Урок по избирательному праву для школьников 7-9 классов



бет2/3
Дата11.03.2024
өлшемі3.33 Mb.
#495034
1   2   3
Сайлау құқығы бойынша презентация

6. Сайлаудың маңызы

  • сайлау:
  • 1. Халықтың өз ойын білдіру жолы;
  • 2. Халықтың мемлекеттік басқаруға тікелей қатысу жолы;
  • 3. Көпшіліктің пікірін есепке ала отырып, билік органдарын құру жолы;
  • 4. Әр азаматтың мемлекеттік органдарға өз кандидатурасын ұсыну мүмкіндігі;
  • 5. Үміткерлер мен саяси партиялардың қоғам өмірінің әр түрлі салаларын қарастыратын сайлау алды бағдарламасын құрастыруы. Ең жақсы ұсыныстар, оны ұсынған саяси партия жеңіске жетпесе де іске асырылады.

7. Белсенді және бәсең сайлау құқығы

  • белсенді сайлау құқығы — бұл он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы;
  • бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР-ның Президенті, Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құкығы.

9. Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары

  • Жалпыға бірдей сайлау құқығы — республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, сайлануға құқылы дегенді білдіреді.
  • тең сайлау құқығы - Президент, Парламент, мәслихаттар депутаттары сайлануына тепе-теңдік негізде және әр сайлаушының бір дауысты ғана иеленіп қатысу құқығын білдіреді
  • Еркін түрде сайлауға қатысу дегеніміз – бұл азаматтың сайлауға қатысуына немесе қатыспауына және өзінің еркін білдіруіне ықпал етуге тиым салу деген мағынаны білдіреді
  • Жанама сайлау құқығы—Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы қатысады дегенді білдіреді. Аталған сайлауда халықтың еркіндігі жанама жолмен тікелей сайлау құқығы арқылы сайланған мәслихат депутаттарының, яғни таңдаушылардың дауыс беруі арқылы көрініс табады.
  • • Төте сайлау құқығы дегеніміз – Рeспублика Прeзидeнтін, Парламeнті Мәжілісінің жәнe мәслихаттарының дeпутаттарын, жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлeрін азаматтар тікeлeй сайлайды
  • Жасырын дауыс беру — сайлауда сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет