Учебно-методический комплекс дисциплины «Методика преподавания черчения»



бет2/4
Дата12.07.2016
өлшемі0.6 Mb.
#193723
түріУчебно-методический комплекс
1   2   3   4

Сабақтың мақсаты: Студенттерді технология мұғалімінің іс- әрекеттерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны:

Мұғалімнің технологиялық міндеттері:

-технология қауіпсіздігін сақтау, мектеп ережелерін ұстану.

-технологияның қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, жалпы жиындарда мәлімет беру.

-өрттен сақтану қауіпсіздік ережесі, сонымен қатар еңбекті қорғау қауіпсіздік ережелерін білу.

Мұғалім өзін мысалға ала отырып, үлгі бола білу керек. Бұл әртүрлі жағдайға байланысты; мысалы мектепте кезекшілік қызметін атқару, мұнда оған үлкен міндет атқарылады. Технология мұғалімінің тұлғалық міндеттері администратор арқылы бекітілген келісім - шартта көрсетіледі. Оқу мазмұны оқу жүктемесімен байланысты. Ол педагог жалпы техникалық және алдын- ала қабылдау синтезін құрайды. Технология мұғалімінің перспективті дайындығы белгілі- бір сыныпта оқу программасын және жылдық жоспар құруды негіздейді. Уақытша интервалды ( тоқсандық, жарты жылдық, жыл) мұғалім өзі таңдайды. Оқу процесінің ғылыми ұйымы ретінде келесі сұрақтар жоспарланады:

-программаның толық орындалуы мақсатында оқу процесінің рационалды ұйымы.

-сабаққа тиянақты дайындалуға жеңілдіктердің болуы.

-үй жұмысын орындауда оқу әдебиеттерінің жүйелілігінің қалыптасуы.

-практиканың теориямен байланыстылығы.

-пәнаралық байланыстардың дамуы.

-мектеп шеберханасының материалдық оқу базаларын толық қамтамасыз ету.



Ағымдағы дайындық, конспект- жоспар құрып, сапалы сабақ өткізуге дайындық.

Сабақ - оқушылармен жұмыс істеудің негізгі формасы, жоспар құру мұғалімнің негізгі құжаттарының бірі болып саналады. Жақсы құрылған жоспар сабақтың жақсы өтуіне себеп болады. Қандай жақсы құрылған сабақ болмасын, міндетті түрде кемшілігі болады; мысалы, уақыт жағынан оқушылар тақырыптан тыс сұрақтар қоюы мүмкін. Мұнда уақытты үнемдеу керек, себебі, әр кезеңнің өз уақыты болады. Тағы біреуі- сыныптан тыс жұмыстар, мұнда мұғалім уақыт пен белгілі бір жоспар шегі қатаң қарастырылмайды. Технология пәні мұғалімі қосымша үйірмелер, қызығушылықты арттыруға байланыстыклубтар құруы мүмкін. Сыныптан тыс жұмыс еркін тақырып бойынша құрылады, ал оның мазмұны оқушының жеке қызығушылығына жауап береді. Сыныптан тыс міндеттемелер мұғалім оқушының қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттырып, техникалық ойлау қабілеттерін оятуы керек. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің бірі ретінде психологиялық сауаттылығы жатады. Бұған мысал ретінде жасөспірімнің уайым- қайғысын, яғни жағдайын түсіне білу- дұрыс қарым- қатынаста болу. Қысқаша «алтын ережені» ұстану керек: « Саған адамдардың дұрыс қарым- қатынаста болуы үшін олармен жақсы араласуың керек». Болашақ технология мамандарына оқу үрдісі барысында кәсіби қасиеттерді ұстану керек.

Білім- шығармашылық еңбектің нәтижесі. Оқушылардың білімі -мұғалімнің еңбегінің өлшемі. Білімнің тәрбиелік маңыздылығы, оқушының тұлға болып қалыптасуына апаратын мақсат болып табылады.

Кәсіби және еңбекті оқыту мұғалімдері өздерінің педагогикалық шеберліктерін көрсету барысында, методика мен дидактикада қолданылған әдістерді пайдаланады; бақылау, педагогикалық эксперимент және теориялық зерттеу.

Бақылау. Еңбек сабағын өткізуде әртүрлі методикалық тәсілдерді меңгеруді көздейді. Әр түрлі әдістерді қолдануда нәтижесін саралау. Оқушылардың оқуы барысында эмоционалды және танымдық іс- әрекеттерін бақылау, белсенділіктері және тежелу мөлшерін анықтайды.

Педагогикалық эксперимент. Эксперимент дидактикалық зерттеуде көп қолданылады. Оқытудың мазмұнын тексергенде ( оқу жоспары, оқу программасы, оқулықтар) форма және оқыту әдістерін, оқу жабдықтарын тексеру мақсатында; сыныптан тыс жұмыстар - оқу тәрбиелік іс- шараларды меңгеруде қолданылады.



Педагогикалық тәжірибені зерттеу және қорытындылау. Бұл зерттеу әдісі оқу- тәрбие процесінің басты кілті болып табылады. Алғашқы жұмыс істеу кезеңі педагогикалық тәжірибемен таныс болу болып табылады.Керекті мәліметтерді жинау үшін әр түрлі жолдар қарастырылған; сабақ өтуін қадағалау, оқушылардың жұмыстарына талдау жасау, мұғалімнің педагогикалық конференцияларда сөйлеуі, мектептің оқу- әдістеме құжаттары.

Теориялық зерттеу. Теориялық зерттеу ғылыми- педагог зерттеуде маңызды рөл атқарады, теориялық зерттеуге мынадай жағдайда жүгінеді; егер берілген зерттеу жұмысы эксперимент, бақылау әдісімен толық зерттелмеген жағдайда. Теориялық зерттеу өткізгенде ең басты міндет берілген тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру теориялық талдау болып табылады.

Технология пәні мұғаліміне қойылатын талаптар. Оқушылардың білім алу процесін мұғалім өз мойнына алады. Ол әрбір сабақтың мақсатын, құрылымын, ұйымдасуын қадағалайды. Теориялық мәлімет және кәсіптік білім қорлары оқушылармен жақсы меңгерілсін десе, оқыту әдісін және сабақ өткізу формасын, тігін құрал- жабдықтарын, көрнекілік құралдарын және техникалық құжаттардың дұрыс- бұрыстығын қадағалап, ескеру қажет.

Сабақ барысында мұғалім алға қойған міндеттерін жүзеге асуын қадағалайды; білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Ол үшін оқыту процесіне байланысты әрдайым оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп отыру қажет, берілген тапсырманы дұрыс орындату керек. Технология мамандығының мұғалімі оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, арнайы еңбектік, кәсіби, т.б. мамандық таңдауға көмектеседі. Еңбекке деген дұрыс көзқарас, өмірдің белсенді ұстанымдарын ғылыми тұрғыдан таңдау.


5 тақырып Технологияларды үйретуде ұйымдастыратын форма ретінде технология сабағының құрылымдық схемасы, технология сабағының арнайы формалары

Сабақтың мақсаты: Студенттерді технология сабағының типтерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Ұжымдық оқытудың сыныптық-сабақтық нұсқасының анықтаушы белгілері бар:

- Сыныпта оқитындардың жастары шамалас және оның құрамы салыстырмалы тұрақты

- Жұмыс жоспары бойынша, белгіленген уақытта, сабақтың құрылымдық-ұйымдық нақты тұжырыммен өтеді.

- Оқу тәрбие сабағының негізгі бірлігі сабақ б.т.

- Сыныптық-сабақтық түр тиімдірек, себебі ұжымдық жұмыс рухани бәсекелестікке әкеледі, ол өз кезегінде тәрбиелік мағынасы зор. Бұл түрдің қиындығы оқу-тәрбие процессінің индивидуализациясында.

Негізгі сабақ типтері және олардың ерекшеліктері.

Сабақ ұйымның негізгі мектептегі білімдік жұмысы б.т. Бірақ та еңбекке баулу сабақтарының өзіндік мәні бар.

Біріншіден, 2 еселенген технология сабақтарында өзін көрсеткен тәжірибе болады. Ол еңбекке баулу сабақтарындағы орталық орынды оқушылардың тәжірибелік жұмыстары алатындығымен түсіндіріледі. Екі еселенген сабақтарда оқушылар алдына қойылған есептерді оңай шешеді.

Екіншіден, технология сабақтары оқушылардың жұмысын істеуінде қауіпсіздікті талап етеді. Бұл міндетті түрдегі талап, кез келген құрал-жабдықтармен оқушылар дұрыс пайдаланбағанда жарақат көзі бола алады.

Үшіншіден, технология сабақтарында оқушылардың салыстырмалы жұмысын болжай отырып, мұғалім сыныптағылардың барлығын қатаң қадағалауы, өз кезегінде болуы мүмкін жарақаттар мен және жұмыс атқару барысындағы қателіктердің алдын алуы керек.

Сонымен қатар әрбір сабаққа мынандай дидактикалық талаптар қойылды.

Оқу және тәрбие жұмыстарының бірлігі, оқу материалдарының оқу программасына сай болуы.

Техника және технологиялардағы оқу материалының мазмұны қазіргі ғылым жетістіктері дәрежесінде болуы.

Оқу материалының дұрыс таңдалуы және оның қол жетімділігі.



Дидактикалық мақсатқа бағынышты технология сабақтары мынадай негізгі типтерге бөлінеді.

Оқушылардың жаңа білім алу сабағы (негізгі орынды жаң материалды оқу алады)

Білімімді тәжірбиеде қолдану сабағы (көбінесе моделдеу және конструкциялау сабақтарында).

Жүйелеу және білімді жалпылау, қайталау сабағы (сабақ отырысында – тақырыпты қайталау, білім жүйесіне дұрыс бағыттау, ол оқытушыдан түпкілікті дайындықты талап етеді).

Комбинирленген сабақ (осы – сабақтың өтілуінде әр түрлі дидактикалық, есептерді шешуге мүмкіндік береді, бұл сабақ типі еңбекке баулуды оқыту жүесінде маңызды орын алады)

Әр сабақ типі құрылымың ерекшелігі болады, кез-келген технология сабақтары кезең бойынша өтеді:

- Дайындық-ұйымдық

Теориялық

Тәжірбиелік

Қорытынды-ұйымдық

Технология сабағының типті құрылымы.

Аралас сабақ кең таралған, оның құрылымы әдетте былай:

Оқушылардың ұйымдасуы

Үй жұмысына дайындықты тексеру

Бұрын өткен тақырыпты қайталау

Жаңа тақырыптың мазмұны

Өткен тақырыпты бекіту

Үй жұмысын түсіндіру



Технология сабақтарының арнайы түрлері:

Технология оқытушысының тәжірибесінде арнайы түрдегі сабақтардың маңызы зор. Олар сыныптық және мектептен тыс болуы мүмкін. Олар сыныптық программадағы жеке тақырыптарға лабораторлы-тәжірибелік сабақтар, экскурсиялар жатады. Әрбір лабраторлы – тәжірибілік жұмыс әдетте мынандай негізгі элементтерді қосады:

Ұйымдастырушы бөлім-оқушылардың сабаққа келуін және сабаққа дайынығын қадағалау.

Жалпы құрастыру лабараторлы-тәжірибелік жұмыстың тақырыбын, мақсаты мен мазмұнын айту, еңбек қауіпсіздігі инструкторы жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды, қысқаша түрде теорияны қайталау.

Оқушыларды жұмыс орнына орналастыру (қажеттілігіне байланысты).

Оқушылардың өзінік жұмысы (жұмыспен танысу, оның орналасуының реттілігі).

Жұмыстың орындалуы, жұмыстың барысында оқытушының қарауы және қадағалауы мен; жұмыс орнын тазалау және құрал-саймандарды тапсыру; мұғалімге есеп.

Жұмыстың орындалуын талқылау (айытлмаған материадарды сондай-ақ қателіктерді көрсету).

Лабораториялы-тәжірибелік жұмыста жазбаша инстуктирование (құрастыру) кең қолданылады, оқушылардың нақты ұйымдастыру жұмыс өздігімен орындауға бейнелеуді.

(Саяхат) Экскурциялар алдына қойылған мақсатына қарай әр қалай тағайындалуы мүмкін. Олар танымдық және мақсаттық болуы мүмкін.

(Саяхат) Экскурцияларды өткізу әдісінде келесідей сұрақтарды қамтиды:

Саяхатқа дайындық өткізу және қорытынды шығару.


6 тақырып. Еңбек сабағындағы өндірістің негізгі түсініктері. Технологиядан сабақ беруде базалық түсініктерді жинақтау. Экономикалық түсініктерді оқыту әдісі. Оқушыларға экологиялық білім беру. Стандарттау әдістері.

Сабақтың мақсаты: студенттерді оқушыларға өндірістегі, экономикадағы, экологиядағы және стандартизациядағы негізгі түсініктерді оқыту әдістерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны:

Технология өндірістік ғылым болғандықтан кез келген өндірістік процестің құраушы органикалық бөліміне және материалдық күшіне айналды.

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие беру өзекті мәселеге айналып отыр. Оқушыларға негізгі экономикалық түсініктерді түсіндірмейінше экономикалық тәрбие беру қиынға соғады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтар оқушыларға экологиялық тәрбие берудің негізгі факторы болып табылады. Табиғатты қорғауды бүгін біз бүкіл өндірістік процестің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруымыз керек. Мұғалім терминдерді түсіндіруде оқушылардың жас ерекшелігін, білім деңгейін ескеру керек. Өндіріс әлеміне толығымен кіру, техникалық құралдарды түсіну, терминологияны түсіну, бұның бәрі технология мұғалімінің міндетті тапсырмалары. Бұл тапсырмалардың шешімі толығымен технология мұғаліміне жүктеледі.

Технологиядан сабақ берудегі базалық түсініктерді жинақтау.

Оқушыларды негізгі өндірістік түсініктермен алғашқы кіріспе сабақтан бастап таныстыру керек. Ең дұрысы адамның табиғатпен өзара байланысын түсіндіру. Біздің табиғатқа тәуелділігімізді мысалдар арқылы көрсету. Табиғат бізді бәрімен қамтамасыз етіп отыр.

Табиғат азық – түлігінің адам азық – түлігіне айналуы өндіріс процесі болып табылады.

Технология – материалдарды, техниканы, адам еңбегін қолдана отырып қысқа ғана уақытта шикізатты сапалы азыққа айналдыру туралы ғылым.

Экономика және өндірісті ұйымдастыру – бұл технологиялық процесте шикізаттың, техниканың және еңбектің қолданылуы рационалды болуын, ал өнім аз шығынмен өндірілуін мақсат ететін ғылымдар.

Қорытындысында оқушылардың ойында өндірісті құрайтын компоненттер схемасы қалыптасады:

Материалдар (шикізат);

Адам еңбегі;

Техника (техникалық құрылғылар жиынтығы);

Технология (технологиялық құрылғылар мен материалдарды қолдану туралы ғылым);

Экономика және өндірісті ұйымдастыру.

Оқушыларды негізгі жалпы техникалық білімдермен таныстыру

әрқашан жалпыдан жекеге жүреді:

Оқушылардың негізгі өндірістік түсініктерді меңгеруі (техника, технология, экономика және өндірісті ұйымдастыру, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау);

Оқушылардың жалпы техникалық түсініктерді олардың классификациясы мен қасиеттері бойынша меңгеруі (машина, механизм, аппарат, прибор, құрал – жабдықтар, құрылғылар);

Оқушылардың техникалық құрылғылардың спецификалық ерекшеліктерімен танысуы;

Техникалық құрылғыларды құрылымы, бөлшектері бойынша топқа бөліп талдап, оларды басқару және қолданылу аймағы туралы оқу.

Негізгі өндірістік түсініктер бөлімін оқудағы ерекшеліктер.

Негізгі өндірістік түсініктердің мысалды бөлімі:

Техникалық – машина, механизм, прибор, аппарат, инструмент, құрылғылар…

Технологиялық – операция, құру, көшу, өту…

Ұйымдастырушылық – ұйым құрылымы, жұмыс орнының дайындығы, еңбекті ғылыми ұйымдасуы…

Экономикалық – баға, өндірушілік, рентабельділік.

Экономикалық түсініктерді оқудағы әдіс.

Оқушылардың негізгі экономикалық түсініктерді және кәсіпкерлік туралы алғашқы білім беру көптеген елдердің тәжірибесі.

Мұғалім белгілі бір экономикалық терминнің немесе түсініктің мағынасымен оқушылар жеңіл қабылдайтын етіп түсіндіру керек.

Оқушыларда экологиялық білімді қалыптастыру әдістемелік аспектісі.

Технология сабағында мұғалім оқушыларды материалдармен таныстыра отырып, олардың экологиялық құрамымен де таныстыруы керек. Мысалға ең көп қолданылатын ДСП мен ДВП фенол мен формальдегид бөледі. Егер оның беті белгілі бір материалмен өңделіп жабылмаса одан бөлінген формальдегид ауаға тарайды. Осылай организм үнсіз уланады. Формальдегид концентрациясының ауаға бөлінуге болатын мөлшері – 0,0 ал егер ода насып кетсе оның денсаулыққа қаупі төнеді. Құрылыстық жұмыстарда қазір полимерді құрылыстық материал (ПСМ) кең қолданыста.

Стандарттау сұрақтарын оқыту әдістемесі.

Техниканың жетістіктерге жетуіндегі, технологияның ғылыми - техникалық погресске шығуындағы шарттардың бірі стандартизация болып табылады. Стандарттау сұрақтарын оқыту спецификалық түсініктер мен анықтамаларға қойылған ГОСТ – тар санымен байланысты.


7 тақырып. Оқу процесін ұйымдастыруға гигиеналық, еңбекті қорғау және материалдық нормативтер.Оқушылардың еңбекті қорғау ұйымының жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді оқу процесінің нормативтерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны:

Оқушылардың технологиялық қабілетінің жинақталу процесі олардың еңбек ұйымындағы ғылыми методикаға және жұмыс объектісінің дұрыс таңдалуына байланысты.



Технология пәні өтуге арналған оқу ғимараттарының нормативтері.

Кәсіптік білім берудің материалдықбазасы – шеберханалар, еңбектік қызмет көрсету кабинеттері, бастауыш және жоғарғы сыныптарда кәсіптік оқытуға арналған жұмыс бөлмелері – (мектеп ғимараттарының жобасына байланысты) мектеп ғимаратының ішінде немесе жеке ғимаратта орналасуы мүмкін. Педагогикалық процестің ерекшеліктерін және оқушылардың үлкен белсенділіктерін есепке ала отырып, жұмыс уақытында үлкен үлкен адамның жұмыс орнының ауданымен салыстырғанда бір оқушыға жұмыс орнының ауданы 25-40 пайыздан артық болуы тиіс.

Бір оқушыға арналған жұмыс орнының ауданы төмендегідей белгіленген:

Слесарлық шеберханада – 4м 2

Столярлық шеберханада – 4...5 м 2

Тігін шеберханасында – 4 м 2

Токарьлар үшін – 6...8 м 2

Фрезеровщик және шлифрвщик үшін – 9...12м 2

Электросварщик үшін – 7,5 м 2

Оқу-өндірістік шеберханалары, жертөреден басқа, ғимараттың кез келген қабатында орналасуы мүмкін. Оқу шеберханалары жарық, жылы және құрғақ болуы тиіс.

Шеберханалар саны, олардың түрлері және аудандары әр мектептегі сынып оқушыларының саны мен тығыздығына байланысты қабылданылады, негізі ауданы үлкен болған жөн. Әр шеберхана ауданы 70 м 2 болғаны дұрыс. Шеберханалардағы жұмыс орнының саны V - IX сынып оқушыларының белгіленген нормаға сай бөлінуімен анықталады: қалалық мектептерде оқушылар саны 25 және одан жоғары, ауыл мектептерінде 20 және одан жоғары.

Оқушылардың еңбекті қорғау ұйымының жұмысы.

Еңбекті қорғау туралы инструкциялар білім беру мекемелеріндегі жұмысшылардың жеке қол қоюларымен жыл сайын таныстырылады.

Оқушылардың жұмыс орнындағы инструктажы және кіріспе инструктаждың журналы. Оқушылардың қауіпсіздік ережелері туралы барлық инструктаждар қауіпсіздік техникасы туралы журналдың үлгісіне сәйкес жасалуы керек.

Гигиеналық нормалар келесідей уақыт интервалдарын көрсетеді.

5-7 сыныптарда технология пәніндегі практикалық жұмыс сабақ уақытының 65 пайызынан аспауы керек;

Еңбектегі негізгі үздіксіз жұмыстардың ұзақтығы 5-7 сыныптар үшін – 10 мин, 6-сынып – үшін 12мин, 7-сынып оқушылары үшін – 16 мин аспауы керек.

Технология пәнінің мүғалімдері диафильм, диапозитив, кинофильм және телебағдарламаларға байланысты гигиенистердің ұсыныстарын білуі тиіс.

5-7 сыныптар үшін – 20...25 мин;

8-11 сыныптар үшін – 25...30 мин.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Оқу шеберханаларының талабына қандай документ сай келеді?

Оқу шеберханаларының, кабинеттерінің тығыздығын қалай анықтауға болады?

Еңбекті қорғаудың міндетті номенклатурасын ата.

Еңбек қауіпсіздігінің ережесіне байланысты мұғалімнің негізгі міндеттерін ата.

Оқу шеберханаларында уақыт режимін сақтаудың міндеттілігін түсіндір.


8 тақырып. Оқытудың жобалау әдісі жайлы ұғым.

Жобалармен жұмыс жасау және оның әдіспен қамтамасыз етілуі.



Сабақтың мақсаты: студенттерді жобаның әдісімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны:

Жобалау әдісі – бұл оқушылардың субъективтік жаңалығы мен практикалық маңыздылығы бар жаңа тауар мен қызмет құруына деген интеллектуалдық және физикалық мүмкіндіктері негізделген оқыту кешендерінің әдісі. Оқушының концептуальдік келіс жобалау әдісіне деген қазіргі заманға сай еңбектік дайындығына түбірлі орын бөлінеді. Оның орындалуына үлкен үміт артылған. 2-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейінгі оқыту үрдісі кешенінің осы моделі жасөспірімдерде әлеуметтік-экономикалық шарттардың тез өзгеруіне бейімделуін жақсырақ тәрбиелейді деп болжамдалады. Жобалау әдісі дамушы жеке тұлғаның өзіндік шығармашылық тәрбиесіне, күш-жігердің дамуына, тапқырлыққа, мақсаттылыққа негізделген.

Жобалау әдісі (лат. projectus – алдыға тасталынған, болашаққа жоспар) – бұл оқушының сатылай күрделенетін практикалық тапсырмаларының орындалуының және жоспарлануының үрдісінде жиналатын білімдеріне негізделген оқыту системасы. Оқушылардың өзіне әртүрлі сферада өзін сынап көру мүмкіндігі, сондай-ақ өзіне қызығырақ және жақынырақ бір нәрсені жасап шығаруы және осыған өз тілектерін, күшін, мүмкіндіктерін шоғырландыру мүмкіндігі беріледі. Бұл оқыту үрдісіне ең бастысы:саналы түрде оқушылардың өз активтілігін, қызығушылығы мен өзіндік тануын қамтуына мүмкіндік береді. Жобалау әдісінің басты бір дидактикалық ерекшелігі бар. Ол – оқушының бүкіл қызмет түбірінде өзіндік тәжірибесі жатқан оның ойлау қабілетінің құрылуына негізделуі керек. Немесе оқушы өзі көріп, қателесіп, қайта дұрыс жолға түсу барысында өзі болашақ өмірде керек болып қалады дегенге кәміл сенген барлық нәрселерді жіберіп алады. Ол осыған дейін тек мұғалімнің мойнында болған өзіндік дамуын, болашақтағы өзіндік іскерлігіне дайындығының сатысын өзі шешеді. Жобалау әдісі мазмұнының ерекшелігі оның іздестіру негізі болып саналады. Оқушыларды ақырындап әрбір саналы түрдегі іскерлікпен бірнеше нағыз мақсаттарға жетуге бағытталуына дайындайды. Оқушының өзінің қоғамға дайындап шығаратын өнімінің қажеттілігін анықтап білуі артық болмас еді. Ол өнім үйде, мектепте, дала ойындарында және т.б орындарда өз қажетін таба ма? Өткізу мүмкіндігі сияқты факторлардың шығуы да әбден мүмкін. Өндіріс мақсаттылығының мойындалуы осы жерде бекітілген, яғни болашақ бұйымның түсімділілігі. Оқушылардың материалдарының әртүрлі технологиялық өзгеруінің үрдісіне қажетті біліммен кіруі маңызды. Бұл жерде өңдеу тәсілдерінің рационалдық шешім қабылдауының алғышарты, оның экономикалық үнемділігі жатыр. Жобалау әдісі мазмұнында табиғат пен қоғамға келтірілетін салдардың тіркеуі альтернативтік келу массасынан қайта құру іскерлігінде адамдардың оптимальдік құралының саналы және шығармашылық таңдауы жатыр. Ойлау қабілетінің осындай мінезін құру оңай емес. Бұл тапсырмалар оқытудың қазіргі заманғы системасымен шешіледі деген үмітте жобалау әдісінің инновациондық мағынасы, оның мазмұндық толықтығы жатыр.

Мектептік жобаның классификациясы.

В. Д Симоненко мазмұны бойынша жобаның келесі классификациясын ұсынады.



Интеллектуалдық. Оқушылар материалдардың, жер құйқасының, бұйым өңдеудің біртуар, жаңа технологиясын және т.б-ды өңдеудің модернделген құралдарын бейнелеу білуі керек. ЭВМ-ге арналған дайындалған программалар, компьютерлік графика және т.б ұсыныла алады. Жобалау жұмысының заты ретінде оқу, тұрғын және өнім шығаратын бөлмелердің интерьері, кез келген бұйымның – үй заты, өнім үлгісінің дизайны бола алады. Сонымен қоса үйреншікті заттарға деген ерекше, кенеттен пайда болған жас көзқарасқа ерекше үміт артылған. Бұған дәлел – көптеген, және жобалаудың бұл категориясын мектеп жастарының тек жоғарғы сатысына ғана жатқызбау керек.

Материалдық. Осындайлардың түбірінде құрал-жабдықтардың жасалуы, көрнекі пособиелер мен үй жабдықтары, кіші механизация мен автоматизацияның құралдары жатыр. Осы түрдің жобалары ретінде оқушылардың шығармашылық-қолданбалы және техникалық шығармашылықтың бұйымдары, материалды түрде іске асырылған оқушылардың рационализаторлық ұсыныстары бола алады. Мұғалімнің келісімімен осындай жобаларға конструктивтік жетілдіру, сыртқы көрініс өзгерісі, әрлеу, материалдардың негізделген айырбасы ұсынысы кіретін еңбектің эталондық объектілерінің орындалуын кіргізуге болады.

Экологиялық. Бұл жобаларда газды-ауа ортасының, суқойма мен жер құйқасының келбеті, эрозия мен тақырланудың эксперттік бағасы жүзеге асырыла алады. Зерттеу мен анализдің заты ретінде ластанған өндіріс бөлмелерін, орман және орман шаруашылығының жер-суы, табиғи және жасанды суқоймаларды тазалау құралдары қолданыла алады.
9.Тақырып Шығармашылық жобаның орындалуындағы оқушылардың ұйымдастыру қызметінің психологиялық-педагогикалық тәсілі.

Сабақ мақсаты: Шығармашылық жобаны орындалуынды студенттерге үйрету

Қысқаша мазмұны:

Оқушылардың шығармашылық потенциалының дамуына әр түрлі аспектілі бір бағыттағы әсері бұрын және психологиялық – педагогикалық ғылым мен сәтті қарастырылады. Жобалау әрекеті қалыпты еңбекті жұмыстан әлдеқайда айырмашылығына технология мұғалім назар аудару керек. Жобалау кезінде еңбекті және оқытуту ісі өзара қатынаста қарастырылады, себебі екі кезеңде бір бүтін іс ретінде қаралады. Еңбек ісін орындау процесі кезінде маңызды орын алады. Осы істің себебін жас өспірімдердің қажеттіліктерімен анықталады. Бұл кезде оқушылардың ісін бағалауға, яғни қанағаттарлық емес деген баға қоюға болмайды, себебі бұл процесс әрбір жобаның логикалық түйініне жеткізу үшін жасалған. Мұғалім оқушылардың өз жұмыстын көп жоспарлы етіп бағалауға үйрету керек. Технологиялық кезең немесе ұйымдастырушылық дайындастырылу процесінде жиналған немесе өңделген құжаттардың және істелген жұмыстардың сапасы жеке бағаланады: жоба орындау кезінде меңгерілген білім және істеу қабілеті талқыланады. Орындалған технология және рационалды ұсыны дәрежесі ерекше талқылану керек. Осындай прогматикалық тәсіл үйреншікті болғандықтан оқушыларды белсенді және адекватты өмірлік бағытын ұстауына көмектеседі. Міндетті түрде өзіне есеп беру керек: жобалау кезінде көптеген оқушылар үйреншікті дидактикалық ортадан шығуға міндетті болады, бұл кезде оқытушы орталық мүсін және басынан аяғына дейін оның бақылаушысы болады. Бұл кезде оқушылардың қате бағытқа кету қаупі бар. Сондықтан технология пәні мұғалімі ісі аздаған басқа бағытта болады. Ол оқушылармен бірге әрбір нұсқаның әлсіз және мықты жақтарын конструктивті қарастыратын беймаза емес экспорт ретінде роль атқарады. Мұғалімнен басқарушы және бағыттаушы ролін ешкім жауапкершілігіне алмайды. Бірақ оқушы ісінің бабын табу негізгі жұмыс технология пәні мұғалімі әрбір адамның алдында тұратын психологиялық бөгеттер туралы білу керек. Ал баланың алдындағысын және оқушыларға оны жеңуге көмектесе білу керек. Оқушылар тәртібін қалыптастыру өте маңызды әсіресе іздестіру тобы үшін. Бұл кейін ұжым ішінде тіл табысуына әсер етеді. Еңбек ету кезінде пайда болатын жаңа мәселені шешу үшін қажет тактика және стратегия жиынтығы, эмоционалды ерік тепе – теңдігін сақтау бірден қалыптаспайды. Ол біртіндеп келеді.

Педагогикалық ойлар оқушының жекешелігін ескере отырып, талаптар жекешеленуі мүмкін. Бірақ олардың таңдауы негізінен тұрақты. Мұндай шығармашылық тренинг оқушыларға негізгісі - өмірге және еңбекке деген қызығушылыққа жол көрсетуді, осы жолмен іздеу және жүруді, танысуды, оқуды, жаңалыққа жетуді үйретеді. Жоба жұмыс ұйымының методикалық әрекеті. Әрбір оқушының жұмыс алдында өзіндік жол көрсетер адамы болған жөн, келесі ісінің алгоритмі оқушыларға жаднама осы түрде болуы мүмкін:

Оқушы жаднамасы:

Сен жоба жасау жолына барғалы отырсын. Бұл процесті бізді қоршаған барлық заттар өткен.

Мәселе немесе қажеттілікті түсіну.

Қажеттілік сен тұрған жеріңнен басталады. Адам қай жерде пайда болса, сол жерде шешімін табатын мәселелер туындайды. Сенің мәселең қысқаша суреттеу түрінде болуы керек. Ол сен істегелі жатқан ісіңді анық тұжырымдау керек.

Ойдың дамуы мен реттелуі.

Келесі қадам – сенің мәселеңдегі ақпаратты көп мөлшерде іздеу. Сенің ойыңша, саған көмектесетін барлық жағдайларды жазып алу керек. Эскиздарды, диаграммаларды, белгілерді қос.



Мынаны ойла:

Уақытты – бұл мәселеге қанша уақыт кететінін ?

Жабдықтарды - сенің жаныңда қандай құрал-жабдықтар жатқанын ?

Бағасын – бұл қанша баға тұратынын

Сырқы көрінісін – қалай көрінетіндігін

Өз ойыңның дамуын – мынаны есте сақта – жай идеялар әрқашан ерекше ойға айналатынын.

Жоспарлау мен дайындау:

Қазір сен бұл мәселені шешу жөнінде жоспар құру қажет. Өз жұмысының тізімін жаз. Бұл сенің қанша уақыт алатындығын және оған қандай жабдықтар кететіндігін жақсылап ойлан.

Сынау және бағалау.

Сен бұл мәселені шештің бе ? Осыны ойла да басқаларынан сұра. Мүмкін саған жасаған жобаңа сәл өзгеріс жасап немесе қайтадан басынан бастау керек болар. Негізінде дизайнерлердің шешімдері ғажайып, әрқашан жасаған жұмысыңның керемет, ғажайып жолдары бар.

Берілген парақ – оқушыларға дұрыс бағдар. Кезеңнің әрбірін иллюстрация немесе символдық белгілермен жабдықтауға болады. Оқушыларға қосымша олар тауып алатын ақпараттар болады: ғылыми-техникалық бөлімі жазылған кітапхана аты, журнал, кітап аттары т.б. Мұғалім алдында міндетті экономикалық есеп үлгісі болу керек. Критерия мен түрі В.Д. Симрненконың жұмысында ұсынылған.( 42;43) Жасалған жұмыстың нәтижесі, т.б. жазылған дәптерлер әрқашан пайдалы болып табылады. Осымен қатар жоғарыда ұсынылған жаднама қатысушыға тест түрінде беруге болады, жобаны әрекеттеу өзіндік сараптамалау алгоритмі.

Қажеттілік пен мүмкіндікті түсіну.

Мәселе неде?ысты жүзеге асыру үшін неқажет ?

Ой мен шешімді өңдеу.

Өз ойыңды өңдеу үшін сәтті шешімдеріңді суретте.

Жоспарла, дайында.

Істегелі жатқан ісіңді жақсылап ойла.

Өз ісіңді кезеңдерге бөліп көр, әр кезеңде не істейтініңді кезек-кезегімен жаз, суретте.

Тексер, бағала.

Сен істеу керек жұмысыңды, сенің жүйең істеп жатыр ма? Егер бәрін жаңадан бастасаң, қандай өзгеріс енгізер едің? Оқушыларға жаттығу ретінде жобаның тапсырмасын ұсыныңдар – олар өз ойларын әдетке айналдыруды тәртіпке салады. Мысалы,

Біз қолданатын жабдықтарды төменнен сана. Құралдарды таңдап әрқайсы туралы қалай ойлайсын және ол соған лайық сапалы құрал екендігін жаз.

Пән құрал-жабдық таңдау себебі.

Шелек

Орындық


Сызығыш

Картинка рамкасы

Кәстрөл

Кәстрөл тұтқасы



Киім ілгіш

және т.б.

Ең алдымен өз жобаңды өзің бағала, содан кейін әл қазылар, мұғалімдер мен қатысушылар құрамы бағалайды. Берілмейтін жабдықтармен, қиын құрамы бағалайды. Берілмейтін жабдықтармен, қиын құралдармен жұмыс істеу барысында жобалау шығармашылық жүйесі үйренушілердің ерік – жігерлерін оятады.

Өзін қадағалайтын сұрақтар мен тапсырмалар.

Жобаны орындау кезіндегі психология педагогикалық шарты қысқаша тұжырымда.

Жобалау жұмысы кезінде болатын кезеңдерді сана.

Жобалау кезінде негізгі ерекшеліктер бағалауды сипатта.

Технология бойынша программа тақырыбын таңда да мүмкін болатын жобалау жұмысының үлгісін көрсет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет