Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С



бет101/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   135
Оку курал 2021 январь

4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Тіл туралы сіз не айтар едіңіз?

«Өнер алды – қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады» деген мақалдар бар. Бұл халқымыздың тіл құдіретін танып әрі өте ардақтағанын көрсетеді. Халық қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлеудің нарқына және қай жерде қалай сөйлеуге айрықша мән берген. «Таяқ еттен – сөз сүйектен өтеді», «Жанды – жаралайтын да сөз, емдейтін де – сөз», «Жақсы сөз – жан азығы», «Жақсы лебіз – жарым ырыс», «Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес», «Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар» деген сияқты мақалдар сөйлей білудің орасан зор маңызын танытады.

Сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, түп-тұқияннан бері жасалып, қорланып келе жатқан ақыл-ой жәдігерлігі, әсемдік қазынасы.

Әрине, сөйлей білу – үлкен өнер. Ол арымай-талмай шешендік сырын зерттеуді, жаттығуды, мол білімді, ой өрісі мен қиял кеңістігін қажет етеді.

Жақсы сөз айта білу – мәдениеттілік.
5-тапсырма. Берілген қанатты сөздердегі сызықшаны тиісті орнына қойып, көшіріп жазыңыз.

Аузына келгенін айту наданның ісі,

Алдына келгенін жеу хайуанның ісі (Ә.Науайы)

Инабатты адам ибалы адам.

Адам бола білу ең қиын мамандық (Х.Марти)

Тәрбиелі тәртіптің құлы,

Тәртіпті елдің ұлы (Б.Момышұлы)

Жасанды кішіпейілділік жақсы қасиет емес (Абай)

Білімді болу деген сөздің мағынасы белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым (Әл-Фараби)

Білім адам баласының ортақ қазынасы (Ж.Баласағұни)

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту (Б.Момышұлы)

Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз (Ғ.Мүсірепов)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет