Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С



бет2/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Оку курал 2021 январь

ISBN 9965-19-083-6
Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына мемлекеттік тілді оқып үйренуге арналған.

Қазақ тілін үйретудің студенттердің тілді жоғары оқу орнында қазақ тілі пәнін оқып үйренгені, тілдік жүйе жайлы түсініктерінің қалыптасқаны ескеріліп, оны ары қарай толықтыруға мүмкіндік береді. Бакалавр бөлімінде студент мемлекеттік тілді ғылыми деңгейде қолдана алатындай білім дәрежесіне жетуі қажет.


«Мемлекеттік тілді оқыту» кафедрасы мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды.

(Хаттама №6 18.01. 2021 ж. )
Филология факультетінің әдістемелік комиссиясының мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды.

(Хаттама №6 26.01. 2021ж. )


М.О.Әуезов атындағы ОҚУ Әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды.

( Хаттама № __.__.2021 ж. )


Алғы сөз
Оқу құралы ғылыми мәтіндер, ғылыми мақалалар, қысқаша сипаттамалар, ақпараттық мәтіндер, ғылыми саладағы сөйлеу әрекетінің түрлері мен формаларына (монологтық сөйлеу, диалогтық сөйлеу) арналып дайындалған. Студент тілді өз мамандығы аясында қолдана алатындай білім дәрежесіне жетуі қажет. Оқу құралының мазмұны мен тапсырмалар жүйесі, шығармашылық тапсырмалар – бәрі де студентті тіл байлығын дамытуға бағытталған және де грамматикалық материалдармен қатар қазақша сауатты жазу дағдылары да қарастырылған.

Оқу құралында лексикалық минимум мен соған сәйкес граматикалық материалдарды меңгерту нәтижесінде мәтінді толық игеруге мүмкіндік жасалған. Мәтінді оқуға қажетті лексика нақты таңдалып алынған. Таңдалынып алынған лексикалық минимум мен соған сәйкес граматикалық материалдарды толық меңгеру нәтижесінде мәтінді түсінуге қол жеткізуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет