Умк биохимия


Ақуыздардың физика-химиялық қассиеттері



бет7/31
Дата07.10.2023
өлшемі467.5 Kb.
#480105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
annotation29528

2. Ақуыздардың физика-химиялық қассиеттері.
Молекулалық массасы. Көбінесе седиментация әдісімен, ультрацетрифуга құралын қолданып анықтайды. Молекулалық массаны тұнбаға түсу жылдамдығы бойынша есептейді. Ол үшін ақуыз таза болуы керек. М.м 12700-10000000.
Суда ерігіштігі – иондық күшке, рН және t тәуелді. μ - өскенде ақуыздың ерігіштігі төмендейді. Температура 600 С-қа дейін өскенде ерігіштік артады.
Коллоидтық күйі. Ақуыздар жоғары молекулалық заттар ретінде гидрофильді коллоидтық жүйелердің касиеттерін

  • жазықты шашырату (Тиндаль эффектісі)

  • онкос қысымының артуы;

  • жартылай өткізгіш мембрана арқылы өте алмау;

  • электрокинетикалық құбылыстар. Мысалы, тұрақты электр өрісінде зарядты бөлшектер ретінде тасымалдану;

  • ісіну, яғни суды өзіне сіңіру қасиеттерін көрсетеді.

Тұнбаға түсуі. Ақуыздар қоршаған ортаның әр түрлі факторларының әсерінен тұнбаға түседі. Бұл коагуляция деп аталады. Қайтымды және қайтымсыз коагуляция болады. Қайтымды коагуляция суды тартып алатын заттардың әсерінен – тұздар (NaCl, (NH4)2SO4 т.б.), спирт, ацетон – болады. Бұл әдіс ақуыздарды бөлшектеп бөліп алу үшін қолданылады. Тұнбаға түскен ақуызға қайтадан су қосса, еріп кетеді.
Қайтымсыз тұнбаға тусу немесе денатурация қыздыру кезінде (≥700С), күшті қышқылдардың, сілтілердің, ауыр металдардың тұздары т.б. әсерлерінен болады. Бұл кезде ақуыз өзінің конфигурациясын, негізгі физика-химиялық қасиеттерін жоғалтады. Оның себебі – ақуыздың сутектік және иондық байланыстарының үзілуі.
Амфотерлігі -NH2 және –CООН топтарының болуына байланысты.
Карбоксил тобы диссоцияцияланса әлсіз қышқыл:
NH2 NH2
R< ↔ R< + H+
COOH COO-
Қышқылдық ортада NH2 тобы ионданады:

NH2 NH+3


R< + H+ ↔ R<
COOH COOH
Қышқылдық ортада ақуыз негіз, ал негіздік ортада қышқыл ретінде әрекеттеседі:

NH+3 NH+3


R< + H+ ↔ R<
COO- COOH
NH+3 NH2
R< + OH- ↔ R< + H2O
COO- COO-
Ақуыздардың амфотерлілігі олардың буферлік қасиеттер көрсетіп, организмде рН-ты қажетті мөлшерде тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрініп тұрғандай ақуыз молекуласы қышқылдық ортада «+», ал негіздік ортада «-» зарядқа ие. Белгілі бір рН мәнінде ақуыз молекуласының заряды жоғалып, бейтараптанады. Ақуыз молекуласының зарядтанған, бейтарап күйі изоэлектрлік күй деп аталады. Ал бұл күйге сәйкес рН мәні изоэлектрлік нүкте деп аталады. Изоэлектрлік күйде ақуыз тұнбаға түседі.
3. Химиялық құрамын анықтау үшін көбінесе гидролиз әдісін қолданады: қышқылдық, сілтілік және ферменттік гидролиз. Осы 3 гидролиздің нәтижесін салыстыру арқылы ақуыздардың құрамы туралы қорытынды жасайды.
Гидролиздің негізгі өнімдері – амин қышқылдары. Зерттеулер нәтижесінде ақуыздардың құрамына әрдайым кіретін 20 α-амин қышқылы екені анықталған.
4. Ақуыз молекуласындағы химиялық байланыстар.
1) Ақуыз молекуласындағы амин қышқылдары бір-бірімен пептидтік байланыстар арқылы байланысқан – СO – NH – .
2) Дисульфидтік байланыстар – ақуыздың екі полипептидтік тізбегін, немесе бір тізбегінің екі учаскесін – S- S – байланысы арқылы жалғастырады. Цистеин амин қышқылдары арасында түзіледі.
3) Сутектік байланыстар – ақуыз молекуласындағы электр теріс О, N атомдарымен байланысқан сутек атомдарының болуына байланысты. –СО – және –NH – топтары арасында пайда болады.
4) Иондық байланыстар – полипептидтік тізбектің шеткі және бос –СООН, -NH топтары ионданған күйде болады. Олардың арасында иондық байланыс пайда болады.
5) Гидрофобтық байланыстар – амин қышқылдарының көмірсутек радикалдарының арасында пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет