Умкд 042-18 19/03-2014 Басылым №4


Модуль 2 – Салық есебінің ережелері



бет4/5
Дата23.02.2016
өлшемі470.5 Kb.
#6876
1   2   3   4   5

Модуль 2 – Салық есебінің ережелері

6 – Тақырып. Салық есебінің ережелері және тіркелген активтер бойынша шегерімдер.

Дәріс жоспары:

1.Тіркелген активтер түсінігі.

2.Тіркелген активтерге шегерілім.

1. Салық төлеуде – толық және нақты мәліметтер негізінде салық есебін ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Оның негізінде барлық есеп айырысулар есептік құжаттар толтырылады, басқа да міндетті төлемдер көрсетіледі.

Салық есебі – негізгі құжаттарда мына ретпен көрсетіледі:

-салықтық міндеттемелер негізделген ақпараттар

-салық төлеушілермен ақпарат алмақ

-салықтық агенттер мен салық органдары

-салық кодексінде көрсетілгендей;

Салық төлеушілердің бухгалтерлік есебінде тіркелген активтердің амортизациялық және жөндеу шығыстары жеке есеп саясаттарына сәйкес анықталады.

Тіркелген активтер – салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен МЕА.

МЕА – жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзім пайдаланылатын материалдақ емес ьбъектілер.

Негізгі құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндіру, салу, монтаждау және орнату жөніндегі шығыстар, сондай – ақ салық төлеушінің шегерімге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізіледі.

Тіркелген активтердің құны амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерімге жатқызылады. Амортизациялауға жатпайтын тіркелген активтерге жер - өнім беретін мал, сәулет ескерткіштері, көлік жолдары, аяқталмаған құрылыс жатады.

Әрбір ішкі топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында ішкі топтың құн балансына амортизация нормаларын қолдану жолымен есептеледі.

Салық заңнамасына сәйкес тіркелген активтерге мыналар жатады:



  1. түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

  2. концессия шартының шеңберінде концессияшы жүргізген және алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

  3. қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде алынған табыстар жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады.

  4. Табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе мүлікті басқаруды құру арқылы қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және мет рология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.

Рет

Топ

ТІРКЕЛГЕН АКТИВТЕРДІҢ АТАУЫ

1

I

Мұнай, газ ұңғымаларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар

2

II

Мұнай газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай – ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

3

III

ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдық

4

IV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай газ өндіру машиналары мен жабдық

  1. Топтың салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың, топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.

Топтың II, III және IV топтары бойынша барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін тиісті кіші топтың немесе топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы, егер өзгеше көзделмесе шегерімге жатқызылады.

Қорыта келе, тіркелген активтер деп – тануға және олардың құнын шегерімге жатқызуға немесе преференциялар обьектілері деп тануға және олардың құнын сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.


2.Іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуы тиіс шығындар мынадай активтерге:

1) Тіркелген активтерге;

2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтерге қатысты шегерімге жол беріледі.

Амортизациялауға жататын активтерге келесілер жатады: жер учаскелері; құрылысы аяқталмаған активтер; орнатылмаған жабдықтар; салық төлеуші тауарларды өндіруде, қызметтер көрсетуде пайдаланбайтын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер; бағалы қағаздар; бұрын құны толық шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;

Салық есебі – салық төлеушінің жазбаша өтініші салық салуға байланысты объектілердің көрсеткіші.

Салықтық міндеттемесі басқа да көрсеткіштерді көрсетуі, бюджетке төлемдері.

Салық есебі – салық төлеушілермен, салық агенттерімен, олардың орындаушыларымен арнайы үлгіде жасалады. (заңдылықтарға сәйкес)

Салық есебін – салық ұйымдастыру бөлімдері жеке формада салық төлеу уақыты басталғаннан салық төлеу уақыты аяқталғанға дейін дайындайды.

Баланста көрсетілгеннен кейін дайындалған есеп беруді 15 күн ішінде салық органдарына өткізеді.

Салық төлеушілер, салық агенттері өз есеп берулерін мынадай үлгіде берулеріне құқылары бар:



  • арнайы хат арқылы

  • жеке формада келіп көрсетуге

  • электрондық үлгіде ақпараттарды ҚР ҚМ салық комитетінің ережелеріне сай компьютерге енгізуге.

Салық есебіне байланысты ең маңызды кезең – толықтырулар мен

өзгертулер. Толықтырулар мен өзгертулер салық декларациясында енгізілгенде орындалған есеп берулерге қосымша декларация толтырылған, онда кейінгі кезеңдегі өзгертулер мен толықтырулар көрсетіледі.

Қосымша декларация көрсетілсе, тексеру кезінде орындалмаған жұмыстарға (уақыттан кейін) айыппұл салынбайды. Салық міндеттемелері – дер кезінде уақытында төленбесе Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес 10 күн уақыт басқа да жайсыз кезеңдерде 60 күн уақыт беріледі.

Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық ішкі топтар бойынша жүргізіледі. Амортизациялауға жатпайтын тіркелген активтерге келесілер жатады: жер; өнім беретін мал; мұражай құндылықтары; сәулет және өнер ескерткіштері; жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары, жаға жолдар, бульварлар, скверлер; аяқталмаған күрделі құрылыс; фильм қорына жататын объектілер;

Тiркелген активтер - жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн пайдалануға енгiзетiн және осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерiлетiн негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.
Салық салу мақсатында концессия шарты шеңберінде концессионер (құқық мирасқоры) өндірген және (немесе) алған активтер концессионердің негізгі құралдары болып табылады және концеденттің негізгі құралдары болып табылмайды.
Тiркелген активтердің құны

1. Кодекстiң 92-103-баптарына сәйкес негiзгi құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөнiндегi шығындар, сондай-ақ салық төлеушiнiң шегерiмге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізiледi.2. Қатысушылар, құрылтайшылар негiзгi құралдарды жарғылық капиталға өздерiнiң салымы ретiнде енгiзген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың бастапқы құны болып табылады.


Негiзгi құралдарды өтеусiз алған кезде бастапқы құн аталған құралдарды қабылдау-беру актiсiнiң деректерi бойынша, бiрақ олардың нарықтық құнынан асырмай белгiленедi.
3. Құрылысқа алынған және құрылыс жүргiзу кезеңiнде төленетiн (төленуге тиiс) кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақы құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.
4. Қатысушылардың, құрылтайшылардың шығындарын қоса алғанда, материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) жасау жөнiндегi шығындар олардың бастапқы құны болып табылады.5. Тiркелген активтердiң құны осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерiмге жатқызылады.
Тiркелген активтер амортизациясының шектi нормалары

1. Амортизацияға жататын тiркелген активтер амортизацияның мынадай шектi нормаларымен топтарға бөлiнедi:



Топ
N

Тiркелген активтердiң атауы

Амортизацияның
шектi нормасы
(%)

I

Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда)

10

II

Мұнай-газ өндiру машиналары мен
жабдықтарын қоспағанда,
машиналар және жабдық

25

III

Кеңсе машиналары мен компьютерлер

40

IV

Басқа топтарға қосылмаған
тiркелген активтер

15

2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгiзiлген тiркелген активтер бойынша салық төлеушi кемiнде үш жылдың жылдық жиынтық табысын алу мақсатында осы тiркелген активтердi пайдаланған жағдайда, пайдаланудың бiрiншi салық кезеңiнде амортизациялық аударымдарды амортизацияның қосарлы нормалары бойынша есептеуге құқылы. Осы тiркелген активтер пайдаланудың бiрiншi салық кезеңiнде топтың құн балансынан бөлек есепке алынады. Келесi салық кезеңiнде осы тiркелген активтер тиiстi топтың құн балансына енгiзiлуге жатады.
Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер

1. Iшкi топтың (І топ бойынша) барлық тiркелген активтерi немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңiнiң соңындағы құн балансы шегерiмге жатқызылады.


2. Егер iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңiнiң соңындағы құн балансы 300 айлық есептiк көрсеткiштен кем соманы құраған жағдайда, салық төлеушi iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) құн балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.
3. Салық төлеушi тiркелген активтер бойынша осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес қосымша шегерiмдер жасауға құқылы.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Тіркелген активтер дегеніміз не?

2. Тіркелген активтерді есептеу түрлері?

3. Салық салынатын объектілері?


7 – Тақырып. Арнаулы салық режимдері

Дәріс жоспары:

1.Жергілікті бюджетке аударылатын салықтар есебі

2. Оңайлатылған декларация толтыру тәртібі
1.Жергілікті бюджетке төлейтін салықтарға мүлік салығы, көлік салығы және жер салығы жатқызылады.

Мүлік салығын төлеушілер болып мыналар табылады:



  1. Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

  2. Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар мен материалдық емес активтер салық салу объектісі болып табылады. Заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1% ставка бойынша мүлік салығын есептейді. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді. Салық төлушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойнша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:


  1. Ауыл шаруашылығы мақсаттағы жерлерге;

  2. Елді мекендер жерлеріне;

  3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге;

  4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне;

  5. Орман қорының жерлеріне;

  6. Су қорының жерлеріне;

  7. Запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылды.

Жоғарыдағы 4,5,6,7 – жерлер салық салынуға жатпайды.

Жеке меншік құқығында, тұрақты жер пайдалану құқығында салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады. Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі. Заңды тұлғалар үшін ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлестермен төленуге тиіс. Салық төлеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні мерзімінен кешіктірілмей біржолата есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.

Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. Жеке табыс салығы салынатын объектілер мыналар:


  1. Төлем көзінен салық салынатын табыстар;

  2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

Салық салынуға жатпайтын табыстар:

1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;

2. Балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

3. Жеке тұлғанының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа);



  1. Лоторея бойынша бес айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;

  2. Гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер(еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);

  3. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестірілетін адамдардың І және ІІ топтағы мүгедектердің, сондай-ақ бала кезінен мүгедек адамның ата-аналарының біреуінің табыстары; ІІІ топтағы мүгедектердің бір жыл ішіндегі айлық-есептік көрсеткіштің 240 еселенген шегіндегі табысы;

  4. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін бір жолғы төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);

  5. Салық жылы ішінде медициналық қызмет көрсетулердің (косметалогиялық қызмет көрсетулерден басқа ) ақысын төлеу үшін бала туған кезде, жерлеу үшін берілетін, құжатпен расталған, айлық-есептік көрсеткіштің 70 еселенген шегіндегі табысы;

  6. Қызметтік іс-сапарлар кезінде белгіленген мөлшерде төленетін өтемдер;

10. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;

  1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасы шет елдеріндегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;

  2. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан берілетін зейнетақы төлемдері;

13. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл 6ала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) 6ерiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;

14. Бiлiм 6еру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының зандарында белгiленген мемлекеттiк стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;

15. Сақтандырудың кез келген түpi кезiнде төленетiн, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;

2012 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) = 1618 теңге. Жылдық есептік көрсеткіш (ЖЕК)= 19 416 теңге (1618*12=19 416).

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:


  1. Қызметкердің табысы;

  2. Біржолғы төлемдерден алынған табыс;

  3. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;

  4. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

  5. Стипендиялар;

  6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

2. Декларация – салық салынатын объекті туралы ақпараттарды ашу бойынша және корпоративтік табыс салығына салық салуға байланысты объекті туралы декларацияның және оған қосымшаның өзінен тұрады.

Декларацияда көрсетілетін деректер есептік құжаттамалармен расталуы тиісті. Заңды тұлғамен есептік құжаттарды сақтау мерзімі салық заңымен белгіленген 5 жылдағы қуыну мерзімінің көп жыл өтуімен анықталады.

Табыстар, шегерімдер, ауыстырылған залалдар мен жеңілдіктер туралы декларацияда келтірілген деректерді растайтын құжаттарды салық төлеуші декларацияны толтырған және тапсырған күнінен бастап, 5 жыл сақтауға міндетті.

Тіркелген активтердің алғашқы және ағымдағы құнын растайтын құжаттар, салық салу мақсатында белгіленген барлық өтелім кезеңінің ішінде сақталуға тиіс. Есептік құжаттары электорнды және магнитті құралдарда сақталған салық төлеушілер салық органдарының талаптары бойынша, құжаттар көшірмесінің барлық деректемелерін көрсетіп жазады.

Салық төлеушілермен шетел тілінде толтырылған есептік құжаттар салық қызметінің талабымен қазақ немесе орыс тіліне аударуға жатады. Есептік салық жылында салық төлеуші Декларацияны толтырғаннан кейін он күн ішінде мемлекеттік бюджетпен біржола есептесуін жүргізеді. Корпоративтік табыс салығын төлеудің соңғы күні Декларацияны тапсырған күнге қарамастан есеп берумен жалғасатын 10- сәуір болып табылады.

Салық декларациясы мен салық бойынша есеп айырысуға өзгерістер мен қосымшалар енгізу.

Салық декларациясы мен салық бойынша есеп айырысуға өзгерістер мен қосымшалар енгізу Салық кодексімен қарастырылған мерзім ақталғанға дейін рұқсат етіледі. Салық төлеушінің есеп айырысуы осы өзгерістер мен қосымшаларға қатысты қосымша салықтық декларация немесе салық кезеңіндегі есеп айырысуды толтыру жолымен жүргізіледі.

Салықтық декларацияға немесе соған сәйкесті жолдар бойынша есеп айырысуға қосымшаларда бұрын тапсырылған көрсеткіштермен салыстырғандағы тек анықталған айырмашылықтар сомасы көрсетіледі. Тексеруге дейінгі қосымшаны беру кезіндегі салық төлеушімен анықталған салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы бюджетке айыппұлдарды есептемей, бюджетке енгізуге жатады. Салық төлеушіден негізделген жазбаша өтініш алғаннан кейін, соған сәйкесті қаржылық органның басшысының келісуімен аумақтық салық органның басшысы Салық Кодексімен белгіленген, жергілікті бюджетке толық көлемде төлемге жататын, салықты немесе айыппұл санкциясы бойынша бір жылдан артық емес уақытқа ұзартуға құқылы.

Салық төлеушінің тіркелген жері бойынша жергілікті атқару органы өтінішті алғанан кейін, ҚР Мемлекеттік кіріс Минисрлігі келісімімен салық немесе айыппұл санкциясының белгіленген төлеу мерзімін, бірақ бір салықтық жылдан артық емес уақытқа ұзартуға құқығы бар.

Салық шегерімдері:

Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде салық жыл ішіндегі әрбір ай үшін шегерімге мыналар жатқызылады:



  1. Қазақстан Республикасының заң актісінде табысты есептеудің тиісті айға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома;

  2. Асырауындағы адам пайда болған айдан бастап қызметкердің асыруындағы отбасының әрбір мүшесіне айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома. Аталған шегерімдер бір салық төлеушінің табысына – отбасы мүшесіне қолданылады.

  3. Жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін міндетті зейнетақы жарналары.

  4. Қазақстан Республикасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында айлық есептік көрсеткіш 10 еселенген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары.

  5. Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары.

  6. Тұрғын-үй құрылыс жинақ банктерінде Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға Қазақстан Республикасы аумағында тұрған үйді жөндеу, салу немесе сатып алу үшін алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар [7].

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына табыстардың мынадай түрлері:

  1. Мүліктік табыс;

  2. Жеке кәсіпкердің салық салынатын табыстары;

  3. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары т.б.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:

  1. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

  2. Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

  3. Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

  4. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

  5. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар.

Жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етілу мерзімдері:

  1. Жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тіркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі;

  2. Арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер арнаулы салық режимі қолданылатын қызметінен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейді.

Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу, әлеуметтік салықты есптеу жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу бойынша есепті жасау жолымен жүзеге асырылады. Есепте салық төлеуші мынадай мәліметтерді көрсетеді:

  1. 1- бағанда күнтізбелік жылының тиісті айлары;

  2. 2- бағанда жеке тұлғаның есептелген табыстар сомасы;

  3. 3- бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен есептелген табыстар сомасы;

  4. 4- бағанда екінші бағанда көрсетілген және салық жылының тиісті айы үшін салық салуға тиіс емес табыстарының сомасы;

  5. 5- бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 4 – бағанда айқындалған табыстардың сомасы;

  6. 6- бағанда салық жылының тиісті айы үшін зейнетақы заңнамасына сәйкес айқындалатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

  7. 7- бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

  8. 8- бағанда Салық кодексінің 152- бабының 1- тармағының 1), 2) және 4)- 7)- тармақшаларына сәйкес айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін салық шегерімдерінің сомасы;

  9. 9- бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 8-бағанда айқындалған салық шегерімдерінің сомасы;

  10. 10- бағанда салық жылының басынан бастап 3-баған мен 5,7,9- бағандардың арасындағы айырма ретінде айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстардың сомасы;

  11. 11- бағанда салық жылының басынан бастап жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы айқындалатын айлардың жалпы санының күнтізбелік жылдағы айлардың санына қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті. Қызметкер жұмыстан босаған ретте жұмысының соңғы айы үшін табысынан жеке табыс салығын есептеу «1» қайта есептеу коэффициентін қолдану арқылцы жүзеге асырылады.

  12. 12- бағанда салық жылының басынан бастап салық салынатын табысының есепті сомасы (10-баған) мен қайте есептеу коэффициентіне (11- баған) көбейту жолымен айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы;

  13. 13- бағанда салық салынатын табыстың есепті сомасына салық кодексінің 145-бабының 1 және 1-1-тармақтарында белгіленген ставкаларды 12- бағанда көрсетілген салық салынатын табыстың есетік сомасына қолдану жолымен есептелген жеке табыс салығының сомасы;

  14. 14- бағанда 13- баған сомасының 11-бағанға қатынасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;

  15. 15- бағанда сылық жылының өткен айлары үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;

  16. 16- бағанда салық жылының тиісті айы үшін ұстап қалуға тиісті, 14 және 15- бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын жеке табыс салығының сомасы;

  17. 17- бағанда 2-бағанда көрсетілген және міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, Салық кодексінің 316-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуметтік салық салу обьектілеріне жатпайтын табыс сомасы;

  18. 18- бағанда міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, жылдың басынан бастап үдемелі жиынмен 17-бағанда айқындалатын табыстар сомасы;

  19. 19- бағанда 2- баған мен 6,17- бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық салынатын табыс сомасы;

  20. 20- бағанда 3-баған мен 7,18-бағандардың арасындағы айырмасы ретінде айқындалатын жылдың басынан бастап үдемелі жиынмен әлеуметтік салық салынатын табыс сомасы;

  21. 21-бағанда есепті ай үшін (20-баған) салық салынатын табыс сомасын қайта есептеу коэффициентіне (11-баған) көбейту жолымен айқындалатын салық жылы үшін әлеуметтік салық салынатын табыстың есепті сомасы;

  22. 22- бағанда 21- бағанда айқындалған салық салынатын табыстың есепті сомасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдардың мөлшеріне азайтылған Салық кодексінің 317-бабының 1 немесе 2-тармақтарында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептелген әлеуметтік салық сомасы;

  23. 23- бағанда көрсетілген салық жылының есепті айы үшін әлеуметтк салық 22-бағандағы сомалардың 11-бағанның тиісті сомаларына қатысы ретінде анықталады;

  24. 24- бағанда салық жылының өткен айлары үшін есептелген әлеуметтік салық сомасы;

  25. 25- бағанда 23- баған мен 24- бағандағы сомалардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін төленетін әлеуметтік салық сомасы;

  26. 26- бағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әскери қызметшілердің, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің ақшалай үлесі түріндегі табысын қоса отырып әлеуметтік аударымдар есептелетін жеке тұлғалардың табыстары;

  27. 27- бағанда Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы.

Салықтарды есептеу кезінде қайта есептеу коэффициенттерін айқындаудың ерекше тәртібін салық органдары ағымдағы жылы бірінші рет жұмысқа тұрған қызметкерлер үшін белгіленген. Тап осы тәртіп жұмысқа алынып, бұрынғы жұмыс орнынан анықтама тапсырмаған жеке тұлғаларға да қолданылады. Қалған қызметкелерге қайта есептеу коэффициенттері қарапайым тәртіппен қолданылады, яғни жұмысқа алынға айға сай келетін коэффициент қолданылады. Есептелген табыс және ұсталған жеке табыс салығы туралы анықтаманы қызметкерлер жаңа жұмыс орнына тапсырған. Бірақ әлеуметтік салықтың есептелген-есептелмегені айқын болмай отыр. Ұйым 1 сәуірден бастап жеке табыс салығын есептеу үшін сәуірге сай келетін, коэффициентті, яғни «3» санын қолдануға тиіс. Ақпан және наурыз айларында аталған жеке тұлға еш жерде жұмыс істемеген ескерсек, Ұйым есепті қаңтардағы табысын сәуірдегі табысымен жиынтық түрінде ескеруге тиіс. Ұйым бухгалтериясы қаңтар үшін деректерін алдыңғы кезең үшін жыл басынан бергі көрсеткіштер ретінде ескеріледі. Салық шегерімдрі қаңтар және сәуір айлары үшін ғана беріле алады. Сөйтіп, аталған жағдайда жеке табыс салығын есептеу бойынша қиындықтар туындамайды. Мұндағы қиындық- әлеуметтік салықты есептеп шығарған кезде жаңа жұмыс берушіде бірінші жұмыс орнында есептелген әлеуметтік салық туралы деректер жоқ.

Бірінші жұмыс берушінің бюджетке әлеуметтік салық төлеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеу жөнінде міндеттемелерді орындалмай қалған, бірақ ҚР-да салық салу принциптеріне орай, салық төлеушінің-екінші жұмыс берушінің міндеттемесіне ықпал етуге тиіс емeс.


Жергілікті бюджетке түсетін салықтар бойынша шоттар корреспонденциялары



Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Жеке табыс салығы есептелді

3350

3120

2.

Әлеуметтік салық есептелді

1620,7110,7210,

8110,8310,8410



3150

3.

Жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік салығы және басқа да міндетті төлемдер есептелді

7210

3160-3190

4.

Есептелген салықтар бюджетке аударылды

3110-3190

1010,1030

5.

Артық төленген салық сомалары бюджеттен қайтарылды

1030

3110-3190

Барлық бюджеттік төлемде банктегі ағымдағы шоттан «Төлем тапсырмалары » арқылы аударылады.

Екінші жұмыс беруші әлеуметтік салықты бірнеше нұсқамен есептейді, бұл ретте салық сомасы есептің нұсқасына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мүмкін нұсқалар бойынша әлеуметтік салықтың есептелуін қарастырайық.

1-нұсқа.


Екінші жұмыс берушіде әлеуметтік салық слынатын, қызметкерге алдыңғы жұмыс беруші есептеген табыстар туралы деректер жоқ. Мұның өзі оның әлеуметтік салықты жиынтық қорытындысымен есептеуіне мүмкіндік бермейді.

Бұл жағдайда екінші жұмыс беруші әлеуметтік салықты сәуір үшін деректерді ескеріп есептейді. Сәуір үшін 40 000 теңге есептелген жағдайда әлеуметтік салық бойынша деректер мынадай болады: әлеуметтік салыққа салынатын табыс = 36 000 теңге (40 000- МЗЖ); әлеуметтік салыққы салынатын табыстың есптік сомасы = 108 000 теңге (36 000*3коэф.); есептік сомадан әлеуметтік салық = 21 600 теңге; ағымдағы ай үшін әлеуметтік салық =7 200 теңге (21 600 /3 ).қызметкер зейнетке болмаса, сәуір үшін әлеуметтік аударымдар = 540 теңге (36 000*1,5% ). Сәуір үшін бюджетке төленуге тиіс әлеуметтік салық = 6 660 теңге (7 200-540).

2-нұсқа.

Екінші жұмыс берушіде қаңтар үшін әлеуметтік салық слынатын табыс туралы деректер бар. Анықтамаға сәйкес бірінші жұмыс беруші қаңтар үшін әлеуметтік салық «1» коэффициентін қолдана отырып, өспелі жиынтығымен жүргізуге тиіс. Шартты түрде қаңтар үшін бірінші жұмыс беруші есептеген табыс 45 000 теңгені, әлеуметтік салық салынатын табыс – 40 500 теңгені (45 000 МЗЖ), қаңтар үшін әлеуметтік салық – 8 100 теңгені құрайды.

Екінші жұмыс берушіде әлеуметтік салық есебі мынадай болады: сәуірде әлеуметтік салыққа салынатын табыс = 76 500 теңге (40 500+ 36 000 ); табыстың есептік сомасы = 229 500 теңге (76 500*3); есептік табыстан әлеуметтік салық сомасы = 43 164 теңге; аяқталған кезең үшін әлеуметтік салық сомасы = 14 388 теңге (43 164/3); сәуір үшін есептелген әлеуметтік салық сомасы =6 288 теңге (14 388-8 100). Екінші жұмыс берушіде сәуір үшін әлеуметтік аударымдар = 540. Сәуір үшін бюджетке төленуге тиіс әлеуметтік салық сомасы = 5 748 теңге ( 6 288-540).

3-нұсқа.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті мамандарының қызметкер жұмыстан шыққан кезде әлеуметтік салық «1» коэффициентіне қайта есептелмейтіні туралы түсіндірмесін ескере отырып, бірінші жұмыс беруші әлеуметтік салықты «12» коэффициентін қолдана отырып есептеп шығарған. Бұл жағдайда есептік сомадан бірінші жұмыс беруші есептеген әлеуметтік салық сомасы = 81 041 теңге (40 500 * 12= 486 000 – 466 080 = 19 920* 12% = 2390,4 + 78 651 = 81 041,4). Қаңтар үшін әлеуметтік салық = 6 753 теңге ( 1 041 / 12). Екінші жұмыс беруші аталған нұсқада әлеуметтік салықты есептеп шығарған кезде мынадай деректерді алады: әлеуметтік салық салынатын табыс = 76 500 теңге (40 500 + 36 000); табыстың есептік сомасы = 229 500 теңге ( 76 500 * 3); табыстың есептік сомасынан ӘС сомасы = 43 164 теңге (229 500- 174 780 = 540 720 * 15% = 8 208 + 34 956); аяқталған кезең үшін ӘС сомасы 14 388 теңге (43 164 / 3); сәуір үшін ӘС = 7 635 теңге. Сәуір үшін төленуге тиіс әлеуметтік аударымдар = 540 теңге. Екінші жұмыс беруші бюджетке төлеуге тиіс әлеуметтік салық сомасы = 7 095 теңге.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Арнаулы салық режимдері қалай қалыптасқан?

2. Ұйымдар жергілікті бюджетке қандай салықтар төлейді?
8 – Тақырып. Қосылған құнға салық бойынша бюджетпен есеп айырысулардың салықтық есебі

Дәріс жоспары:

1.Қосылған құн салығының салық салу базасы және төлеушілері

2.Қосылған құн салығын бухгалтерлік есепке алу
1.Республикалық бюджет кірістерінің ішінде ең маңыздысы - қосылған құн салығы (ҚҚС). Ол тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстарды, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстарды, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Салық салу объектілері:



  • салық салынатын айналым;

  • салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады.

Төлеушілері Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:

  • жеке кәсіпкерлер;

  • мемлекеттік мекемелерді қоспағанда заңды тұлғалар;

  • қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

  • заңды тұлға сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелері қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.

Тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға қойылатын талаптар:



  1. Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналымның мөлшері белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлғалар кез келген кезең (он екі айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

  2. Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.

Шаруа қожалығы үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеуші, өткізу бойынша айналым мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне кіретін қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өткізу бойынша айналымдары ескеріле отырып айқындалады.



  1. Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі көрсетілген кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген шамасын құрайды.

  1. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.

Тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады. Жеке кәсіпкер он жұмыс күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы тұлға жеке кісіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.

Мемлекеттік мекемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместі қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күннен кешіктірмей салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш берген жағдайда осы тұлғалар өздері салық төлеушілер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілерге айналады.

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.

Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай зағды тұлғаның не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырылады.

Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару:


  1. Егер қосылған құн салығын төлеушінің соңғы он екі айлық кезеңдегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы.

  2. Егер қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі алты айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.

  3. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға салық төлеушілердің мемлекеттік тізімінен алынып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуы тиіс.

Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым.

  1. Тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

  • тауарды сатуды;

  • тауарды тиеп жөңелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастыруды;

  • тауар экспортын;

  • тауарды тегін беруді;

  1. Тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді;

  2. Мүлікті қаржы лизингіне беруді;

  3. Қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепілге қойылған мүлкін беруін;

  4. Бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді т.б.

Салық салынатын айналымды анықтау.

Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:



  • қосылған құн салығынан босатылған;

  • өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.

Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер белгіленген тәртіппен алушының салық салынатын айналымына енгізіледі.

Салық салынатын импорт Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

Тауарды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу орны болып:


  • егер тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға тасымалдайтын болса, тауарды тасымалдау басталған орын;

  • басқа жағдайларда- тауарды алушыға беру орны ;

  • егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері;

  • егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтерді нақты жүзеге асыратын орын.

Өткізу бойынша айналым жасау күні болып:

Тауарды тиеп жөнелту күні тауар өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

Салық салынатын айналым мөлшері.

1. Егер трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, мәмле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негізінде анықталады.

2. Тауарларды тегін берген кезде салық салынатын айналым мөлшері, қосылған құн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге алына отырып анықталады, бірақ бұл баланстық құнынан кем болмауы керек.

3.Кепіл беруші кепілдік мүлікті берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері, сатылатын кепілдіктегі мүлік құны негізге алынып, бірақ қосылған құн салығы енгізілмей, осы мүлікті кепілге салудан алынған займ қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады.

2. Салық салынатын айналым мөлшерін түзету.

Өткізілген тауарлардың құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзеті:


  • тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;

  • мәмленің шарттары өзгерген;

  • өткізілген тауарлар үшін баға, өтем өзгерген;

  • өткізілген тауарлар үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар. Тауарлар экспорты болып:

  • экспортқа тауарлар өткізу жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады; Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

  • тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткізу бойынша айналымға көрсетілген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиіс.

ҚҚС ставкасының кему салдарлары әртүрлі.

Біріншіден, ҚҚС ставкасының кемуі есебінен салық төлеушіде, әсіресе өнімді даярлаудан өтізуге дейін ұзақ уақыт өткен кәсіпорындарда айналым қаржылары неғұрлым аз жұмсалатынын атап өту керек. ставканың кему олардың айналым қаржыларын үнемдеуіне, демек салық жүктемесін азайтуына мүмкіндік береді.

Екіншіден, ҚҚС ставкасы кеміген кезде салық төлеушілердің өз жұмыстарына немесе көрсететін қызметтеріне баға қалыптастыруға екі көзқарасты болжауға болады.

Бірінші көзқарас, бағаларды өзгеріссіз қалдыруда болып табылады, яғни ҚҚС ставкасы кеміген кезде салық төлеушінің қарауында қалған табыс сомасы ұлғайтылады. Екінші көзқарас, салық төлеушілер өз бағаларын төмендету жағына қарай түзету жасайтын нұсқа да болуы мүмкін.

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

Қосылған құн салығының ставкасы 15 пайызға тең болады және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады.

Өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.

Салық салынатын импорт боыйнша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 15 пайызға тең болады.

Қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады. Егер алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, онда салық кезеңі тоқсан болып табылады. Егер күнтізбелік ай ішінде есепке жатқызысған қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші дербес айқындалған күнтізбелік ай не тоқсан салық кезеңі болып табылады. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер үшін аталған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызметті жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі салық жылы болып табылады.

Қосылған құн салығын төлеуші әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер әр тоқсан үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі айдың-15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Декларациямен бірге салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі.


Қосымша құн салығы бойынша шоттар корреспонденциялары



Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

Сатып алушылар шоттарына қосымша құн салығы көрсетілді

1210

3130

2

Еншілес ұйымдарға қосымша құн салығы көрсетілді

1220,1230

3130

3

Есепке алынған қосымша құн салығы

3130

1420

Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті. Салық төлеуші тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен, кеден төлемдерін төлеу үшін Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген күні төленеді.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Салықтар бойынша декларациялар қалай толтырылады?

2.Салықтардың бухгалтерлік есебі қалай жүргізіледі?
9 – Тақырып. Әлеуметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысулардың салық есебі

Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтік төлем түсінігі, әлеуметтік салық.

2. Жұмсалған шығындар бойынша шегерімдердің салық есебі

1. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі, 3150 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотында жүреді.

Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталынады.

Мысал. Ағымдағы ай үшін еңбеккерлерге 100 мың теңге жалақы, сондай-ақ 20 мың теңге мейрам күндеріне, 15 мың теңге пайдаланбаған еңбек демалыстары үшін компенсация, 50 мың теңге қызмет бабы бойынша іс-сапарға барғаны үшін компенсация есептелінді делік. Енді біз ағымдағы ай үшін әлеуметтік салықтың сомасын есептеп шығарып көрейік. Жұмыс берушінің еңбеккерлерге төлейтін жалпы сомасы 185 мың теңге құраған, жинақ зейнеткерлік қорға төлейтін міндетті зейнеткерлік жарнасы 12 мың теңге құраған(180*10%), әлеуметтік салық салынбайтын еңбеккерлердің табысы 77 мың теңге құраған (12+50+15), ал әлеуметтік салықтың сомасы 22,7 мың теңге құраған[(185-77)*21%].

Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде: 8113, 8213, 8413, 7110, 7210 және 3150 шоттың кредитінде көрініс табады.

Мыналар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады: дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, ҚР резидент заңды тұлғалары, ҚР қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.

Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын
ұйымдарға салық салу.

Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен:


1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден;
2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру жөніндегі қызмет көрсетуден;
3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда) саласында қызмет, тарихи-мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден;
4) кiтапхана қызметiн көрсетуден алынуға тиiс (алынған) кiрiс құрайтын ұйымдар жатады.
Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетiн:
салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентi болатын; салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
2. Әлеуметтік салаға жіберілген шығындар бойынша шегерімдер салық төлеушінің мынадай шығыс түрлері ретінде анықталады:

1.Салық салынатын табыстың үш процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде, нақты шеккен мынадай қызмет түрлерінің шығыстары:

- медициналық қызметті;

- жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруғ қосымша білім беру саласындағы қызмет;

- мұрағат құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер көрсету саласындағы қызмет;

- коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүліктің құны;

- көмекті алатын адамның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайрымдылық көмекті.

2. мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50- пайызын.

3. жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шартты жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайту.

Оқытуға арналған шығыстар:



  1. Оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығындар;

  2. ҚР Үкіметінің белгіленген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстары;

  3. Оқитын адамдарға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ ҚР Үкіметі белгілеген нормадан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар;

  4. Оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайту жолына жұмсалған нақты шығыстарын қамтиды.

Бұл шегерімдер жиынтығы декларацияның 100.00 нысанының 100.00.062 жолында Салық Кодексінің 133- бабына сәйкес салық салу кірісін кеміту сомасы ретінде көрсетіледі.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Әлеуметтік салық қалай есептелінеді?

2.Оқытуға арналған шығыстар түрі қандай?
10-Тақырып. Жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысулардың салық есебі

Дәріс жоспары:

1.Табыс салығының салық салу объектілері

2.Табыс салығын есепке алу ерекшеліктері

1. Активтерді немесе міндеттемелерді мойындаудың өзінен есеп беретін компания осы активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құнының орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтінін көрсетеді. Егер де баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу бұрынғымен салыстырғанда көбірек (азырақ) салық төлеуге соқтыруы ықтимал болса, егер де мұндай орнын толтыру немесе өтеу салық салдарын тудырмайтын болса, онда бұл жекелеген жағдайларды қоспағанда, компания кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін (кейінге қалдырылған салық активін) мойындауын талап етеді.

12 ҚЕХС мақсаты үшін пайдаға салынатын салыққа салық салынатын пайдаға негізделетін барлық ұлттық және шетелдік салықтар кіреді. Сондай-ақ пайдаға салынатын салыққа пайданың көзінен ұсталатын, еншілес компания, қауымдастырылған компания төлейтін немесе есеп беретін компанияға бөлінген пайдадан бірлескен қызмет шеңберінде төленетін салық сияқты салықтар кіреді.

Бухгалтерлік пайда - салық төлеуге кететін шығысты шегерілгенге дейінгі кезең ішіндегі таза пайда немесе залал.

Салық салынатын пайда (салық салу кезінде есептелетін залал) – салық органдары белгілеген ережелерге сәйкес анықталатын кезең ішіндегі пайда (залал), осыған байланысты пайдаға салынатын салық төленеді (өтеледі).

Салық төлеуге кететін шығыстар (салық өтемінен түскен кіріс) - ағымдағы салыққа немесе кейінге қалдырылған салыққа қатысты кезең ішіндегі таза пайданы немесе залалды есептеуге қосылатын жиынтық көлем.

Ағымдағы салық – салық салынатын пайдаға (салық салу кезінде есептелетін залалға) қатысты кезең ішінде төленуге (өтелуге) тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері – салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.

Кейінге қалдырылған салық активтері - алдағы кезеңдерде өтелуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы. Ол мыналарға байланысты:

есептелген уақытша айырмашылықтарға;

пайдаланылмаған салық залалдарын алдағы кезеңге көшіруге; және

пайдаланылмаған салық кредиттерін алдағы кезеңге көшіруге.

Уақытша айырмашылықтар - активтің немесе міндеттеменің баланстық құны мен олардың салықтық базасы арасындағы айырмашылық. Уақытша айырмашылықтар мынадай болуы мүмкін:

салық салынатын уақытша айырмашылықтар, активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орны толатын немесе өтелетін алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде салық салынатын соманың пайда болуына және туындауына әкеліп соқтыратын уақытша айырмашылықтар болып саналатын айырмашылықтар; не

ұстап қалынатын уақытша айырмашылықтар. Тиісті активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орны толатын немесе өтелетін алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайданы (салық салу кезінде есептелетін залалды) анықтаған кезде нәтижесі ұстап қалу болып саналатын айырмашылықтар.

Активтің немесе міндеттеменің салық базасы - салық салу мақсатында активке немесе міндеттемеге берілетін көлем.

Салық төлеуге кететін шығыстарға (салық өтемінен түскен кіріске) ағымдағы салық шығыстары (ағымдағы салықты өтеуден түскен кіріс) және кейінге қалдырылған салық шығысы (салық өтемінен кейінге қалдырылған кіріс) енгізіледі.

Активтің салық базасы – компания активтің баланстық құнын өтегеннен кейін алатын кез келген салық салынатын экономикалық пайдадан салық салу мақсатында есептелетін сома. Егер де осы экономикалық пайдаға салық салынбайтын болса, активтің салық базасы оның баланстық құнына тең болады.

Міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнына тең болады, бұған алдағы уақытта осы міндеттемеге қатысты салық салу мақсатында шегерілетін кез келген сома қосылмайды. Аванспен алынған түсімге келетін болсақ, пайда болатын міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнына тең болады, бұған алдағы уақытта салық салынбайтын түсімнің кез келген сомасы қосылмайды.

Кейбір баптардың салықтық базасы бар, бірақ баланста актив пен міндеттеме ретінде танылмайды. Мәселен, зерттеуге кететін нақты шығын пайда болу кезеңінде бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде шығын ретінде көрсетіледі, бірақ оны салық салынатын пайданы (салық залалын) белгілеген кезде шегеруге көпке дейін рұқсат берілмеуі мүмкін. Салық органдары болашақта шегеруге рұқсат беретін сома болып табылатын зерттеуге кететін шығынның салықтық базасы мен нөлге тең болатын баланстық құны арасындағы айырмашылық кейінге қалдырылған салық активінің пайда болуына жол ашатын шегерілетін уақытша айырмашылық болып табылады.

Активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы онша айқын болмаған жағдайларда 12 ҚЕХС негіз болатын іргелі принципті қарастырған пайдалы: компания белгілі бір шектеулерді есептемегенде активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу болашақ салық төлемдерін, егер де осы орнын толтырудың немесе өтеудің салықтық салдарлары болмайтын болса, олардың қандай боларымен салыстырғанда көбейтетін (азайтатын) болса, кейінге қалдырылған салық міндеттемесін (активін) мойындауға міндетті. С мысалы осынау іргелі принципті қарастырған пайдалы болатындай, мысалы, активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы орнын толтырудың немесе өтеудің қажетті тәсіліне тәуелді болатындай жағдайды көрсетеді.

Шоғырландырылған қаржы есептілігінде уақытша айырмашылықтар шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі активтердің және міндеттемелердің баланстық сомаларын тиісті салық базасымен салыстыру арқылы анықталады. Салық базасы шоғырландырылған салық декларациясына, ол есептелетін заңдылықтарға қатысты айқындалады. Басқа заңдылықта салық базасы топтағы компаниялардың әрқайсысының салық декларациясына қатысты анықталады.

Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық төленбеген сомаға тең міндеттеме ретінде мойындалуға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленген сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асса, онда асып кету мөлшері актив ретінде танылуға тиіс.

Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық залалымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек.

2.Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.

Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық төленбеген сомаға тең міндеттеме ретінде мойындалуға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленген сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асса, онда асып кету мөлшері актив ретінде танылуға тиіс.

Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық залалымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек.

Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері барлық салық салудағы уақытша айырмашылықты мойындаулары тиіс, егер тек ол мыналардан пайда болмаса:

а) іскерлік беделді алғашқы танумен; немесе

б) активті немесе міндеттемені мынадай операцияда:

1) кәсіпорындарды біріктіру болып табылмайтын; және

2) оны жасаған кезде не бухгалтерлік, не салық салынатын пайдаға (салық залалына) әсер етпейтін операцияда бастапқы мойындау.

Алайда еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты салық салудағы уақытша айырмашылық үшін кейінге қалдырылған салық міндеттемесі мойындалуы тиіс.

Активтерді мойындауда компания алдағы кезеңде алатын экономикалық пайда ретінде оның баланстық құнын болашақта өтеу жатыр. Активтің баланстық құны оның салық базасынан асатын болса, салық салынатын экономикалық пайда сомасы салық салу мақсатында шегеруге рұқсат етілетін көлемнен асып түсетін болады. Бұл айырмашылық салық салынатын уақытша айырмашылық болып саналады, ал алдағы кезеңдерде туындайтын пайдаға салынатын салықты төлеу міндеттемесі кейінге қалдырылған салық міндеттемесі болып табылады. Компания активтің баланстық құнын өтеуіне қарай салық салынатын уақытша айырмашылық қалпына келеді, ал компанияда салық салынатын пайда туындайды. Бұл экономикалық пайдалар компаниялардан салық төлемі кейпінде кететін болады дегенді білдіреді.

Кейбір уақытша айырмашылықтар табысты немесе шығысты бір кезеңдегі бухгалтерлік пайданың құрамына, ал басқа уақытта салық салынатын пайдаға қосқан кезде пайда болады. Мұндай уақытша айырмашылықтар көбіне мерзімді айырмашылықтар деп аталады. Осындай уақытша айырмашылықтардың мысалдары төменде келтіріліп отыр. Бұларға салық салынады, сайып келгенде, олар кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің пайда болуына әкеліп соқтырады:

а) пайыздық түсім уақытына қарай бухгалтерлік пайдаға қосылады, бірақ кейбір заңды құқықтарда ол ақша қаражатын алған кезде салық салынатын пайдаға қосылуы мүмкін. Осындай түсімге қатысты баланста мойындалатын кез келген дебиторлық берешектің салықтық базасы нөлге тең болады, себебі түсім ақша қаражатын алғанға дейін салық салынатын пайдаға әсер етпейді;

б) салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде пайдаланылатын амортизация бухгалтерлік пайдаға қолданылатын пайдадан өзгеше болуы мүмкін. Уақытша айырмашылық - активтің баланстық құны мен оның салық базасы арасындағы айырмашылық, ал ол ағымдағы және мұның алдындағы кезеңдерде анықталған салық салынатын пайданы анықтаған кезде салық органдары рұқсат еткен осы активке қатысты барлық шегерулерді ескергенде активтің бастапқы құнына тең келеді. Салық салынатын уақытша айырмашылық амортизация тездетілген кезде кейінге қалдырылған салық міндеттемесінде пайда болады және көрінеді (егер салық амортизациясы бухгалтерлік амортизацияға қарағанда жай болса, онда шегерілетін уақытша айырмашылық пайда болады. Мұның өзі кейінге қалдырылған салық активінен көрінеді); және

в) әзірлеуге кететін шығындар бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде алдағы уақытта капиталдандырылуы және амортизациялануы мүмкін, бірақ олар пайда болған кезеңдегі салық салынатын пайданы анықтаған кезде шегеріледі. Әзірлеуге кеткен мұндай шығындардың салықтық базасы нөлге тең болады, өйткені олар салық салынатын пайдадан шегерілген. Уақытша айырмашылық - әзірлеуге кеткен шығынның баланстық құны мен олардың нөлге тең салық базасының арасындағы айырмасы.

Уақытша айырмашылықтар сонымен қатар:

а) сатып алу болып табылатын кәсіпорындарды біріктіру жөніндегі шығын алынған теңестірілетін актив пен міндеттемелерге олардың бастапқы әділ құнымен, бірақ салық салу мақсаты үшін эквиваленттік түзетусіз бөлінеді;

б) (салық салу мақсаты үшін эквиваленттік түзетусіз активтер қайта бағаланады;

в) іскерлік бедел кәсіпорындар біріккен кезде пайда болады;

г) активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы бастапқы мойындалған кезде оның бастапқы баланстық құнынан өзгеше болады, мысалы, компания активтерге жататын салық салынбайтын мемлекеттік субсидиядан пайда алған кезде; не

д) еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты инвестициялардың баланстық құны инвестициялардың салық базасынан немесе қатысу үлесінен өзгеше болады.



Өздік тексеру сұрақтары:

1. Табысқа салынатын салық дегеніміз не?

2. Салық төлемі бойынша үнемдеу қалай болады?

3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет