Сондай – ақ қазіргі кезде очерктерде авторлық баяндаудың 3 негізгі түрі бар, оған: 3-ші жақпен автордың әңгімелеуі, баяндауыштың 1-ші жақта,өткен шақта қолданылуы, автордың 1-жақта баяндауы жатады. Олардың синтаксис құрылымы жай сөйлемдерден тұрады. Мұндай баяндау оқиғаны автормен жақсы байланыстырады. Автор бұл жерде оқиғаны жақсы білетін, соған белсене араласқан адам ретінде көрінеді. Бұл баяндау түрінде автордың «мені» айрықша аңғарылып тұрады. Орыс ғаламы Е.И.Журбинаның: «Очерктегі баяндау көбінесе 1-ші жақта болып келеді», - деген сөзі осы баяндаудың екі түрі де авторға өте ыңғайлы екенін дәлелдей түссе керек.