1 апта
Адам және руханият
Грамматиалық тақырып: Күрделі сөздердің жазылуы, тыныс белгілері
Лексикалық тақырып: Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер. Жалпыазаматтық құндылықтар. Адамның жеке тұлғалық әлеуеті.
Күрделі сөздердің жазылуы, тыныс белгілері
1.Біріккен сөздер — екі түбірдің бірігуі арқылы жасалатын күрделі сөздер.
Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
а) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн;
ә) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алөкпе (ала+өкпе), алауыз(ала+ +ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайнаға (қайын+аға), т.б.
Кейбір Біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған. Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+ +іні), білезік (білек+жүзік).
Біріккен сөздердің өзіне тән графикалық ерекшелігі бірігіп жазылу не дефис арқылы жазылады. Біріккен сөздер негізінен, сөз тіркесінен туатындықтан, олардың құрама бөліктерінің өзіне тән тіркесу тәсілдері бар:
салалас тіркескен Біріккен сөздер (компоненттері тең дәрежеде): біртұтас, желмая, қолхат, жолсерік, өнеркәсіп, ақсары, т.б.);
сабақтаса тіркескен Біріккен сөздер (компоненттерінің арасында басыңқы, бағыныңқы қатынас, көбінесе, анықтауыштың не толықтауыштың қатынасы болады): алабұға,қолөнер, жиһанкез, қоғамтану, алжапқы, жанашыр, т.б.
Екі компоненттің бірігуі арқылы пайда болған Біріккен сөздерді сөзжасамның бір тәсілі деп қарауға болады. Олар әр түрлі мағына береді:
адам, зат, өсімдік, жануар, ұғым атауы. Мысалы, бой+жеткен, қол+жазба, қой+бүлдірген, ақ+құман, алты+атар, алты+бақан, т.б.
экспрессивті ауыспалы мағына. Мысалы, ақ+жүрек, ақ+ +көңіл, ақ+сүйек, ала+ауыз, алып+сатар, арам+тер, ашық+ауыз, бақ+құмар, басы+байлы, бет+ашар, қаңғы+бас, т.б.
2.Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарламажәне қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Сөздерді қосарланып немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір долы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адам-зат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.(Абай) Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай дегендер - қос сөздер, олар жаңа мағына білдіріп тұр: жан - жануар - бүкіл айналадағы, табиғаттағы жанды заттар; ата - анадай ең жақынтуғандар ата мен анадай деген мағынада, яғни шынайы мейірімділік деген мәнде қолданылады.
Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |