Учебная программа по предмету «Казахский язык» для 1-4 классов уровня начального образования


Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер мен технологиялар



бет3/4
Дата16.04.2024
өлшемі162.16 Kb.
#498785
түріУчебная программа
1   2   3   4
Типовая учебная программа по предмету «Казахский язык» для 1-4 классов уровня начального образования (с неказахским языком обучения)

Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер мен технологиялар

28. Жалпы білім беру ұйымдары өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыруды көздейді. Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыру үшін мұғалімдер түрлі тәсілдемелер мен технологияларды қолданады:


оқытудың коммуникативтік тәсілдемесі – оқыту үдерісін шынайы қарым-қатынас үдерісіне неғұрлым жақындатып, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады;
зерттеушілік тәсілдеме – оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді;
тұлғалық-бағдарлы оқыту тәсілдемесі – оқушылардың қазақша тілдік-сөйлеу тәжірибелерін жинақтай алу қабілеті мен қазақ тілін оқыту үдерісіндегі өзара қазақша қарым-қатынас жасауды түйсіне алу дағдылары (рефлексия) қалыптасады;
интерактивтік оқыту тәсілдемесі – оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастырып, оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді;
ақпараттық-коммуникациялық оқыту тәсілдемесі – қазақ тілінен базалық білім беруді қамтамасыз ететін құралдар – электрондық оқулықтар мен оқуқұралдары, оқыту жүйелері, білімді бақылау мен тексеру жүйелері; практикалық тұрғыдан дайындалуға арналған құралдар – электрондық жаттығулар, виртуалды қазақ тілі сабақтары, тілдік тренажерлер; қосымша оқу құралдары – электрондық энциклопедиялар, хрестоматиялар, компьютерліктілдік ойындар қолданылады;
дамыта оқыту технологиясы – оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді;
саралап оқыту технологиясы – оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту ұйымдастырылады.
29. «Қазақ тілі» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығулар жасау;
мәтіннің кейбір бөліктерін қимылмен, ым-ишарамен көрсету;
тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы көрсету;
тыңдау-көру материалдарының мазмұнын болжау, толықтыру;
өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша сұхбаттасу;
берілген тақырып (сол сабақта оқылған әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың қолдауымен) құрастыру;
сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және бейтаныс адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші оқушылармен қарым-қатынас жасауға байланысты шағын рөлдік ойындар;
суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу, сипаттау, сахналау.
30. «Қазақ тілі» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
мәтіннен қажетті мәліметті, сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;
мәтін мазмұны бойынша сұрақтар мен жауаптар құрастыру ;
сөздің мағынасын мәнмәтінде анықтау;
оқылған әңгіменің, ертегінің, т.б. жоспарын (әңгіме картасын) жасау.
31. «Қазақ тілі» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;
2) сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмаларды орындау;
3) мәтіндегі жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
4) сөздерден сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;
5) шағын хат, қарапайым хабарлама жазу;
6) тыңдалған/оқыған мәтін мазмұнын қысқаша жазу;
7) сурет бойынша тірек сөздерді қолданып шағын мәтін жазу;
8) өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің қолдауымен тексеру.
32. Оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда оқытылатын «Қазақ тілі» пәнін ұйымдастыруда:
1) тілді оқушылардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сай үйрету – сабақта қазақ тілді орта құру керек. Мектепте қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға (сәлемдесу, хал-жағдай сұрау, сұрану, кешірім сұрау) көңіл бөлінеді;
2) бір педагог – бір тіл, қазақ тілі сабағында оқушылармен тек қазақ тілінде сөйлесуі керек. Педагог оқу материалын орыс тіліне аудармайды, жаңа сөздермен таныстыруда сөздік жұмысын жүргізудің түрлі тәсілдерін қолданады;
3) кіріктірілген білім беру – ортақ тақырыптарға қатысты ұғымдарды барлық пәндерде және оларға қатысты лексикаларды тілдік пәндерде қатар меңгереді;
4) қарапайымнан күрделіге ұстанымы басшылыққа алынады және сөздерді, сөйлемдерді қайталату арқылыоқушылардың қазақ тілінде сөйлеп, олардың есту, дыбыстауаппараттарын және сөзді дұрыс айту қабілеттерін дамытады;
5) оқушының психологиялық қауіпсіздігі. Мұғалімоқушылардың сөйлеу тілінде жіберген кемшіліктерді қате деп қабылдамайды. Педагог сөйлемді басқаша айтып, дұрыс үлгіні көрсетеді. Түзетулер көп жасалса, баланың тіл үйренуге деген ықыласы бәсеңдеуі мүмкін. Сондықтан да мұғалім оқушыларға үнемі қолдау көрсетіп, мадақтау тәсілдерін қолданады;
6) сөйлеу формасы мен мазмұнының маңызы. Педагог оқушылармен сөйлесу барысында қимыл-қозғалысты, ым-ишараны, көрнекі құралдарды кеңінен пайдаланады. Сөздерді анық, баяу және грамматикалық тұрғыдан жеңіл формада қолданады.
33. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тіліндегі коммуникативтік дағдылары, яғни қазақ тілін өзара және өз өміріндегі түрлі салаларда, сөйлеу жағдаяттарында қарым-қатынас құралы ретінде қолдануы, оқушылардың тілдік, коммуникативтік дағдыларының, қазақ тілінде елтаным дағдылары мен пәндік ақпараттарының, шығармашалық әрекеттерінің өзара тығыз байланыста дамығанының көрінісі болып табылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет