Усербаев муса усербаевич


Сот жарылыс техникалық сараптама



бет6/6
Дата12.07.2016
өлшемі463 Kb.
#195647
1   2   3   4   5   6

Сот жарылыс техникалық сараптама.

Сот сарапшылық жарылыстехникалық көбінде жеке адамға қарсы, мемлекеттің конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша, сондай ақ көлік қылмыстары, әскери қылмыстар бойынша жүргізіледі.

Сот жарылыстехникалық сараптаманың тақырыбы:


  • Жарылғыш құрылғлардың (оқ дәрі қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар), жарылғыш заттар мен жару құралдарының топтық қатыстылығы мен шығу көзін;

  • Жарылысты дайындау мен жүргізуді анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері: жарылыс әрекеті бар (миналар, гранаталар, бомбалар) штаттық оқ дәрілер және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, негізінде , өзінің құрылымы, мақсаты мен әрекет принципі бойыша инженерлік миналар мен қол гранаталары; жарылғыш заттар (әскери, өндірістік не жан жақты мақсаттағы) мен дәрі, жару құралдары; жарылыс өнімдері мен оның әрекетіне ұшыраған объектілер болып табылады.

Сот жарылыстехникалық сараптаманың түр тармақтары былай бөлінеді:



  • Жарылыс жүйелерін зерттеу;

  • Имитациялық құралдарды, ұңғылы артилерия оқ дәрілері мен инженерлік оқ дәрілерді зерттеу;

  • Пиротехникалық құралдар мен қоспаларды зерттеу;

  • Жарылыс орны мен жарылыс іздерін зерттеу.

Сот жарылыстехникалық сараптаманың ғылыми әдістемелік негіздері жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды, сондай ақ жарылыстарды әзірлеумен және пайдаланумен байланысты технологиялық процесстер заңдылықтары тақырыбы бар сарапшылық білім саласын құрайды.

Сот жарылыстехникалық сараптаманы жүргізу үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптама жүргізу үшін ұсынылатын материалдар істің мән жайы, объектілердің және сарапшының шешуіне қойылатын сұрақтардың сипатымен анықталады.

Жарылмаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ЖҚҚ, ИҚ, ПҚ, артиллериялық және инженерлік оқ дәрілерді жолдағанда сарапшыға: қарау және табу сәтінде оларды пайдалану үшін қауіпсіз жағдайға келтірілген объектілердің өзі; оларды табудың мән жайы және қауіпсіз жағдайға келтірілгені туралы деректер көрсетілген тергеу әрекеттері хаттамасының көшірмелері; сезіктіден табылған заттай дәлелдемелердің сұлбалары, суреттері, есептеулері, техникалық сипаттамалары; сезіктінің дайындаған ЖҚ, ЖЗ, ЖҚ, ИҚ, ПҚ макеттері ұсынылады.

Болған ЖЗ, ЖҚ мен ЖҚ жарылыстары туралы материалдарды жолдау кезінде оқиға орнын қарау хаттамасының көшірмесі; хаттаманың қосымшалары; оқиға орнынан алынған объектілер; сот медициналық сараптама қорытындысы; жарылысты не оның зардаптарын бақылаған адамдардан жауап алу хаттамалары; жауап алу хаттамалары ұсынылуы керек.


14 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың және биологиялық сот сараптамасы

14.1 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы

14.2 Сот сарапшылық биологиялық сараптамасы
14.1 Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы.

Есірткілер, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы Қазақстан Республикасының зағнамасын бұзумен жүзеге асырылатын олардың заңсыз айналымы – есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіру, жинау және дайындаумен байланысты, есірткелер, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, дайындау, қайта қндіру, ішке енгізу, сыртқа шығару, транзиттеу,тасымалдау, жіберу, сатып алу, сақтау, бөліп беру, сату, пайдаланумен байланысты қызмет түрімен байланысты қылмыстық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жүргізіледі.

Есірткелер, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы тақырыбы:

Есірткілерге не прекурсорларға жатқызылған белгісіз заттың жаратылысын;

Оны есірткілер, психотроптық заттар мен прекурсорлардың блгілі бір түріне жатқызылуын;

Салыстырылатын объектілердің көрсетілген жаратылысын бірыңғай шикізат шығу көзі, бірыңғай дайындалу технологиясы, бірыңғай сақталу жағдайлары бойынша бірыңғай массаға, көлемге және бірыңғай шығу көзіне қатыстылығын анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері: есірткілер (сора, көкнәр және басқалардың немесе олардың бөліктерінің бүтіндей есірткі құрамдас өсімдіктері, өсімдіктерді қайта өңдеу өнімдерін ); қолдан дайындалып алынатын жартылай синтетикалық және синтетикалық есірткілер мен психотроптық заттар; құрамында есірткі не психотроптық заттары бар зауытта дайындалған немесе дәріхана әзірленген дәрілік құралдар; есірткілер мен психотроптық заттарға ұқсас заттар; прекурсорлар; дайындау, бөліп салу, қолдану, сақтау және тасымалдау кезінде пайдаланатын түрлі жеткізгіш заттардағы есірткілердің немесе психотроптық микрожұғындылары; есірткілерді дайындауға арналған аспаптар мен құрал жабдықтар; есірткі құрамдас өсімдіктер өсетін орындардың тексерілетін аумақтары; оқиға орнының заттық жағдайы; есірткілер, психотроптық заттар мен прекурсорлардың шикізат көзі туралы ақпараты бар іс материалдары, олардың сақталу орны, дайындалу технологиясы, оқиға орнын өарау, заттай дәлелдемелерді алу хаттамалары, сондай ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.
14.2 Сот сарапшылық биологиялық сот сараптамасы.
15 Адамның психикалық күйі мен психофизиологиялық процестердің сот сараптамасы

15.1 Сот сарапшылық молекулярдық-генетикалық зерттеу

15.2 Сот-сарапшылық психоолгиялық-криминалистік зерттеу

15.3 Сот-сарапшылық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу

15.4 Сот психологиялық-физиологиялық зерттеу
15.2 Сот-сарапшылык психологиялық-криминалистік зерттеу

Сот-сарапшылық психологиялық-криминалистік зерттеу көбінде халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы, сондай-ақ сот әділдігі мен жазаны орындау тәртібіне қарсы қыл-мыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Сот психологиялық-криминалистік сараптаманың тақырыбы:

адамның физиологиялық, психоэмоционадцы, интеллектуалды ерік күйін өзгерту мақсатында әр түрлі құралдармен оған әсер ету фактісін;

адамның белгілі бір іс-әрекет жасау сәтіңдегі оның психо эмоционалды, интеллектуалды-ерік күйі жағдайын;

заттарды қатаддық пен зорлық-зомбылыкқа табынуды насихаттайтын порнографиялык (эротикалық) қатарына қатыстылығы фактісін анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.



Сот психологиялык-криминалистік сараптаманың объектілері: адамның өзінін не болмаса оған қатысты қандай да бір іс-әрекеттердің жасалу сәтінде оның психоэмоиионалды, интел-лектуалды ерік күйін көрсететін ақпараттын әр түрлі техникалық құралдарын, сондай-акадамның физиологиялық, психо эмоционалды, интеллектуалды ерік күйін өзгертуі мүмкін ақпаратты пайдаланумен берілген бейнелеулері бар заттар; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Сот психологияльщ-криминалистік сараптаманы тағайындау үшін материалдарды дайындаудьщ ерекшеліктері. Егер сарапшының алдына нақты адамның күйі, оның күйінің өзгеруі, мінез-қүлқы туралы сұрақтар қойылса, онда шартты-ерікті үлгілер - оның шартты-ерікті мінез-құлқының бейнежазбасын: тергелетін іспен байланысты емес адамның оқиғалар туралы әңгімесін; оның істі тергеуге қатыспаған адаммен (психолог, медицина қызметшілері, туыстары) әңгімесін үсыну қажет.

Зерттеу объектілері ретіндегі акпараттың техникалық жеткізгіштерін ұсыну кезінде:


  • сараптама тағайындаған адам керсетілген заттармен барлық болатын айла-шарғыларды болдырмауға шаралар қолдану керек («Play» бейне өндіретін аппаратура командасынан басқа, кандай да бір өзге режимде бейнекассетаны көруге; зерттелетін объектілердің форматына сәйкес емес аппартураны жазуды қайта әндіруге пайдалануға);

  • ақпараттың техникалық жеткізгіштері жеке пакеттерге осы ақпараттың мазмұны туралы жазбалармен бірге буып-түйілуі керек;

  • сараптаматағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) не бол-маса ілеспе хаттарда: ақпаратты қайта өндірудің ерекше режимдерін сақтау қажеттелігі туралы; жазба монтажының болу-бол-мауы туралы; ұсынылған жазба түпнұсқа не көшірме болып табылатындығы туралы мәліметтер көрсетілуі керек;

  • объектілерді қандай да бір механикалық әсер етуге, сондай-ақ оларды поштамен жіберуге тыйым салынады (тек меха-никалық және өзге де зақымдардан сақтайтын материалдарға буып-түйілу қажет);

  • ақпараттың техникалық жеткізгіштерін магнитсізденуден сақтайтын шаралар қолдану қажет (статикалық электр, магнит-тік өріс көздеріне жақын орналастырмау);

  • ақпаратты қайта өндіруге арнайы аппаратура қажет болса, оңда оны сараптама тағайындаған адам ұсыну керек;

  • ілеспе құжаттамада ақпаратты белгілеу сәтінен сараптама тағайындалған сәтке дейінгі материалдардың қозғалысының барлық кезеңдері көрсетілуі керек.


15.3 Сот-сарапшылық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу

Сот-сарапшылық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу жол-кәлік оқиғалары туралы қылмыстық және әкімшілік істер бойынша жүргізіледі.

Сот-сарапшылық инженерлік-психофизиологиялық сарап-таманың такьірыбы:

тікелей ЖКО алдындағы және ЖКО-ны жасау сәттегі ситуациядағы жүргізуші қызметінің ерекшеліктерін (ЖКО-мен себептік байланысы бар жүргізушінің міндеттері, себептері, әрекеттері мен операциялары, соңдай-ақ олардың жалпы психофизиологиялық заңдылықтарға сәйкестілігі);

зерттеу жүргізу сәтіңдегі жүргізушінің кезбен көріп кабылдау мен реакциясының жекелеген ерекшеліктерін;

ЖКО-ға қатысы бар жүргізушінің кәсіби қызметінің ерекшеліктерін;

ЖКО-ның орын алуына себепші болуы мүмкін психологиялық сипаттағы құбылыстарды анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері: жүргізушінің жеке басы, оның автокелік кұралын басқарудағы психикалық іс-қызметі, ЖКО-мен себептік байланыста болуы мүмкін жүргізушінің психика-лық күйі, процестері, қасиеттері, функциялары; ЖКО орны; ЖКО алдындағы және сол сәттегі жүргізушінің іс-қызмет жағ-дайлары; ЖКО жағдаяттары туралы психологиялық сипаттағы ақпараты бар материалдар; сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары.

Сот-сарапшыдық инженерлік-психофизиологиялык сараптаманың гылыми-әдістемелік негіздері: жол-көлік ситуациясында жүргізушіде көрінетін психофизиологиялық ерекшелік-терінің заңдылықтары бар сарапшылық білім саласын құрайды. Зерттеу әдістемесіне криминалистік, психологиялық, тех-никалық және өзге де әдістер кіреді.

Сараптаманың шешуіне қойылуы мүмкін сүрактардың ауқымы жүргізуші психикасының үш аясымен белгіленеді:

1. ақпаратты қабылдау, назар аудару, қайта өндеу, сақтау және оған реакция аудару процестерінің ерекшеліктері;

2. жүргізушінің психикалық күйінің ерекшеліктері;

3. жүргізушінің жеке басының мінез-құлықтары және олар:

Сот инженерлік-психофизиологияльщ сарапташны тағайын-дау үшін материаддарды дайындаудын ерекшеліктері. ЖКО туралы істер бойынша сот-сарапшылық инженерлік-психофизио-логиялық зерттеу автотехникалық сараптамадан соң және са-рапшы осы көлік кұралының жүргізушісі ЖКО-ны болдырмауға техникалык мүмкіңдігі болғаны туралы тұжырымға келген жағ-дайда тағайындалған жөн. Сарапшылар ЖКО сәтінде жүргізушінің реакция уақытын немесе психикалық күйін үзілді-кесілді түрде белгілеуге құқығы жоқ. Сондай-ақ жүргізушінін есінен тануы, мас, есірткілік улану күйінде, ауру жағдайында көлік жүргізуге байланысты ЖКО туралы қылмыстық істі сот-сарапшылык психофизиологиялык зерттеуге жібермеген жөн, өйткені бұл жағдаяттар өзге сарап-тамалар түрлерінің күзыретіне жатады.


15.4 Сот психологиялық-филологиялық зерттеу

Сот психологиялық-филологиялық зерттеу кебінде жиі адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құкықтары мен бостаңдыктарына қарсы, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіз-дігіне қарсы, мемлекеттің конституциялык құрылымының негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтың денсаулығына және адам-гершілікке қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша, сондай-ак ар-ождан, абырой, іскер-лік беделін қорғау туралы азаматтық істер бойынша жүргізіледі.

Сот психологиялық-филологиялық сараптаманың тякырыбы:


  • синтаксистік кұрылымдардың, фразеологиялық сөз жасам-дардың, ауызша немесе жазбаша сөйлем жеке сөздерінің жал-пы бағыттылығын, мағыналық, идеялық мазмұнын;

  • ауызша не жазбаша сәйлем авторының жеке ұстанымын жеткізуінің жалпы түсініктілігі, сондай-ақ халықтың әр түрлі топтарының оның мазмұнын түсіну біржақтылығы;

  • жазбаша не ауызша сөйлеуде норматив емес лексика сөйлемдерінің, соңдай-ак нақты адамның беделін түсіруі неме-се тіл тигізуі мүмкін әзге де сөйлемдердің болуын;

  • жазбаша немесе адамның (адамдардың) кеңіл-күйі, ерік аясына әсер етудің психологиялық аспектісін;

  • адамның (адамдардың) күйіне, пікіріне, пайымдауына, мінез-кұлқына әсер етуге қабілетті ақпаратты баяндау стилін, мәнерін анықтаумен байланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылы-ми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері: әр түрлі техникалық кұралдар арқылы автордың кандай да бір шындықтың нақты фактісіне субъективтік карым-қатынасын көрсететін ақпараты бар ауыз-ша және жазбаша сөйлеу, сондай-ақ сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материаддары.

Сот психологиялық-филологиялық сараптаманың тікелей объектілері: полиграфия құралдары кітап, кітапша арқылы бей-неленген мәтіндер; БАҚ-тағы жариялымдар (талдау шолулары, мақалалар, қысқа жазбалар); нақты адамға немесе бір топ адам-ға хат, үнқағаз, плакаттар түрінде орындалған үндеулер; аудио-бейне шеберханалар, мемлекеттік, коммерциялық теледидар арналарында кәсіби немесе әуесқойлық аудио-, бейнетүсірі-лімдер жолымен орындалған аудио-, бейнежазбалар; дербес компьютерлер жадында, дискеттерде сақталған, сондай-ақ «Ин-тернет» жүйесі беттерінде ұсынылған мәтіндік файддар, олар-дың басып шығарылғандары; ауызша немесе жазбаша тіл құрал-дары — хаттар, сәз сөйлеу, аудио-, бейнежазбалармен орындал-ған нақты адамға жеке хабарлама; нақгы даулы ситуацияда та-раптардың қарсылығын тудыратын жеке сәйлем құрылымдары немесе сездері; сараптама тақырыбына жататын өзге де іс мате-риалдары..








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет