Етістіктің болымсыз түрі. Бұйрық, талап ету, қалау, өтініш формасы.
Етістіктің болымсыз түрі - қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдеретін етістік. Қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның жүзеге аспауы, болмауы арнайы грамматикалы амал-тәсілдер арқылы беріледі. Ол етістіктің негізгі, туынды, күрделі түбірлеріне, етіс, күшейтпелі етістік тұлғапарына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады. Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық тұлғасы. Атап айтқанда, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің, -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -тін,- йтын,-йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес, кейде емен көмекші етістігі (құрамы: е көмекші етістікке -ме болымсыз етістік тұлғасы мен -с болымсыз есімшенің қосымшалары қосылған) тіркесіп жасалады.
Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттің тыңдаушыға (П-жақ) я бөгде біреуге (3-жақ) немесе өзіне (І-жақ) қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Сөйтіп, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.
Етістіктін бұйрық рай тұлғасы бұйрықтық мағынамен бірге талап, тілек ету, ниет мағыналарын да білдіреді. Әдетте бұйрықтық, талап ету мағынасы II және III жақтарда анық көрінеді де, I жақта ол көбіне ниет ету мәнінде келеді.
Етістіктің бұйрық рай түріне кейде -шы, -ші жұрнағы жалғанып та жұмсала береді. Ондайда бұйрық райлы етістік бұйрық, талап ету мағынасынан гөрі өтініш, тілек, жалыну мағынасын білдіреді. Мысалы: (мен) алайын — алайыншы, (сен) ал — алшы, (сіз) алыңыз — алыңызшы, (ол) алсын — алсын-шы. Сондай-ақ шартты райдың -са, -се тұлғасының II жағынан кейін жалғанған -шы, -ші жұрнағы да бұйрық, тілек, өтініш мағынасын білдіреді. Мысалы: (сен) барсаңшы, (сіз) барсаңызшы, (сендер) барсаңдаршы, (сіздер) барсаңыздаршы
Достарыңызбен бөлісу: |