Бақылау сұрақтары: Бақылау сұрақтары: 1.Очерктің тілдік, стильдік артықшылықтары. 2.Очерктің көркем-публицистік жанр ретіндегі тілдік, стильдік белгілері. 3.Белгілі бір очеркистің тіл қолданыстағы шеберлігі. Шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда тілдік ерекшеліктердің мәні зор. Мұнда байқап, мән беретін нәрсе образдың атқаратын қызметі ерекше. Мәселен, «Қылқаламның ұшында хантәңірі қалды» (эпитафия), «Сия қаламмен түртіп көргенде қаламұшы ілесе, сағыздай созылып сала береді. Бұл не сонда?... Зады, бояу солай болушы ма еді, әлде суретшінің салынып үлгермеген сансыз шығармасы сол бояуды көркеп, келтірмей тұра ма?» (теңеу), «Иә, қазақы тұрғыда айтсақ, кітапханалар жайы – шарқырай, шырылдап ұшып жүрген, үнінде халықтың мұңды әуені бар, көз көргеннен көмек күткен бозторғайдың кейіпінде» (күрделі метафора), «Туған халқының алдындағы перзенттік парызын аброймен ақтаған саңылақ суреткердің өз қойнына енгелі келген қаралы дөңесте жаралы жолбарыстай жантая мүлгіп, армансыз жатуына әбден хақы бар» (эпитафия).
Достарыңызбен бөлісу: |