Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С


ОСӨЖ тапсырмасы: Мәтін тақырыбына сәйкес мәліметтер қарастыру/монолог құрастыру



бет19/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   135
Оку курал 2021 январь

ОСӨЖ тапсырмасы: Мәтін тақырыбына сәйкес мәліметтер қарастыру/монолог құрастыру

2-апта
Тәрбие – тал бесіктен.


Коммуникативтік-ақпараттық және ақпараттық-сипаттамалық ниеттер. Сөздің, сөз тіркесі мен фразалардың, жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің айтылу ырғағындағы, интонациясындағы, екпініндегі табиғи заңдылықтар.
Отанның отбасынан басталатынын ескерген дана халқымыз отбасы тәрбиесіне көп көңіл бөліп, ұлы өссе – ұяттымен, қызы өссе – қылықтымен көрші болған. Әсіресе, қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу екенін ұғынып, оны «қырық үйден» тыя білген. Содан келіп, қазақ қызы ибалы, инабатты, иманды болған.

Бала тәрбиесіне әке де, ана да бірдей жауапты. Ер мен әйел бір-бірі үшін де, балалары үшін де жауапты болып табылады. «Әке көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер» деген аталы сөз ұлға – әкенің, қызға – ананың берер тәрбиесінің маңызды екендігін ұғындыратындай.

Баланы жамандықтан қайырып, жақсылыққа баулу, оған ілім-білім үйрету – ата-ананың басты міндеті. Жас шыбықты қалай баптасаң, солай өсетіні секілді, баланы теріс әдеттен аулақ қылып, қатесін уақытылы түзеп отырсаң, әдепті болып өсері анық. Ізгі ұрпақ тәрбиелегені үшін ата-анаға осы дүниеде де, ақыретте де үлкен құрмет, шексіз қошемет бар.

«Баланы жастан» емес, бесіктен, тіпті, ана құрсағынан бастап тәрбиелеуді атам қазақ ерте ұғынған. Әдетте, адам барлық нәрсені өмірге келген соң үйренеді, көреді, біледі, көңіліне түйеді. Алайда, сәбидің ана құрсағындағы тәрбиесі аса маңызды орын алмақ. Өйткені, бала ана құрсағында болғанда анасы не нәрсені көбірек үйренсе, көбірек білсе, кейін бала да сол нәрсені тез игереді екен. Яғни, «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кететінінің» дәлелі. Ендеше, ұрпақ тәрбиесін уысымыздан шығарып алмай, ұл-қызымыздың бойына ұлағатты сіңіріп өсіруді ұмытпайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет