Умкд 042-14-5-08. 01. 20. 03/03-2009 №1 басылым 02. 09. 2009



бет3/8
Дата08.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#122348
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.

6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А. Ядова. – м.: 1996.
Дәріс №6. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация

Мақсаты: Студенттерді Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясының өзгерістерімен таныстыру. Оларға Қазақстан Республикасының жағдайын түсіндіру.

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы. Әлеуметтік құрылым қоғам элементі ретінде. 2. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесі.

3. П.Сорокиннің әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобильділік теориясы


Әлеуметтік стратификация – әлеуметтанудың орталық тақырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық құрылымды біз мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы және т.б. арқылы құрылылатынын көрсетуге талпындық. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және еңбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал қазіргі замандағы қоғамда – мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.

Әлеуметтік құрам әлеуметтік стратификацияға айналады – вертикальды тәртіппен орналасқан әлеуметтік жіктердің жиынтығы, дәлірек айтқанда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.

Адамдар әрдайым қозғалыста болып, өздерінің мәртебесін өзгертіп отырады. Қаржы буржуазиясы жер аристократиясының орнына келіп, оны алмастырды, қазіргі өндірісте біліктілігі шамалы мамандықтарды "ақ жағалылар" деп аталатындардың өкілдері – инженерлер, программистер, роботталған кешендердің операторлары ығыстырып шығарады. Соғыстар мен революциялар қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта жасап, пирамиданың шыңына кейбіреулерді көтерсе, басқаларын төмендетті. Олар қазір де ж.үріп жатыр, партиялық элитаны бизнес – элита келіп алмастырды.

Өрлеу мен құлдыраудың арасында белгілі бір асимметрия бар: бәрінің де көтерілгісі келеді және ешкімнің әлеуметтік сатыда төмендегісі келмейді.

Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір – біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан тұрады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мұның мәнін өздерінің теорияларында О.Конт, Г.Спенсер, К.Маркс, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму негізіне



  1. қоғамның еңбек бөлінісі

  2. өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне меншік қатынастары жатады.

Қоғамдық еңбек бөлінісі – әлеуметтік топтардың, таптардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болады.

Өндіріс құрал – жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғамның осы ішкі бөліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалыптаса бастаған құрылымды нығайтады қоғамдық еңбек бөлінісі де, меншік қатынастары да қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалық алғышарттары болып табылады.

Қоғам өмірінде әр түрлі қызмет түрлерінің пайда болуына, материалдық өндірістің және рухани мәдениеттің дауларына еңбек бөлінісінің белгілі дәрежеде елеулі ықпал ететін кезінде О.Конт, Э.Дюркгейм, П.Сорокин және т.б. дәлелденген болатын.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері:



  • қоғамдық еңбек бөлінісі, өндіріс құралдарына деген жеке меншік қатынастар және қоғамдық өнімді бөлуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар жатады. Оларды осылайша түсіндірудің қажеттілігін әр түрлі бағыттың әлеуметтанушылары мойындап отвр;

  • қала мен ауыл адамдары;

  • ой және дене еңбегінің өкілдері;

  • сославие;

  • әлеуметтік- демографиялық топтар (жастар, әйелдер мен еркектер, аға ұрпақ);

  • ұлттық қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, этникалық топтар)

Жоғарыда аталған әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар құрамдары бойынша біртектес болғанымен, олар осы әрекет барысында жеке жіктер мен топтарға бөлінеді, бұлар әлеуметтік құрылымының өз алдына әрекет ететін элементтері болып саналады, өйткені басқа субъектілерімен өзара қарым – қатынас орнату негізінде әлеуметтік жіктер мен топтар өздеріне тән мүдделерді жүзеге асырады. Сондықтан кез келген әлеуметтік құрыымы аса күрделі және тек әлеуметтанушылардың көңіл аударатын тақырыбы ғана емес, оған әлеуметтік басқару ғылымының өкілдері, сонымен бірге саясаткер мен мемлекеттік қайраткерлер де назар аударатын мәселе. Қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтап олардың мүдделерінің қандай екендігін, яғни олардың қай бағытта әрекет ететіндігін нақты білмейінше, қоғамдық істерді басқаруда, соның ішінде экономика, әлеуметтік, саясат және рухани өмір салаларында бір қадамда алға басуға болмайтынын ұғынудың маңызы өте зор. Қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты мәселенің маңыздылығы міне, осында. Оны шешуді әлеуметтік, түсіну негізінде іске асыру қажет.

Әлеуметтік құрылымда адамның алатын орнын әлеуметтік теңсіздік те анықтайды.

Әлеуметтанудың бірқатар классиктері стратификация проблемасын кең көлемде қарастырады. Мысалы, Т.Парсонс адамдарды жіктерге бөлетін белгілердің үш тобын атап көрсетті, оның бірінші тобын адамдар дүниеге келген кезде пайда болатын сипаттар (этникалық тегі, жыныс жас ерекшеліктері, туыстық байланыстары, т.б.) қалыптастырады; екінші белгілерге адам түйсініп, қабылдайтын сол арқылы меңгерген әлеуметтік статусы мен соған орай адамның атқаратын рөлі де енеді (әр түрлі кәсіби қызмет); үшінші топты «меңгеру» элементтері (жеке меншік, материалдық және рухани құндылықтар, жеңілдіктер, біреудің екінші бір адамнан құқықтық артықшылығы, адамдарды басқару мүмкіндігі және т.б.) құрайды.

Жалпы адамзаттың стратификация картасын жасауда бір өлшемді және көп өлшемді стратификация тәсілдерін үйлесімді пайдаланудың үлгісін П.Сорокин көрсетіп берді. Ол социомәдениет дүниесінде ұйымдасқан түрде өзара әрекет ететін диад пен триадтан басталып, империялар мен миллиондаған әр түрлі ұйымдасқан топтардың немесе әлеуметтік жүйелердің өмір сүретіндігін атап көрсетті. Әлеуметтік жүйелердің осы сан алуан түрлерінің көпшілігін классификацияның мақсаттарына орай әр түрлі топтарға бөлуге, топтастыруға болады.

П.Сорокиннің көзқарасына сүйенсек, мұндай әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады:

І. Сыңаржақты маңызды (бір қатардағы негізгі құндылықтардың маңында құрылған және топтасқан) топтар;

а) биоәлеуметтік:

1) нәсілдік,

2) жыныстық,

3) жас мөлшеріне орай;

б) социомәдени;

1). ру,


2). көршілестік

3).тілдік

4).мемлекет

5). кәсіби

6).экономикалық

7).діни


8).саяси

9).идеологиялық топтар (ғылыми, философиялық, этникалық, эстетикалық, демалу және сауық сайран топтары)

10).элитаның нормалды топтары (көсемдер, данышпандар және тарихи тұлғалар).

ІІ. Көпжақты маңызды топтар (екі немесе одан да көп құндылықтар қатарларың комбинациясы төңірегіне біріккендер):

1). Отбасы

2). Клан


3).тайпа

4).ұлт


5).әлеуметтік жүріс тұрыс немесе сословие (дін басылары, буржуазия, жұмысшылар мен шаруалар)

6). әлеуметтік тап.

Стратификацияның тарихи типтері – құдық дәуірі, касталар, сословие жабдық қоғамды сипаттады, ал таптар болса, ашық қоғамды айқындайды.

Әлеуметтік мобильдік қоғамның әлеуметтік теориясының ажырамас бөлігі, Сондықтан ол әлеуметтік стратификациясымен тығыз байланыста, өзара әрекет ету үстінде қарастырылады, Әлеуметтік мобильдік дегеніміз – адамдардың бір әлеуметтік топтардан немесе қабаттардан екіншісіне, басқасына қарай жылжуы, соған өтуі.

Әлеуметтік мобильдік категориясын әлеуметтануға тұңғыш енгізген П. Сорокин еді. Ол әлеуметтік мобильділікті горизонтальді және вертикальді деп екіге бөлді. Мысалы, горизонтальді мобильділікке қалалық қабатта ауылдық қабаттық немесе керісінше өту процесі жатады. Халықтың әлеуметтік мобилдігіне қаладағы немесе ауылдық жердің өмір жағдайларының өзгеруі, адамдардың жаңа мамандық алу немесе қызмет түрін өзгертуі сияқты жағдайлар әсер етеді.

Вертикальді әлеуметтік мобильдікте индивидтің жоғарғы қабатқа өтуі өршең әлеуметтік мобильдік деп аталады. Себебі мұнда қызметі, лауазымы артады, т.б. өзгерістер болады. Ал бұған керісінше, төмен қарай қозғалу индивидтің әлеуметтік құлдырау мобилдігін сипаттайды, бұл дегеніміз оның статустарын жоғалтуын, деградацияға ұшырауын, банкротқа отыруын анықтайды.

Ұжымдық әлеуметтік мобильдік стратификациялық құрылымға үлкен өзгерістерді. Горизантальдык бағыттар, әсіресе вертикаль бағыты бойынша жаппай ауыспалықтардың орын алуы бірнеше себептер арқылы: біріншіден, экономикадағы ұйымдастыруға ынталандыру және бағыт-бағдар беру мақсатында жүргізілген құрылымдық қайта құру процесіне орай өзара байланысқан экономика саласындағы терең өзгерістер; екіншіден, осы қайта құруларды басқаратын тұлға ретіндегі белгілі бір топтардың пайда болуы; үшіншіден, идеологиялық бағыт бағдарлардың, құндылықтар мен нормалар жүйесінің саяси басымдылықтардың алмасып ауысуы арқылы бір бірімен байланысады.

Әлеуметтік мобильділікті зерттеу ғалымдармен қатар мемлекеттік қызметкерлерде де енжар қалдырмайды, солар үшін де аса маңызды. Әлеуметтік сатылардан көрудің нақты көрінісін, бейнесін, олардың себептері мен ұстанған негізгі бағыттарын толығырақ білу қажет, сонда ғана қоғам бұлт процестерді белгілі бір дәрежеде өзінің бақылауын,а ала алады, сөйтіп, әлеуметтік динамиканы сақтау мүддесімен қатар, қоғамның тұрақтылығын орнықтыру және адамдардың өмірін жақсарту мақсатында оларға саналы түрде ықпал етеді.

Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік мобильдік мәселесі азаматтық қоғам проблемасымен тікелей байланысты, бұл проблеманы тұңғыш рет ХVIII ғасырдағы Еуропа ойшылдары көтерген болатын, ал кейінірек бұл мәселені Гегель терең әрі жан-жақты қарастырды. Ол азаматтық қоғаммен мемлекет ұғымдарын бір –бірімен бөліп қарастырды, жеке қажеттіліктермен мүдделерді іске асыру саласында адамзат қоғамын мемлекеттік жүйемен тәуелсіздік тұрғысында салыстыра сипаттады.

Азаматтық қоғамды бағалаған кезде қазіргі таңдағы қоғамда қалыптасқан бүкіл әлеуметтік топтардың өзара әрекеттерін, соның ішінде таптардың және олардың құрайтын әлеуметтік, кәсіби және демографиялық топтардың, сонымен қатар ұлттық қауымдастықтардың өзара әрекеттерін тұтас жүйе ретінде қарастырған жөн. Қоғамда объективті түрде пайда болған әлеуметтік топтар мен қабаттардың қызметі мен соған сәйкес орайластырылған мүдделерін ескерумен қатар, адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани тұрғыдағы талаптары мен сұраныстарын жүзеге асыру мақсатында олардың өздері құрып қалыптастырған функционалдық топтар мен ұйымдарды да естен шығармау керек.

Әлбетте, осы топтардың баршасының өмір сүруінің өзіндік экономикалық, саяси және рухани негіздері бар. Егер экономикалық негізді алатын болсақ, онда ол тек жеке меншіктік қатынастармен шектеліп қалмайды, сонымен қатар ол корпоративтік, акционерлік меншікті, кооперативтердің ұжымдық және қоғамдық ұйымдардың меншігін экономиканың кейбір салаларында сақталып отырған және сақтауды қажет ететін мемлекеттік меншікті өз құзырына қосып алады.

Мемлекеттік қызметкерлер өздері жүргізіп отырған әлеуметтік саясатта өзара органикалық байланыстағы және динамикалық тұрғыда өзара әрекет етуші осы екі тенденцияны есепке алу қажет. Бұл әлеуметтік құрылымның одан әрі дамуы мен қоғамдағы әлеуметтік динамикаға саналы түрде ықпал жасау үшін осы процестерді қайткен күнде де ғылыми басқару үшін де аса қажет.

Әлеуметтік саясат – бұл қоғамдағы бүкіл әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған саясат. Мұндағы басты нәрсе – халықтың барлық әлеуметтік топтары мен қабаттарының материалдық хал-ахуалы мен тұрмысын жақсарту, олардың тіршілік етуіне қажетті дұрыс жағдайларды қамтамасыз ету және әлеуметтік әділеттілікті сақтау. Осы мәселелерді шешу әлеуметтік саясаттың негізгі мазмұнын құрайды.

Әрине, мемлекет, саяси партиялар мен қозғалыстар өкілдері арасында бұл проблемаларды түсіну және оларды шешу, жүзеге асыру барысында әрқилы тәсілдерді қолдану жөнінде әр түрлі көзқарас болуы мүмкін. Алайда, нағыз демократиялық әлеуметтік саясаттың ең басты және түбегейлі мақсаты – барлық әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды үйлестіру болып табылады. Билік басында тұрған саяси күштердің бүгінгі таңдағы дұрыс та дана әлеуметтік саясаты қандай болу керек дегенге келсек, олар әлеуметтік топтардың тұрмыс-тіршілігіне, әрекетіне, олардың мақсаттарына барынша сай, үйлесімді келетін жағдайлар жасаулары, олардың осы мүдделерін орайластыра аларлық әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың тиімді механизімін дайындап, өмірге енгізулері болады. Сонымен бірге бүгінгі таңдағы қоғам дамуының нақты жағдайларын есепке алу арқылы объективті әлеуметтік заңдар қабылдап, оларды жүзеге асыру қажет.

Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен мобильдік

     Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын – соңды болмаған күделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік – экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел – жұрттың миграциясы мәселелері мен үдерістері ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулетті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.

     Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігін қажет етеді. Ал, осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысанының алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлшектелінуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жеке, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейманханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болады.

     Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.

     Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.

     Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерілеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, орта және шағын бизнестің рөлі зор.

      Академик К. А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.

      1 – топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншік ие болады;

      2 – топқа табиғатынан бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда–саттық пен айналысудағы тәжірибелерінің негізінде қалыптасқан;

       3 – топқа кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы кезден бастап  қажымай – талмай еңбектену нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;

       4 – топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар кез – келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адамдардың бастапқы капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының көлемі де айтарлықтай емес.

       Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар.

       Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жие болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір – біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4 – 5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекеме, мейманхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедейшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрды. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұрақсыздығынан болады.

      Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикальды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.

       Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2 – 5 % - дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15 – 25 % - ға дейін көтерілген.

       Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50% - дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы кеңінен қолданып, көптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.

       Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете басталды. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.

       Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2 – 5 %  болады. Дамыған елдерде мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жариялады, мұны ашып айтуға тиым салынады. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдына егемендік, тәуелсіздік алғаны мәлім. Ол өз бетінше өндірісті ұйымдастырып дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсіз болып жабылып қалды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарында, шаруашылықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұмысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллигенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды. 1997 – 1998 – жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығында көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керсінше, қала мен ауыл – селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қоғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер, бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет



Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

2. Қоғамның әлеуметтік стратификациясы ұғымы. Жаңа топтар мен страттар.

3. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективалары.



Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.

6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А. Ядова. – м.: 1996.
Дәріс №7 Тұлға әлеуметтанулық сипаттамалары
 Мақсаты: студентерді тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамаларымен таныстыру. Жаһандану жағдайындағы тұлғаның әлеуметтенуін түсіндіру.

Дәріс жоспары:

1        Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі.

2        Тұлға туралы теориялары.

3        Тұлғаның әлеуметтену процесі.

4        Тұлға әлеуметтік қатынастардың объектісі және субъектісі ретінде.

Дәріс тезистері:

     Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың – философиялық, социология, психология,    педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.

    Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады.

    Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға», деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

    Индивид – жеке – дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата – анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгеніннен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата – ананың, басқа адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.

    Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық - әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Биологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, организмнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.

   Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау т.б. адамның еркі мен сипатын (бейнесін), темперамент, т.б. қамтиды.

    Осыған орай жеке – жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке – дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.

    Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан – жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс - әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.

   Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.

  Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс – қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.

   Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді.Мысалы отбасына, оқу тобына, достар компаниясына, өндіріс ұйымына, т.б. Әрбір топтағы адамның белгілі бір орны, өзінің көзқарасы, бағыты болады, оған белгілі бір талап – тілектер қойылып, ол оны орындайды. Сонымен, нақтылы жағдайда бір адам бірде әке немесе шеше, екінші жағдайда осы адам дос, үшінші жағдайда бастық болады, яғни нақтылы адам әр жағдайда әр түрлі рөлдерде қызмет атқарады.

   Басқаша айтқанда, әлеуметтік рөл дегеніміз, қоғамдағы адамдардың белгілі бір қызмет атқарған жағдайда белгілі бір тәртіп нормаларын сақтауын айтамыз. Ал, рөлдік жүйе дегеніміз, адамның қоғамдағы алатын орнына, жағдайына, тұрмысына сәйкес істейтін қызметінің жиынтығы. Адамдардың әлеуметтік рөлдерді бойына сіңіріп, игеріп, меңгеруі тұлғаны әлеуметтендіру процесінің бір бөлігі, оның қоғамға, топқа толық енуінің негізгі қажетті шарты.

      Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға өзіндік рөлдік мінез – құлқын белгілі бір әлеуметтік ситуацияға байланысты пайдаланып оны бейімділік құралы ретінде қолданады. Басқаша айтқанда, рөлдік мінез – құлық дегеніміз, индивидтің (адамның) іс жүзіндегі мінез – құлық.

      Сонымен, жан – жақты дамыған тұлға белгілі бір әлеуметтік жағдайда бейімделу құралы ретінде рөлдік мінез – құлықты пайдаланады. Рөлдік мінез – құлықты рөлмен алмастыруға болмайды. Әлеуметтік рөлдің негізгі компонеттері сатылы жүйе ретінде құралады.

     Рөлдік тұжырымдамада Американың әлеуметтік психологиясында XX ғасырдың 30 – шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарьз Хортон (1864 – 1929 ж.ж.), Мид Джордж Герберт (1863 – 1931 ж.ж.), т.б. Кули Ч. Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческая природа» и «Социальный порядок» (1902 ж.), «Социальная организация» (1909 ж.) «Социальный процесс» (1918 ж.) «Социологиеская теория», «Социальное исследование» (1930 ж.) деген еңбектері бар.

    Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік – функционалдық талдау теориясында көп қолданады.

     Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу процестерін көп дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады.

      Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдар мен алуан түрлі қарым – қатынастар мен байланыстар негізінде болды деп тұжырымдады.Осылардың негізінде адам өзінің «айнадағы мен» деген имиджін жасайды. Ол үш элементтерден құрылады:

       а) Жұрт мені қалай қабылдайды;

       ә) Жұрт менің сыртқы түрімен қалай әсер етеді;

       б) Мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.

       Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.

       Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан құрылады.

       Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалар үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.

        Екіншісі, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.

         Үшінші саты – ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.

       Тұлға туралы рөлдік теорияда адамның әлеуметтік мінез – құлқы негізгі екі ұғыммен түсіндіріледі:

        Олар: «әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөл», Әлеуметтік рөл туралы жоғарыда біраз айтылды. Енді бұларға толығырақ тоқталайық.

           Мысалы, әрбір адам әлеуметтік жүйеде бірнеше қызметтерді атқарады. Осыны статус дейді.

           Әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді. Біреуі – қоғамнан берілген (предписание), екіншісі адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген (преобретенный) статус. Тұлғаның табиғи статусы адамның мәнді, тұрақты сипатты белгілеріне байланысты (ер адам, әйел, бала, жасөспірімі, қарт, т.б.). Кәсібіне, қызметіне (лауазым) байланысты статус – тұлғаның базистік (яғни, негізгі) статусы болып есептеледі. Бұл статусқа адамның әлеуметтік, экономикалық, өндірістік салаларда қызметі, орны (мысалы, дәрігер, инженер, мұғалім, банкир, т.б.) жатады.

    Қорыта айтқанда, қандай да бір қоғамда адамның әлеуметтік жүйедегі орны бар. Ал, қоғамның адамға белгілі бір талап қоюы оның әлеуметтік рөлінің мазмұнын, мәнін құрайды. Сонымен, әлеуметтік рөл дегеніміз, әлеуметтік жүйеде белгілі бір статусы бар адамның орындайтын іс - әрекетінің жиынтығы.

     Жоғарыда көрсетілгендей, тұлға дегеніміз, жоғары шарықтап дамыған, жан – жақты жетілген адам. «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, дамыта отырап, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.

      Құқықтық мемлекеттерде жеке тұлға өркениет пен мәдениеттің жоғары адамгершілік қасиеттердің жиынтығы және субъектісі ретінде танылады.

       Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі бірліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына, т.б. белсенді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге, өңдеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар:

          а) іс - әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.

          ә) қарым – қатынас, бұл – адамдардың бір – бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді.

          б) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс - әрекет етуі жатады.

        Тұлғаны әлеуметтендіру. Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс - әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым – қатынас жасауды іске асырады.

        Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс - әрекеті мен басқа адамдармен пікір алмасу процесінде өтеді. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес. Керсінше, индивидтің іс - әрекетке белсенді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез – құлқын қоғам талабына сай, лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыру арқылы іске асады.

       Соның арқасында адамда өз мінез – құлқын, іс - әрекетін, қызметін басқа адамдардың сондай мінез – құлықтарымен салыстыра бағалау, сөйтіп өзінің кім екенін түсіну, өзін - өзі тану қабілеті жетіледі.

    Тұлғалық қасиеттердің ішіндегі аса маңыздысы оның өмірге өзіндік көзқарасының болуы. Адамның көзқарасы ғылыми немесе ғылыми емес, т.б. болуы мүмкін.

     Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді. Біріншісі – туғаннан ер жеткенге дейін. Екіншісі – ер жеткен, кемеліне келгеннен кейінгі кезең.

     Тұлғаға айналудың бірінші кезеңі барлық адамдарда бар, бірақ, екінші кезеңнің сипаты барлық адамдарда байқала бармейді. Ал, кейбіреулер тіпті жиырма бес жасында тұлғаға айналады. Әрине, өкінішке қарай, мұндайлар қоғамда өте сирек кездеседі. Жеке дара адамды, индивидті тұлғаға айналдыруда әр түрлі оқу орындарының атқаратын қызметі зор.

    Тұлға тек қана әлеуметтік – қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік іс - әрекеттер, дің маңызды субъектісі де болып саналады. Бұл іс - әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде, т.б. Көрнекті неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер әрбір адам өзінің іс - әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап көрсеткен. Вебер осындай іс - әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналауын тосу, күту, үміт ету (ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай іс - әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Мұндай әлеуметтік іс – қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сәйкес келетін іс - әрекет (целенаправленное действие). Бұл мақсатқа сәкес келетін іс - әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жету үшін қолданылады.

    Вебер әлеуметтік іс - әрекетті, қимылды 4 типке бөледі:

    а) Ақыл – ойдың мақсатқа бағытталуы (целерациональный). Мұнда әрбір іс - әрекеттің мақсаты мен құрылымының бір – біріне сәйкестігі көзделеді.

     ә) Іс - әрекеттің құндылыққа бағытталуы. Мұнда әрбір іс - әрекеттің басқа құндылық, бағалық үшін өмір сүруі (мысалы, діни немесе моральдық, т.б.) көзделген.

     б) Аффективтік. Бұл адамның эмоциялық реакциясына негізделген (аффективия).

     в) Дәстүрлік (яғни, салт – дәстүрлік). Мұнда адамның іс - әрекеті белгілі бір дәстүр, салтқа сәйкес болады.

      Тұлғаның әлеуметтік қызметі деп, адамның өмірді өзінше игеріп, меңгеруі және адамның өзінің қоғамдық қатынастарды, құбылыс, процестерді өзгертуші субъект ретінде дамып, жетілдірудін айтады.

       Әлеуметтік іс - әрекет пен қызметтің қозғаушы күші объективтік жағдайларымен байланысты. Объективтік жағдай адамдардың қажеттілігінен, мұң – мұқтажынан, мүддесінен, мақсатынан шығады.

       Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана, т.б. қажеттіліктер (мұқтаждықтар) жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыс – қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу, т.б. қажеттеліктер (мұқтаждықтар) кіреді.

       Адам  мүддесі, мақсаты белгілі бір қажеттілікті (мұқтаждықты, зәрулікті) қанағаттандыру мүмкіндігіне қарай тұлғаның іс - әрекетінің, қызметтерінің бағыттарын белгілеп отырады.

       Мүдделерінің, мақсаттардың негізінде әлеуметтік талап – тілектерді білдіретін адамдардың қажеттеліктері жатады. Осыған орай мүдде, мақсат бір нәрсеге, затқа деген қажеттілікті түсінудің түрі ретінде көрінеді.

      Қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қатар сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттан өзіне керегін алып, өзінің мүддесін мақсатын қанағаттандырып отырады. Осылардың нәтижесінде тұлға табиғаттан біршама тәуелсіз болады.

      Қажеттілік – объективті дүниенің даму заңдарының негізгі бір түрі. Осыған орай тұлға қажеттілікті терең, жан – жақты түсініп, оны меңгеіп, өзінің ісінде, қызметінде пайдаланып отырады. Екінші жағынан, қажеттілік тұлғаның өмірдегі белсенділігін, жауапкершілігін арттырудың басты факторларына жатады. Тұлғаның атқаратын іс - әрекеті, қызметі белгілі бір нақты мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады.

      Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсендетуге жағдай туғызады.

      Мүдденің мақсатқа айналу сатысында қозғаушы күш ретінде болатын адамдардың ынталары, бастамалары, ниеттері, т.б. маңызды рөл атқарады, осылардың өзара байланыс – қатынастары тұлғаның қызметінің әлеуметтік жағын құрайды. Әлеуметтік іс - әрекеттің, қызметтің сырт көрінісі адамның нақтылы көзқарасынан, жалпы идеологиясынан да байқалады.

     Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлекметтік бақлау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.

     Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады. Сөйтіп әлеуметтік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль, т.б.) тарапынан да реттеу болып табылады.

     М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез – құлқы деп, оның іс - әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады:

      а) Инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік;

      Мінез – құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.

       Әлеуметтік мінез – құлық әр түрлі болады, олар:

       а) Индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез - құлқы);

       ә) Ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап – тілегі және іс - әрекет мақсатының бірлігі негізінде құрылған ұйымдасқан топтын мінез – құлықтары;

      б) Бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының мінез – құлқы.

      Қылық – бұл іс - әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытын тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі.

      Әлеуметтік тәртіп белгілі бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез – құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған (немесе девианттық) мінез – құлық дейді. Бұл ауытқуды (девианттық) әлеуметтанудың арнаулы теориясы – ауытқу мінез – құлқының әлеуметтану зерттейді.

       Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль принциптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады.

      Ауытқу тәртібі еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар арасында, ұйыцмдық қарым – қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс салтында, т.б. жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өз - өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу  қу мінез – құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет