Көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Болмысты әсерлеп, өрнектеп бейнелеу құралы, яғни "Әдебиеттің ең бірінші элементі" (М.Горький). Көркем сөз әдебиет негізін құрап отыратын мәңгілік мұра. Көркем сөздің кадірі мен құдіретіне арналған қазақ халқының талай даналық ойлары, мақалдары мен мәтелдері бар ("Өнер алды - қызыл тіл", "Сөз тапқанға қолқа жок", "Сөз тұземегенді тез түземейді", "Жүйелі сөз - киелі", т.б.). Ұлы ақын Абай: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы", "Кестенің бізі, өткірдің жүзі, Өрнегін сендей сала алмас" деп, Көркем сөз кұдіретін жоғары бағалаған. Акын-жазушылар асыл сөздің сол сиқырлы сырын ашып, әдеби шығармалардың коркемдігін арттырады, тіл байлығын молайтып отырады. Олар осы бейнелеу құралының дәлдігі мен айқындылығына, мөлдірлігі мен тереңдігіне, қарапайымдылығы мен өрнектілігіне ерекше көңіл бөлген. Қазақ тіліне "Көркем сөз" терминін А.Байтұрсынұлы енгізген. 20 ғасырдың 20- жылдарындағы шығармалар қазақ үлттық Көркем сөзінің алғашқы үлгілері ретінде қарастырылып жүр. Бұл кездегі С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Төреқұлов, М. Дулатов, С. Садуақасов, С. Қожанов, С. Мұқанов, т.б. қаламгерлер жазған Көркем сөз үлгілерінен замана тынысы, көзқарас кайшылығы, айтыс-тартыс бағыты айқын көрінеді. Көркем сөз жанрлары - кезеңдік жанрлар, яғни өз кезеңінің өзекжарды мәселелерін арқау ететін, ұрымтал, елгезек жанрлар.Еліктеуіш сөздерТабиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: Боз, күрең, жирен, ала, шұбар, Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап (Ж. Ж.). Ырғалып қарга қарқ етті, ірімшік жерге салп еттіт (А). Еліктеуіш сөздер қөмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: тырс етті, сарт етті, қыңк, етпеді, топ ете түсті, қор ете қалды, гүрс ете түсті, саңқ етті т. б. Еліктеуіш сөздер қайталанып, косарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір кызметте немесе жеке тұрып кимылдың амалын білдіреді. Мысалы: тарс-тұрс етті, дүңк-дүңк етті, ырс-ырс етеді, сарт-сұрт болды, шаң-шұң болды, арс-арс етеді, қорс-қорс етеді және қарш-қарш шайнайды, гүрс-гүрс шығады, бырт-бырт шайнайды, шарт-шұрт сынды, пыр-пыр ұйыктайды. Бейнелеуіш сөздер Бейнелеуіш сөздер — табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды (М. Ә.). Кенеттен шықкан дауысқа Ботагөз «е» деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады. (С. М.). Селк ете қалды кең далам, Селк ете қалды дау іші. (Ж. Ж.).Берілген мысалдағы жапыр-жұпыр сөзі бірнеше адамның (аттылардың) бірінен соң бірі рет сақтамай-ақ тез-тез сәлем беруін, кілт сөзі бірден, тез тоқтатуды, жалт шапшаң бұрылып карауды, селк сөзі бейғам даланың (тау ішінің) бірден шоши козғалуын білдіріп тұр.
Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет комекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: Жалп ете түсті, жалп қарады, қалт етті, ербең етті т. б. Бейнелеуіш сөздер кайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: маң-маң басты, жалт-жұлт етті, жылт-жылт етті, жарқ-жұрқ етті, далаң-далаң жүгірді, бүгжең-бүгжең жүрді, қызараң-қызараң, етті, қиқаң-қиқаң етті, ербең-ербең етті т. б.