«ustaz tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет16/87
Дата02.02.2024
өлшемі2.25 Mb.
#490644
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   87
Химия 2-тоқсан 10-сынып ЖМБ

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.

Мұғалім: Жүйедегі ретсіздік деңгейінің өлшемі «энтропия» деп аталады, ендеше сабағымыздың тақырыбы энтропия жайлы болмақ). Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен таныстырады, проблемалық сұрақтар қою арқылы (Өздігінен жүретін (спонтанды), өздігінен жүрмейтін (спонтанды емес) процесстерді қалай анықтауға болады? Энтропия деген не? Химиялық реакциялардың, қоршаған ортаның және жалпы энтропияның өзгерісін қалай есептейді? Ол не үшін керек?)



Оқушылар дәптерлеріне күн мен сабақ тақырыбын жазып алады. оқушылар сабақта күтілетін нәтижелерді атайды

Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».

10 сынып оқулық

Өздігінен жүретін (спонтанды) және өздігінен жүрмейтін (спонтанды емес) процесстерге мысалдар келтіріп, оларды анықтау
Мұғалім өздігінен жүретін және өздігінен жүре алмайтын құбылыстар бар екендігі жайлы айтып, оқушылардан мысалдар келтірулерін сұрайды (оқушылардың жауаптары). Презентация слайды бойынша кері байланыс жасау (Өздігінен жүретін процесстер (спонтанды) – сыртқы күштің әсерінсіз жүретін үрдістер. Өздігінен жүрмейтін процесстер (спонтанды емес) – қандай да бір сыртқы күштің әсерінен, яғни сыртқы энергияның жұмсалуымен жүретін үрдістер).
Мұғалім сұрақ қояды: Процесстің спонтанды болатын/болмайтындығын қалай анықтауға болады?

Оқушылар ақпаратпен танысады, процесстердің өздігінен жүруі тек энергия, жылуға тәуелді емес, энтропиялық факторды ескеру керектігі жайлы қорытынды жасайды

Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».

10 сынып оқулық
Жұмыс дәптері

Жұптық жұмыс
6 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет