Учебная программа по предмету «Казахский язык» для 1-4 классов уровня начального образования


«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері



бет2/4
Дата16.04.2024
өлшемі162.16 Kb.
#498785
түріУчебная программа
1   2   3   4
Типовая учебная программа по предмету «Казахский язык» для 1-4 классов уровня начального образования (с неказахским языком обучения)

«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері

25. «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету.


26. Қойылған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер шешіледі. Олар:
тілдік дағдыларын (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту;
қазақ тіліндегі сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту;
тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
қазақ тілінде меңгерген білім, білік, дағдыларын күнделікті өмірде өз бетінше қолдануға дағдыландыру;
шығармашылықпен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
27. Оқыту қазақ тілінде емес мектептің бастауыш сыныптарында осы міндеттердіңмынадай аспектілер негізінде шешілуі көзделеді:
оқытудың коммуникативтік аспектісі. Қазақ тілін оқытуды қазақша қарым-қатынас жасау арқылыұйымдастыру. Қазақ тілі сабақтарын қазақ тілі туралы емес, қазақ тілінде өткізу міндеті басты орынға қойылады. Грамматикадан – сөйлеуге емес, сөйлесе отырып, грамматиканы меңгеру жолы ұсталады;
оқытудың функционалдылық аспектісі. Мазмұннан – формаға және оныңфункциясына бағытталуымен ерекшеленеді. Оқушы белгілі бір сөйлеу міндеттерін шешуде, құптауда, күмәндануда, сұрауда, хабарлауда, бұйыруда осыған қажетті сөздер мен грамматикалық формаларды меңгереді. Сөйлеу, сөйлесу, жазу үдерісінде олар өзара ажырамайтын бірлікте қарастырылады;
оқытудың жағдаяттылық аспектісі. Қазақша сөйлеу, әңгімелесу, қарым-қатынас жасау белгілі бір экстралингвистикалық факторларға, яғни қазақша сөйлеу/сөйлесу әрекеттері өтетін орнына, уақытына, сөйлесетін адамдарға, олардың арналымына, жасына, тілдік және жалпы дамуына, айналысатын кәсібіне, әлеуметтік мәртебесіне, қызығушылығына байланысты өтеді. Осы көрсетілген мәселелер шартты түрде кім, кімге, неліктен, не үшін, қашан, қалай және не туралы айтады деген сияқты жинақталған коммуникативтік/сөйлеу жағдаяттары берілген тапсырмалар жүйесінде ұсынылады;
түпнұсқа материалдар негізінде оқыту аспектісі. Оқу үдерісіне арнайы бейімделмеген түпнұсқа материалдар (телехабарлар, жарнамалар, жапсырмалар, түрлі нұсқаулар мен кестелер) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданылады;
оқытуды қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің байланысы негізінде ұйымдастыруаспектісі, біріншіден, қазақ тілін қазақ халқының бай мәдениетінің құндылығы ретінде оқыту; екіншіден, қазақ тілін еліміздегі көп ұлттың мәдениетін жинақтаушы, орталықтандырушы фактор ретінде, мәдениеттер диалогінің бастауы ретінде оқыту міндеттері шешіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет