Репортаж, әдетте, бір оқиға төңірегінде жазылғандықтан нақты фактіге құрылуы керек. Басты міндет – шындықты көрсету. Жалпы алғанда, репортаж ауызекі сөйлеу стилі болса, автордың «менімен» тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі бұл екі стилдің жазылуы өте жеңіл әрі баршаға түсінікті болып келеді. Бұған себеп, репортаж қысқа болған соң, оған түсінікті, қарапайым тілмен жазылу тән. Тегі, репортажды жақсы жазамын деп әрсіз метафора, эпитет, қиын да күрделі метонимия, әлсіз әсерлі ету құралдарын қолдану дұрыс емес. Себебі, дұрыс қолданыс таппаған тіркестер, материалдың шынайы реңін, әрін жояды. Бұл жерде тағы бір ескеретін жай репортажды әсерлі етіп жазудың екінші бір жолы – диалогты қолдану. Егер автор өзінің айтар ойын оқырманға диалог арқылы ұқтыра алса, репортаж көркемдігі одан әрі арта түсері сөзсіз.