Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С



бет90/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   135
Оку курал 2021 январь

“Қазақ” газеті


“Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Таралымы 3000, кейбір мәліметтерде 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы – әйгілі ғалым, жазушы қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы - “Азамат” серіктігі болған.

Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің негізгі мәселеріне, шаруашылық жайына жер мәселелеріне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, тарихқа арналған А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтың т.б. жазушы, қоғам қайраткерлерінің мақалалары жарияланып тұрған.

Кезінде басылым әскери цензураның қатаң бақылауында болған. Газет бетінде жарияланған әрбір мақаланы, хабарды барынша мұқият тексеріп отыруды, баспасөз заңын бұзса, редакторларын жауапқа тартуға, соттауға бұйырған баспасөз ісінің бас басқармасы граф?? Орал, Орынбор губернаторларына жазған құпия хаттары мұрағатта сақталған. Көптеген қиындықтарға қарамастан газет 1918 жылдың қыркүйек айына дейін үзбей шығып тұрған. Қазақ ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық көрген басылым жоқ.

Қазақ газетінде де жер мәселесі үздіксіз көтеріліп отырды 1905-1907 жылдардағы көтерілістен кейін патша үкіметі қазақтардың жерін тартып ала бастаған. Бұл туралы А.Байтұрсынов: “Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зары жер мәселесі. Бұл қазақтың тірі я өлі болу мәселесі” – деген.

“Қазақ” газеті де, “Айқап” журналы да, жер мәселесі туралы жазғанда ең алдымен халықтың жайын ойлады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет