ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия факультеті
Органикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы кафедрасы
Келісілді Бекітілді
Факультет деканы Университеттің Ғылыми-әдістемелік
___________ Е.Қ. Оңғарбаев кеңесінде
«____»_____ 2011 ж. Хаттама № ___ ___________2011 ж.
Оқу ісі жөніндегі проректор
_______________Г.Т. Балақаева
«____»_____ 2011 ж.
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Биохимияның теориялық негіздері
пән аты
5В060600 - Химия
мамандық аты
Оқытудың формасы – күндізгі
Алматы, 2011
Оқу әдістемелік кешен кредиттік жүйеге сәйкес «5В060600 - Химия» мамандығына арналып типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Оқу әдістемелік кешен органикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы кафедрасының отырысында талқыланып, ұсынылған
«_11__» 05___________ 2011 ж., хаттама № 18__
Кафедра меңгерушісі _____________________ Әбілов Ж.Ә.
(қолы)
Химия факультетінің әдістемелік бюросы ұсынған
«___»___________ 2011 ж., хаттама № __
Әдістемелік бюро төрағасы ________________ Ә.Қ. Оспанова
Оқытушы _____________________ Бейсебеков М.К.
(қолы)
Офис: Әл-Фараби 71, Химия факультеті, бөлме-525
(тел.: , е-mail:)
Алғы сөз
Қазіргі, биотехнология, биоинженерия күн санап қарыштап келе жатқан заманда химик мамандар үшін шекаралық облыстағы ғылымдарды, оның ішінде биологиялық химия, меңгерудің маңызы үлкен. Себебі, заман талабына сай сұраныстар ақуыздар, амин қышқылдары, нуклеин қышқылдары, витаминдер, гормондар, ферменттер, т.б. биологиялық активті қосылыстарды синтетикалық жолмен алу қажеттілігін тудыруда. Бұл мәселені шешуде химиктердің қосатын үлесі қомақты болуы тиіс. Осыған байланысты, болашақта толыққанды, замана талабына сай білікті маман болып шығу үшін химик-студенттер биохимия пәнін, биологиялық белсенді қосылыстардың статикасы мен динамикасын, метаболизм жолдарын оқып-үйренуі керек.
Курстың мазмұны
Биохимия пәні ақуыздар, амин қышқылдары, нуклеин қышқылдары, витаминдер, гормондар, ферменттер, т.б. биологиялық активті қосылыстардың құрамы құрылысы, физиологиялық әсері, негізгі биологиялық заттардың метаболизмі, синтездік жолмен алу мүмкіндіктері сияқты мәселелерді қамтиды.
Курстың мақсаты
Студенттерге табиғи қосылыстардың негізгі кластарының (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, амин қышқылдары, нуклеин қышқылдары, витаминдер, гормондар, ферменттер) химиялық қасиеттері заңдылықтарын олардың құрылысымен байланыстыра терең түсіндіріп, бұл білімдерін тірі организмде жүріп жатқан алмасу процестерін оқығанда негіз ретінде пайдалана білу машықтарын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |