Әдістемелік ұсыныстар. PISA-2015 зерттеуінің әлеуетті қатысушылары – 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту курсын өткізу үшін осы құралдың қосымшаларында бірқатар әдістемелік әзірлемелер ұсынылады:
Б. Блумның танымдық сала таксономиясы бойынша оқу мақсаттарын тұжырымдау мен оқу тапсырмаларын құрастыру картасы;
Б. Блумның танымдық сала таксономиясы бойынша оқу мақсаттарын тұжырымдау мен оқу тапсырмаларын құрастыру картасын қолданудың практикалық мысалы;
15 жастағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін сабақ кезеңдерін ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары (А.Қ. Қисымова мен Е.Б. Нұрланованың сабақтың технологиялық картасын қолдану мысалында).
Ұсынылатын әдебиет тізімі 5-қосымшада берілген.
2 ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Функционалдық сауаттылықты зерттеудің бағалау технологиясына әлемдегі 70 елдің 15 жастағы білім алушыларының оқу жетістігінің 6 деңгейі кіреді. Ең жоғары көрсеткіш – 5-ші және 6-деңгей – өз бетінше ойлай алу білігі, жеке болжамдарын талдап ұсыну, 4–3-шілері – жаңа ақпарат алу үшін алған білімдері мен біліктерін пайдалана алу қабілеті, 2-шісі – қарапайым оқудан тыс жағдайларда алған білімдері мен біліктерін пайдалана алу, 1-деңгей – қарапайым білімнің төменгі деңгейі және тапсырманың табысты орындалуының кішігірім мүмкіндігі [2, 8 б.].
PISA-да жекелеген елдер нәтижелерінің мазмұндылығын анықтау үшін жаратылыстану сауаттылығының 6 деңгейлік шкаласы қолданылады (3-кесте).
3-кесте – Деңгейлер / жаратылыстану сауаттылығы
Деңгей
|
Білім алушылар нені танытуы тиіс
|
1
|
2
|
6
|
– өмірде кездесетін түрлі қиын жағдайларда қажетті жаратылыстану білімін және жалпы ғылым туралы білімді анықтау, түсіндіру әрі қолдану;
– әртүрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды байланыстырып түсіндіру және оларды әртүрлі шешімдерге негіздеу үшін қолдану;
– зияткерлік біліктерін (мысалы, дәлелдеу және негіздеу біліктерін) қалыптастырудың жоғары деңгейін таныту, сондай-ақ, бейтаныс ғылыми және техникалық жағдайларда қолданылатын шешімдерді негіздеу үшін алған білімдерін қолдануға дайындығын көрсету.
– жеке, әлеуметтік-экономикалық және жаһандық жағдайлар контекстінде қабылданған ұсынымдар немесе шешімдерді дәлелдеу үшін өз білімдерін қолдану
|
5
|
– өмірде кездесетін көптеген қиын жағдайлардың жаратылыстану аспектілерін айқындау, осындай жағдайларда жаратылыстану білімдерін және жалпы ғылым туралы білімдерін қолдану;
– өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдау үшін дәлелдемелерді және тиісті ғылыми негіздемелерді салыстыру, іріктеу әрі бағалау;
– жекелеген білімдер арасында байланыс құру және жағдаяттарды сыни талдау;
– негізделген түсініктеме құрастыру және сыни талдау негізінде дәлелдемелер ұсыну;
– ғылыми біліктері жақсы жетілген
|
3- кестенің жалғасы
Достарыңызбен бөлісу: |