Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С


-тапсырма. Тәрбие туралы нақыл сөздерді ауызша орыс тіліне аударыңыз



бет22/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   135
Оку курал 2021 январь

2-тапсырма. Тәрбие туралы нақыл сөздерді ауызша орыс тіліне аударыңыз.

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге.

Ж.Аймауытов

Қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп – отбасы. 

М.Арын

Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн. 

М.Жұмабаев

Тәрбие басы – тіл.

Ж.Аймауытов

Бала тәрбиесінде әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет.

П.Каптерев

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.

А.Макаренко


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет