Успенка селолық округі



Дата23.02.2016
өлшемі26 Kb.
#5645
Успенка селолық округі
Успенка селолық округінің аймағы 37713кв.м 5 елді мекенді құрайды;

Успенка-623 адам, Қоскөл-76 адам, Рощино-201 адам, Сулышоқ-167 адам, Уваково-114 адам.

Округта 43 жеке меншік құрылымдары бар.Олар ЖШС «Бәйшілік-Ел», «Агрокомплекс-Сулышоқ», «Сев-Злак», 27 ШҚ, және 13 ФШ.

2010 жылы отырғызылған дәнді-дақылдар көлемі 14245 га.Ауа райының қиындығына қарамастан біздің округтің ауыл шаруашылық құрылымдары жақсы астық орып алды. Орылған астықтың орташа өнемі гектарынан 13,1 центнер құрайды.ШҚ басшылары 78-ден астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етті.

Біздің селолардыңтұрмысын жақсарту жөніндегі сұрақтар шешілуде,және барлық өткізіліп жатқан қоғамдық шаралармен мерекелерге қолдау көрсетілуде. Село халықтары негізінен өз шарушылықтарының көмегімен өмір сүруде.Халықтардан сүт өнімін жеке кәсіпкер «Пальчик» сатып алуда.

Үй шаруашылығында артық шығарылатын мал өнімдерін Булаев және Петропавл аудандық және облыстық жәрмеңкеге апарып сатылады.

Жолдардың жанына ор қазу жұмыстары ШҚ басшыларының көмегімен жүргізілді.Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету орталық магистралдық жүйедегі су құбырымен қамтамасыз етіледі.Рощино селосында халықтар құдықпен пайдаланады.

Округта білім жүйесіне 4 жалпы білім беретін мектептер кіреді. Бір орта мектеп Успенка селосында, 2 орталау мектеп Рощино, Сулышоқ селоларында, 1 бастауыш мектеп Уваково селосында.Мектептер кадрлармен жасақталған, телефондандырылған, компьютер техникаларымен қамтамасыз етілген және интернет жүйесіне қосылған.

Жыл сайын ТҰТ көрсеткіштері жақсаруда, орташа балл 85,9 құрайды.Жазғы мерзімде біздің округтің оқушылары «Березка» сауықтыру жазғы лагерінде дем алады.

Жыл сайын оқу нысаналарын жаңа оқу жылына дайындауға қаржы бөлінеді.Жеңіл- желпі жөндеуге ізбес, цемент бояулар беріледі.Кітапхананың қоры жаңартылуда.Биыл Успенка орта мектебінде сомасы 9 млн 200 мт күрделі жөндеу жүргізілді, мектепте жаңа мультимедиялық кабинет сатып алынды сомасы 5 млн.400 м.т .

Селолық округ аумағында 4 фельдшерлік пункт қызмет істейді. Барлық дәрігерлік мекемелер кадрлармен жасақталған.Селолық округінің халықтарына арнайы көмек көрсету үшін ауданның орталық ауруханасынан ай-сайын дәрігерлер келіп тұрады.

Селолық округ аумағында 2 дүкен, киоск бар,2 кітапхана бар, Сулышоқ және Успенка селосында, АТС, пошта байланысы бар.

Селолық округтің аймағында 1181 адам тұрады, оның ішінде еңбек жасындағы экономикалық белсенді халық-808 адам,зейнеткерлер саны-199 адам,және жәрдемақы алушылар Ұ.О.соғысының ардагерлері-1 адам, мүгедектері-1 адам, мүгедек балалар-1.

2010 жылы мекен жай әлеуметтік жәрдемақыны-10 отбасы 37 бала,

М.Б.Ж : 77 отбасы -155 бала сомасы -1957,2 жалданған жұмыскерлер -308 адам, оның ішінде-ауыл шаруашылығында-80 адам, мекемелермен өнеркәсіптерде-162 адам, өз шараушылығымен айналысушылар-492 адам.

Жұмыссыздар-12 адам,оның ішінде-3 адам биржада тұр еңбекпен қамтылған-78 адам, оның ішінде 45 адам тұрақты жұмыс орындарында.

Қоғамдық жұмыста -5 адам, төленген сомасы 75 мың теңге.Мақсаттық топтан 25 еңбекпен қамтылды,оның ішінде 18 адам тұрақты жұмыс орнына.

Қайырымдылық көмек-сомасы 575 м.т



2010 жылы селолық округі әкімдерінің есеп беру кездесулерінде 13 ұсыныстар мен ескертулер айтылды, бұлардың бәрі бір жыл ішінде шешілді.Қазіргі күні шешілмеген бір сұрақ:

Успенка селолық округінің мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу. Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жүргізу 2011 жылға жоспарланып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет