Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы “Өрлеу” баұО” АҚ филилы БҚо кди жжгпоә кафедрасының аға оқытушысы


«4К» жүйесі- Soft Skills (икемді дағдылар, кәсіби құзыреттер) Сыни ойлау



бет2/11
Дата11.11.2022
өлшемі2.65 Mb.
#464564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1-сабақЖұмсақ дағдылар

«4К» жүйесі- Soft Skills (икемді дағдылар, кәсіби құзыреттер)
Сыни ойлау – ақпараттар ағынын бағдарлай алу мүмкіндігі, себеп-салдарлық байланыстарды көре алуы, қажетсіз ақпараттарды електен өткізіп қорытындылауы.
Сәтсіздікке жолыққан жағдайда шешім шығарып, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсінуі.
Шығармашылық – өзгермелі жағдайларда өзін сенімді ұстап, дәстүрлі емес шешімдерді қабылдай алуға, жағдаятты әр тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Шығармашылығы дамыған адам жасап шығарушы болып табылады. Ол басқа адамдардың бастамаларын дамытып, жетілдіре алады.
Қарым-қатынас – келіссөздер жүргізу және байланыс орнату, әңгімелесушіні
тыңдау және өз көзқарасын жеткізу қабілеті өмірлік дағдыға айналады.
 Ынтымақтастық (Үйлестіруші) – кәсіби салаға қарасты құзыреттілікпен тығыз байланысты. Жалпы мақсатты және оған жету жолындағы рөлдерді айқындай отырып, оның нәтижесін бағалай алу қабілеті.
Негізгі жұмсақ дағдылар
Топтық жұмыс дағдылары
Топтық жұмыс принциптері:
- ортақ құндылықтар;
- аз адамдар саны;
- өзара толықтыратын дағдылар;
  • өзара жауапкершілік;
  • маңызды мақсат.
  • Оқыту процесінде мұғалім бір оқушының ғана емес, бүкіл ұжымның мақсатқа жетуін қадағалауы керек.
  • Сіз топта жұмыс істеу қабілетін командалық іс-шаралар (ойындар, спектакль қою), бірлескен академиялық жобалар арқылы дамыта аласыз, бұл кезде жобаны қорғау тек бүкіл командамен мүмкін болады.

Мұғалімнің міндеті:
  • басқа адамдарды түсіну және сезіну қабілетін дамыту;
  • оқушылардың қабілеттері мен мінездеріне сәйкес келетін тапсырмаларды қойып, оларға қол жеткізу жолдарын үйрету;
  • оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамытып, оларды шабыттандырып, жетелеу.

Шығармашылық
Шығармашыл адам өзіне таныс жағдайларда стандартты емес, мүлде жаңа шешімдерді таба алады, ол жаңа идеяларды ойлап табуды және жүзеге асыруды біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет