4-тапсырма. Берілген сұхбатты жатқа айтыңыз.
- Қайырлы күн, мен сіздің банктен есеп ашқым келеді.
- Сәлеметсіз бе, тиісті қағаздарыңызды толтырыңыз да, маған келіңіз.
- Мен кейбір сұрақтарды анықтап алайын деп едім.
- Иә, айтыңыз.
- Салымның ең төменгі мөлшері қандай?
- Салымның ең төменгі мөлшері 50 мың теңге.
- Бір жылға қанша пайызға кепілдеме бересіздер?
- 25-30 %-ке дейін. Бұл салым көлемі мен сақталу мерзіміне байланысты. Одан басқа сіздің салымыңыз ай сайын бағаның өсуіне байланысты индекстеледі.
- Рақмет. Бұл маған тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |