада әншілері бола алмайды»деп той бизнесіне қарсы әнші?(«Қазақ эстрадасындағы дау» мәтінінен)
A)Ерке Есмахан
B)Роза Рымбаева
C) Қайрат Нұртас
D) Нұржан Төлендиев
E) Дильназ Ахмадиева
3. «Қазақ тойшыл халық қой, той бизнеске еш қарсылығым жоқ!»деп той бизнесіне ешқандай қарсылығы жоқ әнші? («Қазақ эстрадасындағы дау» мәтінінен)
А) Тұрсынбек Қабатов
В) Роза Рымбаева
С) Қайрат Нұртас
D) Беркут пен Аиша
Е) Дильназ Ахмадиева
4.Той бизнесіне қарсы Қазақстан халық әртісі? («Қазақ эстрадасндағы дау» мәтінінен)
А) Тұрсынбек Қабатов
В) Роза Рымбаева
С) Қайрат Нұртас
D) Беркут пен Аиша
Е) Аша Матай
5. Қайрат Нұртас - тойда сұраныс көп түсетін әншілер қатарына жатады. Сөйлемдегі бастауышты көрсет.
А) тойда
В) сұраныс
С) Қайрат Нұртас
D) әншілер
Е) жатады
6. Қазіргі таңда қазақ эстрада әншілері өнермен қатар қандай бизнеспен айналысады? («Қазақ эстрадасындағы дау» мәтінінен)
А) тігін тігу бизнесі
В) той мен шоу бизнесі
С) мал шаруашылығы бизнесі
D) ауыл шаруашылығы бизнесі
Е) машина құрастыру бизнесі
7. Қазіргі таңда тыңдармандар да, көрермендер де арасында көп талқыланатын сұрақтардың бірі? («Қазақ эстрадасындағы дау» мәтінінен)
А) қазақ эстрадасында әншілерінің жеке өмірі
В) қазақ эстрадасында әншілерінің бос уақытында немен айналысатындығы
С) қазақ эстрадасында әншілердің киім кию үлгісі
D) қазақ эстрадасында әншілердің автокөлігі
Е) қазақ эстрадасында әншілердің тойда өнер көрсету бойынша дауы
8. Қазіргі қазақ эстрадасындағы ең танымал асаба? («Қазақ эстрадасындағы дау» мәтінінен)
А) Тұрсынбек Қабатов
В) Ануар Ахметкалиев
С) Ерлан Қабатов
D) Қайрат Нұртас
Е) Төреғали Төлепов
9. Тойда сұраныс көп түсетін жұлдызды жұп? («Қазақ эстрадасындағы дау» мәтінінен)
А) Құралай мен Мирас,Тоқтар мен Бейбіт
В) Аша Матай мен Арман Қоңырбаев,Тоқтар мен Бейбіт
С) Жанболат пен Жазира,Құралай мен Мирас
D) Беркут пен Аиша,Жанболат пен Жазира
Е) Нұржан мен Салтанат,Әсел мен Қуандық
10. Танымал cөзі қай сөз табына жатады?(Қазақ эстрадасндағы дау мәтінінен)
А) зат есім
В) етістік
С) сан есім
D) үстеу
Е) сын есім
Достарыңызбен бөлісу: |