Очерк өзінің белгілері жағынан алғанда жоғарыда айтқанымыздай публицистиканың ең қиын жанры. Өйткені, очерк жанр ретінде публицистикада да, көркем әдебиетте де кездеседі. Очерк еңбек адалсы мен озат ұжымның жақсы тәжірибесін, биік көрсеткішін насихаттайтын, көптің ортақ игілігіне айналған жанр. Ол көбіне сол адамдардың қол жеткен табыстары, адамгершілік әрекеттері туралы жылы лебіз білдіріп, тебірене баяндайды. Оның басты объектісі – адам.
Очерк публицистикалық жанр ретінде танымал оқиғаны, болған құбылысты осы оқиғаның басты кейіпкерін образды түрде суреттейді. Ең алдымен дәуір талабына, сол кезеңнің күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелеріне үн қосады. Очерк көркем суреттеулермен қатар публицистикалық баяндауларға барып, әлеуметтік – статистикалық дәлел – деректерді пайдаланады.