ТӘРТІП
Күніңіз жемісті өтсін десеңіз, күн тәртібіңізді ішкі биоритмдермен сәйкестендіріңіз.
Таңғы 6-7 арасында адамның ұзақ уақытқа есте сақтау қасиеті ........ жақсы жұмыс жасайды. Осы уақытта ақпарат әрқашан жеңіл қабылданып, болашақта ............... есіңізде қалады.
8-9 аралығында кез келген жұмыста қажетті .................... жақсы жұымыс істейді. Жұмыс күніне жаңа ойларды әрқашан осы уақытта ойластырыңыз.
9-дан 10-ға дейінгі уақытта әдетте ақпаратты жинау, өңдеу, статистика құру тапсырмаларын оңай атқара аласыз.
11 мен 12-де көбінесе ми жұмысының белсенділігі төмен болады. Бұл кезде тынығу керек.
11 мен түскі сағат 2 аралығын түскі асқа ................... . Бұл уақытта қабылданған тамақ толықтай қорытылып, күш-қуат береді. Түскі асты ............. кеш ішпеңіз.
Жалпы 12-18.00 кезі ........... үшін керемет уақыт. Осы уақытта бар жұмысыңызды бітіріп қоюға тырысыңыз. Кешкі 6-дан кеш қалсаңыз, миыңыз соңғы күшінде жұмыс істейді. Нәтижесінде ұйқыңыз бұзылады.
Кешкі 9-11-ді демалуға арнаңыз. Бұл кез мидың, жүйке жүйесінің толықтай ................ кезі.
Түнгі 11 мен 1-дің арасында ұйқыға жатуға ................ . Бұл кезде жалпы ағза қалпына келеді.
Ал түнгі 1 мен 3-тің арасында, адамның эмоционалды күші қалпына келеді (әрине, ұйқыда).
Тапсырмалар:
Көпнүктенің орнына бұлт ішіндегі қажетті сөздерді қой;
Сенің күн тәртібің осы биоритмдерге сәйкес пе?
Мәтінді мазмұнда;
Күн тәртібіңді айт.
Мәтін бойынша тест тапсырмаларын әзірле
СӘН ӘЛЕМІ
Беделді – атақты - сыйлы
Аяқтап тастау – тастап кету - бітіріп шығу
Жетілдіру- дамыту – оқып бастау
Бұзу – құру – тарату
Шетел – отан- атамекен
Белгілі- танымал – беделді
Арман - сенім –өкініш
Орын алу – маңызды болу – еленбеу
Үлгі болу – үлгі алу- пір тұту
Отандық сән әлемінде беделді дизайнерлер көп. Атап айтатын болсақ, Берік Исмайлов және Аида Кауменова.
Аида Кауменова - Талдықорған қаласында дүниеге келген, ол онда орта біліммен қоса, өнер мектебін де бітіріп шықты. 2002 жылы Италияға кетті, онда ол «Carlo Bo» сән мектебінде оқып, білімін жетілдіре түсті. «Daraleque» маркасының арт-директоры және дизайнері болған. Арт-директор болғаннан кейін Аида «Aida KaumeNOVA» сән үйін құрды. Бұл бренд тек Қазақстанда ғана емес, алыс шетелдерге де танымал. Ол оның көйлегі «Әлем аруы» («Мисс Вселенная») байқауына қатысушы Дарина Кульсеитоваға сәттілік әкеледі деген сенімде болса да, қыз жеңімпаз атанған жоқ.
Қазақстандық сән әлемінде ер адамдарың арасынан Берік Исмайлов ерекше орын алады. Ол қарапайым көп балалы отбасынан шыққан. Киім тігуді әкесінен үйренген. Ресей елінен білім алған. Берік Исмайловтың «Жоқтау» сән үлгісі атты 2004 жылы халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алған. Қазіргі таңда сән әлемінде тәжерибесі мол адам, жас дизайнерлерге үлгі боларлықтай.
Тапсырмалар:
Мәтіннен бұрын берілген сөз қатарларынан артық сөздерді тап. Түсіндір. Көмекші сөздер мен оралымдар: Артық, ортақ, сәйкес келмейді, ұқсас, байланысты, байланысты емес, мағынасы жақын, мағынасы қарама- қарсы, т.б.
Сенің стилің бар ма, киіп тұрған киіміңді сипаттап бер?
Ұсынылған суреттердегі киімдерді сипатта
Тест:
1. Аида Қауменова қай қалада дүниеге келген?
А. Алматы
В. Астана
С. Семей
Д. Өскемен
Е. Талдықорған
2. Берік Исмайлов киім тігуді кімнен үйренді?
A. ұлынан
B.әкесінен
C.анасынан
D.атасынан
E.қызынан
3. Берік Исмайлов қай елде білім алды?
A. Италиядан
B. Жапониядан
C. Қытайдан
D. Америкадан
E.Ресейден
4. Берік Исмайлов «Жоқтау» сән үлгісімен халықаралық байқауды қай жылы жеңіп алды?
A. 2004 жылы
B. 2005 жылы
C. 2008 жылы
D. 2090 жылы
E. 2009 жылы
5. Отандық сән әлеміндегі беделді дизайнер?
A. Баян Есентаева
B. Аида Кауменова
C. МадинаСадвақасова
D. Ақбота Керімбекова
E. Айдана Меденова
6.Аида Кауменова Талдықорған қаласында дүниеге келген, ол онда білім беру мектебі мен қоса ..... мектебінде бітіріп шықты?
A.өнер
B. би
C. музыка
D.домбыра
E.қобыз
7.Қазақстандық сән әлемінде ер адамдарың арасынан ....... ерекше орын алады?
A.Берік Исмайлов
B. Төрағали Төралі
C. Қайрат Нұртас
D. Бейбіт Қорған
E. Ернар Айдар
8. Аида Кауменова ...... маркасының арт-директоры және дизайнері болған?
A.«Tayota»
B. «Aida»
C. «Daraleque»
D. «Carlos»
E. «Rivers»
9. «Киім» деген сөз қай сөз табына жатады?
A. зат есім
B. етістік
C. үстеу
D. етістік
E. сан есім
10. «Сән» сөзінің орысша баламасы қандай?
A. книга
B. мода
C. одежда
D. ручка
E. имя
Достарыңызбен бөлісу: |