«ustaz tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі



бет31/87
Дата02.02.2024
өлшемі2.25 Mb.
#490644
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87
Химия 2-тоқсан 10-сынып ЖМБ

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқушылар дәптерлеріне күн мен сабақ тақырыбын жазып алады. Оқушылар сабақта күтілетін нәтижелерді айтады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
18 мин.

Оқушылардың өткен сабақтағы алған білімдерін еске түсіріп, бүгінгі тақырыпқа байланысты алғашқы білімдерін анықтау мақсатында әр оқушыға тест сұрақтары үлестіріледі. Бүгінгі күннің тақырыбы мен оқу мақсаты және сол оқу мақсатын меңгеру үшін жасалатын іс-әрекеттер таныстырылып, талқыланады.


Кәсіби сөздердермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».

ДК экраны
10-сынып оқулығы.



Жеке жұмыс
8 мин

Тест
1.Бір фазадан тұратын жүйе:
А) гетерогенді В) жанасу беті
С) гомогенді Д) лимиттеуші саты
2.Келтірілген формулалардың қайсысы масса әрекеттесу заңының математикалық өрнегі:
А) V=1/C.В) V=∆C/t
С) V=k[A]m·[B]n Д) C=1/V
3.Вант – Гофф формуласының математикалық өрнегі?
A) V=1/CB) V=k[A]m·[B]n
С)Д)
4. Әртүрліфазадантұратынжүйе:
А) гетерогенді В) жанасу беті
С) гомогенді Д) лимиттеуші саты
5. Гомогенді реакцияға мысал келтір:
А) С(қ) + О2(г) ↔ СО2(г) В) 2NО(г) + О2(г) ↔ 2NО2(г)
С) 4Fe(қ) + 3О2(г)→2Fe2O3 Д) 4Al(қ) + О2(г) ↔ 2Al2O3
6. Әрекеттесуші және түзілетін заттар бірдей агрегаттық күйде болатын реакция:
А) гетерогенді В) қайтымды
С) гомогенді Д) қайтымсыз
7. Әрекеттесуші және түзілетін заттар әртүрлі агрегаттық күйде болатын реакция:
А) гетерогенді В) қайтымды
С) гомогенді Д) қайтымсыз
8. Гетерогенді реакцияға мысал келтір:
А) Н2(г) + I2(г)→2НI(г) В) 2NО(г) + О2(г) ↔ 2NО2(г)
С)4Fe(қ) + 3О2(г)→2Fe2O3Д) 2СО(г) + О2(г) ↔ 2СО2(г)



Берілген тапсырма бойынша тест тапсырмасын орындайды. Өзіндік ойын тұжырымдайды сұрақтарға жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет