Білім беру құндылықтары
Құндылықтарға сай қасиеттер Мемлекеттік білім беру стандартында құндылықтар тізіміндегі бағдарлар ретінде қарастырылған:
- өмір бойы білім алу
- қазақстандық патриотизм
- азаматтық жауапкершілік
-құрмет
- ынтымақтастық
- ашықтық
Кез келген ұлттың білім беру бағдарламасының мазмұны оның құндылықтарын анықтайды және оның болашақ ұрпаққа деген үмітін көрсетеді.
Джо Халлг Артен
«Жалпы білім беру бағдарламасын жобалау"жобасының көшбасшысы
еңбек пен шығармашылық
Құндылықтарға бағдарланған тәсіл Құндылықтарға бағдарланған тәсіл Оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдалану тәсілі. Құндылыққа бағдарланған тәсіл оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады
Тұлғаға бағдарланған тәсіл
Мұғалім мен оқушының арасындағы тұлғалық қарымқатынасты, оқушыны тұлға ретінде құрметтеуді, оның моральдық-этикалық қасиеттерін, әлеуетті қабілеттерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамытуды білдіреді
Іс-әрекетке бағдарланған тәсіл
Білім мен дағдылардың белсенді танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатынын білдіреді, өз кезегінде бұл деректер мен басқа да ресурстарды өз бетінше іздеу, интерпретациялау, талдау, тұжырымдау мен бағалауды көздейді
Саралап оқыту
Оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтарына арнайы бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында түрлі топтар үшін әртүрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді.
Коммуникациялық тәсіл
Екі немесе одан көп адамдардың сөйлесу арқылы қарымқатынас жасау үдерісінде ақпарат беру және хабарлау, білім, білік және дағдылармен алмасуы болып табылады
Белсенді оқу барысында мұғалімдер: - барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ахуалын қалыптастыруға;
- сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап,
- рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
- оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс-тәсілдерді қолдануға;
- алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді
- өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып; бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға;
- оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға;
- оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.
Құрылымдалған топтық жұмыс:
- Тұлғааралық және қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді.
- Ақпаратты игеру үдерісін және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді.
- Тиімді өзара әрекеттестікке жағдай жасайды – «біз бірлесіп мақсатқа жетеміз».
- Оқушылардың арасындағы
тосқауылдарды жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |