Творческая работа над научным проектом выполнена в технике валяния. Изделия представлены на хорошем уровне, в разделе теоретических объяснений шерстяной работы представлен вид изделий из шерсти, производные изделий



бет5/11
Дата02.10.2023
өлшемі62.93 Kb.
#479495
түріТворческая работа
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ғылыми жоба

Ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Түбіт иіруге, шұлық, қолғап, шәлі сияқты жеңіл әрі жылы киімдерді тоқуға тиімді. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Ешкінің қылшығы арқан-жіп есуге жұмсалады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналған.
Жылқының жал-құйрығын “қыл” деп атайды. Жал-құйрық, көбінесе, арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастық, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған. Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін, құстың мамығын да іске жаратқан. Қоянның жүнінен жылы шарф, қолғап, шұлық, бөкебай тоқыған. Құстың мамығынан құс жастық, құс төсек жасаған. Тымақтың маңдайына, найзаның ұшына, салт атты адамның иығына тағып алған құс қауырсыны “өте асығыс” деген белгіні білдірген. Осыдан келіп ел мен ел арасында тығыз хабар жөнелтілгенде хаттың сыртына бір тал қауырсын бекітілетін, оны “үкілі пошта” деп атаған.
Сырмақ жасау. Әдетте сырмақ жасалатын киіз не шымқай ақ, не қара болуы шарт. Киізде түйіртпек, ошаған, тесік болмауы тиіс. Мұндай кемшіліктер оюға, сыруға, біртегіс жиектеуге бөгет жасайды. Сондықтан сырмақ басатын киіздің жүні, оның өңі күні бұрын таңдалып, ол көбінесе қозы жүнінен алынады. Оны сабағанда да ерекше қадағалап, үлпілдетіп сабайды. Осындай іріктеліп алынған жарамды жүннен сырмаққа арнап бет басады. Бет болатын ақ немесе қара киіздің екеуі екі бөлек басылады. Оны ысырап етпес үшін көлеміне қарай әрі шағын, әрі жүнді үнемдеп жұқалау етіп басады. Сондықтан алдын-ала оның көлемін, оған салынатын ою-өрнектің қандай болатынын қарастырады. Сырмақтың беті кейіннен не киізбен, не кенеппен астарланып сырылады.
Көлем жағынан қазақ сырмақтары негізінен 4 түрге бөлінеді. Мұның ең үлкені — көш сырмақ. Бұл сырмақты көшкенде жүк артылған түйенің үстіне жабуға арнайды, жалпы көлемі 3-5 метрдей болады. Екіншісі — төсеніш сырмақ, жалпы көлемі 3-3,5 метрдей. Мұндай сырмақтар кейде киіз үйдің төрі бейнелес ірге жағы етектене дөңгеленіп, ал от жағы бүрілген сияқты тарыла дөңгеленіп, төрге дәлденіп жасалады. Ол тамның, шошаланың, киіз үйдің төрінің от жағына жалғастырыла төселеді. Үшіншісі — төр сырмақ, көлемі 2-5 метр. Бұл жиекті, оюлы сырмақ. Мұны сыйлы қонақтар келгенде төрдегі жалпы төсеніш киіздің үстінен, қонақ көрпенің астынан салады. Төртіншісі — төсек сырмақ немесе төсек алды сырмағы деп те атайды. Көлемі 2-2,5 метр, жер төсектің орнына немесе төсектің алдына төсейді. Сырмақтардың кейде 1-1,5 метрлік шағын түрлері де кездеседі. Олар бір кісілік сырмақ деп аталады.
Түр жағынан алғанда да қазақ сырмақтарының 4 түрлі атауы бар. Оларды «ақ сырмақ», «қарала сырмақ», «жиекті сырмақ», «дебіске сырмақ» деп атайды. Ақ сырмақты бояулы жиекпен немесе түсті матамен оюламайды. Оны тек шуда жіппен ғана тоқылған жиекпен немесе таңдайлап иірген қарала жиекпен жиектейді. Қарала сырмақты қара және ақ киізден ойыстырып, астарлап, сырып жасайды. Оюларды құраған тігістің үстіне бояулы жиек бастырылады. Бұл бұрын сән-салтанатта сыйлы қонақтарға төселетін, көш жүгіне жабылатын еді. Жиекті сырмақты тұтас бірыңғай ақ немесе қара түсті киіздің бетіне бірнеше түсті бояумен өрнектеп жиек бастыру арқылы жасайды. Мұны мүлікті тең етіп бууға, жолға алып шығуға және басқа да күнделікті тұрмыста көп пайдаланған. Дебіске сырмақты жасағанда тұтас киіздің бетіне әр түсті матаны оюлап бастырып, сол оюлардың шет-шетіне жіңішке жиек басады. Кейде кестеленген тұтас матамен тыстап та дебіске жасайды. Қазақ халңының ескі ғұрпында мал еті мүшелері әрбір кісіге сыбаға ретінде белгіленгені тәрізді, үй-іші төсенішінің үй мүліктерінің де жас мөлшеріне қарай арнаулы адамдары болған. Мысалы, ақ сырмақты қазақтың ескі ғұрпында көбінесе күйеуі бұрын келмеген оң жақтағы қыздың астына немесе қара жамылып, жоқтау айтып отырған жесірдің астына төсейтін. Ал дебіске сырмақты төсек үстіне, төсек алдына, жас келіншектер мен күйеу жігіттерге төсейтін. Дебіске сырмақты тұс киіз орнына да пайдаланған.
Байпақ – биязы, жұмсақ жүннен тоқылып немесе киізден басылып жасалатын, етіктің ішінен киетін, жылу сақтайтын аяқкиім.
Саптама етіктің ішінен киілетін ақ киізден жасалған байпақ қыстың суық, боранды күндерінде алыс жолға шыққанда киіледі. Қыста киетін байпақтың киізі қалың жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады.
Байпақ тігудің екі тәсілі бар: табанын бөлек салып ұлтарып тігу, тұтастай қусырып тігу.
Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Аяққа батпас үшін тігісі сыртынан түседі. Ел арасында байпақтың іш байпақ, сырма байпақ, мәсі байпақ, байпақ етік, киіз байпақ, шәркелі байпақ сияқты түрлері мен атаулары кездеседі. Мәселен, киіз байпақ - киізден жасалған, етік ішінен киілетін байпақ; шәркелі байпақ - ішінен байпақ киілетін көннен тігілген шәркей; байпақ етік - жүннен басылған аяқкиім, пима т.б. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі.
Байпақ басудың өзіндік тәсілі болған. Ол үшін майдалап түткен жүн сиректеле шиге жайылып, үстінен ыстық су құйып, жүннің қопсуын басады да, жалаңаш білекпен ысқылап пісіреді. Бұған нағыз шеберлік керек. Нобаймен ысқыланса, кеуегі бітеліп, жүн жабысып қалады. Сондықтан әр қимыл мұқият жасалып, жасау әдісінен ауытқымау керек. Байпақ басу ісі дамып жетіліп, пима басу кәсіпшілігіне ұласқан. Балаларға аяғына шақтап, кішкене етіп, тысы мен ішкілігін матадан салып, жүн, түбіт, жабағы, мақта тәрізділермен жылылап қауып, сырып тігеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет