Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау


Әскери бөлімнің орналасқан жерінен сайілге шығу



бет3/3
Дата03.01.2022
өлшемі43 Kb.
#450646
1   2   3
Ораз Олжас ВК тәртіп

Әскери бөлімнің орналасқан жерінен сайілге шығу.

Әскери қызметшілердің гарнизонның шегінен тысқары сейілге шығуы әскери бөлім командирінің рұқсатымен аптасына бір рет жүзеге асырылады. Әскери қызметшілердің 30пайыздан астамы бір мезгілде сейілге жіберіле алмайды.

Әскери қызметшілер сейілдемеге әскери антты қабылдаған соң ғана жіберіледі.

Сейілдемеге 24 сағатқа дейін, демалыс және мереке күндері кешкі тексеруге дейін рұқсат етіледі.

Сейілге шығушы әскери қызметшілерде әскери билет пен сейілге шығу жазбасы болуы тиіс.

Сейілден соң әскери қызметші бөлім бойынша кезекшіге келеді және оған келгені туралы баяндайды. Бөлім бойынша кезекші сейілге шығу кітабына келген уақыты туралы белгі соғады. Сосын олар рота бойынша кезекшіге барады, оған сейіл жазбаларын өткізеді және өзінің тікелей бастығына баяндайды. Мысалы: «Сержант мырза! Қатардағы Ораз сейілдеуден келді. Сейілдеу уақытында ескертпелер алған жоқпын».



Әскери қызметшілерге келу.

Әскери қызметшілерге олардың отбасы мүшелері мен басқа адамдардың келуіне рота командирі дәріс уақытынан бос уақытта рұқсат етеді. Бұл үшін әскери бөлімде келушілерге арнайы бөлме бөлінген.



Әскери қызметшілерге келуге тілек білдірген адамдар келушілердің бөлмесіне әскери бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен жіберіледі.

Спиртті ішімдіктері, есірткілік заттары бар немесе масаң күйдегі келушілердің әскери қызметшілерге кездесуіне жол берілмейді. Казармаларда және басқа үй-жайларда бөгде адамның түнеуіне рұқсат етілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет